Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет48/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130
Анау бала, мынау бала, қара бала, жылап отыр-
ған бала, су тасыған бала
деген мысалдарымызда 
бала
сөзінің
91


мағынасы нактыланып, белгілі бір балаға байланысып тұр (Кол- 
шанский 75, 68).
Сөздердін лексикалық мағыналарының күрамына талдау жа- 
сағанымызда барлық сөздің мағына кұрамынан (тіпті өте кон- 
кретті зат есімдердің арасынан да) денотаттык, сигнификаттык 
мағына сыңарларын табу кейде оңай болмайтындығына көз жет- 
кіздік. Абстракты зат есімдерде 
(әруақ, жын, қүдай
т. б.) дено­
таттык қатынасты білдіретін мағыналық компонент болмаса, жал- 
қы есімдерде сигнификаттык мағыналык компонент болмайды 
деген пікірлердің бар екендігін ескерсек те жоғарыдағы мысалы- 
мызға дәлел бола алады. Сондыктан да кей ғалымдар дерексіз 
зат есімдердің ішінде (мысалы, 
қатынас, байланыс, ар, ұждан,
ой
т. б.) тікелей үғымды білдіретіндері бар, олардың денотаттык 
мағына компоненттері объектив дүниедегі заттардың бейнесі бол­
майды, керісінше, үғым негізінде қалыптаскан дерексізденген 
заттар, қүбылыстар арасындағы катынастар, байланыстар бола- 
ды дейді. Біздіңше, сөз мағынасын ұғыммен тең деушілердің көп- 
шілігі өз пікірлерін жоғарыдағы тезис арқылы дәлелдеуге әрекет 
етеді (Солнцев 74, 6—7) *. Бірақ бұл жолмен мәселенін, басын 
ашуға болмайды. Біріншіден, объектив дүниемен, бізден тыс жат- 
кан заттармен, кұбылыстармен байланыспаған, оның субъектиа 
бейнесіне негізделінбеген лексикалык мағына да болады ма деген 
сұрауға жауап беру керек. Екіншіден, сөз мағынасы тек субъектив 
характерге ие болса, объектив негіз, денотаттык мағына компо­
нент! болмаса, адамдар сөз мағынасын бірдей түсінбеген болар 
еді. Демек сөйлескен екі адам әр сөзге өздерінше мағына беріп, 
өздерінше түсінген болар еді. Бірак бұл шындык емес. Үшіншіден, 
ойдың да негізінде объектив дүниедегі заттар, болмыс жатпай- 
ды ма?
1955 жылдың өзінде-ак проф. А. И.Смирницкий орыс тіліндегі 
русалка, домовой, фавн
сиякты сөздерге байланысты мынадай 
пікір айткан болатын. «Бұрын айтқанымыздай бұл жерде накты- 
лы бір зат туралы пікір жок. Сондай-ак жаңа ғана сөз болғандай, 
акикат болмыстағы заттардың бейнесі де жок. Соған карамай 
русалка, домовой, фавн, марсианец,
т. б. сөздерде жеткілікті дә* 
режедегі нактылы мағына бар» (Смирницкий 55, 84) *. Егер бұл 
пікірді сөздің мағыналык компоненттерімен салыстыратын бол- 
сак, онда 
русалка, домовой
сиякты сөздердің мағынасының күра- 
мында денотаттык мағына компоненті жок, бірак толык лексика­
лык мағынасы бар деген ұғым туады. Демек денотаттык мағына 
элементі жок, сигнификаттык мағына элементтерінен кұралған 
лексикалык мағына да бола алады. Шындығында да солай ма? 
А. А. Уфимцева А. И. Смирницкийдің көрсеткен мысалдарына 
жиырма жыл өткеннен сон кайта оралады да, олардын денотаты 
нөлге тек деп ескертеді. Кез келген тілде нөлдік денотатка ие 
болған танбалар (знаки) бар, яғни білдіретін объектісі реалды 
болмаған нактылык (зат), бұл өмірде жок заттар, өзінше ойша 
кұрастырылған, нактылы өмірде оған ешнәрсе сәйкес келмейтін
92


қиялдағы объект дей отырып, орыс тіліндегі 
кентавр, бог, русалка,
черт
сияқты сөздермен салыстырады (Уфимцева 74, 46—47) * 
Әрине бұл саналыгі өтілген қасиеттер мен түсініктерге ие болғаи 
ұғым атаулары күнделікті өмірде толық және монолитті түрде 
кездеспейді. Бұл типтес сөздердің (олар дүниедегі барлық тілдер- 
де кездеееді) өмірге келуіне түрлі жағдайлардың себепші бола- 
тындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, себебі философ ғалым- 
дардың еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты дәлелденген. Деген- 
мен де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет