Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет49/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130
су перісі, шайтан, жезтырнақ
сияқты заттар өмірде кезде- 
седі. Салыстырыңыз: С. И. Ожеговтың сөздігінде 
русалка
сөзіне: 
«В народных поверьях и сказках: существо в образе обнаженный 
женщины с длинными распущенными волосами и рыбьим хвостом, 
живущее в воде»,— деп анықтама берген (Ожегов 73, 634) *. Ал 
шайтан
сөзіне: «В старинных суеверных представлениях — злой 
дух, сверхестественное существо, олицетворяющее злое начало 
(в образе человека с рогами, копытами и хвостом»,— деп түсінік- 
теме берген (Ожегов 73, 810). Русалканың бейнесін шашы жал- 
быраған жалаңаш әйелге балықтың құйрығын механикалық түр- 
де жалғастыру негізінде жасаған. Сана-сезімі төмен басқышта 
болған адамдар дүниедегі жаман қылықтарды, зұлымдықтардың 
барлығын шайтанға теліп, оның бейнесін дүниеде кездесетін түр- 
лі заттар мен адамдардық қасиеттерінен жинақтап жасаған. Яғни 
шайтан
дегенде ешкінің мүйізіндей мүйізі бар, құлағы қалқиған, 
айыр тұяқты, шұбалаңқы құйрықты, түкті адам сияқты тік жүре- 
тін мақұлықты көз алдымызға келтіреміз. Шайтанды ертектерде 
солай бейнелейді. Мұндай сөздерде нақтылы, материалды денотат 
болмағанымен, түрлі заттардың қасиеттерінен жинақталынған, 
дерексізденген идеалды денотат бар.
В. 
И. Ленин Гегельдің «Логика ғылымы» деген еңбегінен кон­
спект жасай отырып: «Адамньщ санасы объектив дүниені тек бей- 
нелеп қана қоймайды, сонымен катар оны жасайды»,— деп жа- 
зады (Ленин 29, 202). Демек адам ойы объектив дүниені әрі 
бейнелейді, әрі сол бейнелеу негізінде жаңа нәрсе (адамның сезім 
мүшесіне 
түйсік 
туғызбайтын, ойша жасалынған) жасайды. 
Адам ойының творчестволық мәні де осында. Шындығында да 
адамдар өздерінің өмір тәжірибесіне, біліміне негізделе отырып, 
өзінің 
сезім 
мүшелеріне 
тікелей түйсік туғызбайтын, бірақ 
объектив өмір сүретін заттардың түрлі қатынастарын, белгіле- 
рін, заттар арасындағы 
түрлі қарым-қатынастарды, олардың 
заңдылықтарын анықтай алады. Мысалы, қалампырдың ащы зат 
екендігін жемей-ақ білеміз, себебі оның ащы екендігін бұрын 
бірнеше рет жеп көргенбіз. Сондықтан да өмір тәжірибемізге 
сүйене отырып, оны жемей-ақ ащы қасиеті барын білеміз. «...егер 
дүниені тану табиғаттағы дүниенің нақ өзіндей қалай болса со­
лай, табиғаттағы күйінде ағашты ағаш, тасты тас т. б. күйінде 
бейнелесе, онда үй, өндіріс құралдары қалай пайда болғаны түсі- 
ніксіз болған болар еді. Егер таным табиғаттағы заттарды өз 
күйінше нақтылы көшірмесін (копировка) беретін болса, адамның 
тіршілігіндегі өз қызметін атқара алмаған болар еді»,— деп жа-
93


зады (Копнин 74, 105) *. Егер адам ойының творчестволңқ қыз- 
меті болмаса абстракты зат есімдер де, сан есім мен етістіктер де 
болмаған болар еді; адамдар табиғат заңдылықтарын ашып, оны 
өз өміріне пайдалана алмаған болар еді. Бірақ адам ойынын. 
қызметі заттардың өзін де, заттар аралығындағы қарым-қатынас- 
тарды да жасай алады деу қате. Дерексіздену, абстракциялау 
дүние сырын жете білуге, адам ойының объектив дүниеге жақын- 
дай түсуіне жағдай жасайды. «Ойлау нақтылы нәрседен абстрак­
ты нәрсеге көтерілгенде — егер ол дұрыс ойлау болса, (ал Кантта, 
басқа философтардың бәрі сияқты, дұрыс ойлау туралы айта- 
ды) — ақиқаттан алшақтамайды, қайта оған жакын келеді. Ма- 
терияның, табиғат заңының абстракциясы, құн абстракциясы бәрі 
табиғатты тереңірек, дұрысырақ, толығырақ бейнеледі»,— деген 
еді В. И. Ленин (Ленин 29, 159).
Қез келген абстракция тақыр жерге құрылмайды, оның негі- 
зінде конкретті өмір, нақтылы зат не олардың бір қасиеті, не 
басқа заттармен карым-қатынасы жатады. Марксизм-ленинизм 
классиктері адамдардың таным процесінің дамуын деректіден де- 
рексізге, жалқыдан жалпыға қарай деп түсіндіреді (Горький 61, 
15) *. Тілдегі абстракцияны да осылай түсіну керек. Бірақ тілші- 
леріміздің кейбіреулері бұны басқаша түсіндіруге әрекет етеді. 
Мысалы, Н. Г. Комлев денотаттардың бірнеше түрі бар екендігін 
көрсете отырып, «Мынадай кей сөздердің мысалы ретінде айдың 
табиғи серігі (естественный спутник луны), ешқандай нақтылы 
заты, десигнаты жоқ, яғни олармен байланысты қолданылатын, 
олар көрсететін зат жоқ. Бұл атаулардың денотаты ретінде бос 
зат (пустой класс) алынады» дейді. (Қомлев 69, 87) *. Ең алды- 
мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет