нысты қойылмайды. Мысалы,
Ақмарал
деген атау тек ақ қыздар-
ға ғана қойылмастан, қара қыздарға да қойыла береді. Демек адам
дттарында баланыц қасиеттерімен
байланысып жататын, оның бір
белгісіи (түрін, түсін, көзіи, мұрнын, шашын т. б.) білдіріп тұратын
сема жок. Сол үшін де К. Маркс: «Я решительно ничего не знаю о
данном человеке, если знаю только: что его зовут Яковом»,— деген
пікірі өте дұрыс (Маркс 23, ПО) *. Адам аттары екінші атау бол-
ғандықтан да бірінші атаудың
(іиақалақтың, баланың)
орнына қол-
данылады. Осы каснетіне карай жалкы есімдерді К. А. Левковская
толық мағынадағы танба деп атаган (Левковская, 62, 182—183) *.
Адам аттары,
уақыт өтумен байланысты, өз атауы болган же-
ке адамның түрлі қасиеттерін өз бойына сіңдіріп лексикалық
мағынага ие бола бастайды. Тіпті жалқы есімдердің жалпы есім-
дер қатарына өтіп отыруы да мүмкін. Мысалы, қазақ ауыз әде-
биетінен хабары бар адамдар үшін
Алдар көсе
тек жеке адамдар-
дың ғана атауы емес, өтірікші алдаушы адам (жалпы есім),
Қо-
жанасыр
—
әрі бір адамның аты, әрі көңілінде кірі жоқ ақкөңіл
әпенді адамдарға байланысты қолданылатын сөз. Бұл типтес
жалпы халыққа танымал болған адамдардың аттарына сондай
мағыналық реңктердің қосылатындығы басқа халықтың тілінде
де байқалынады.
Жалқы есімдердің барлығы да бірдей семантикалық сипатқа
ие болмайтындығы да белгілі. Мысалы, жеке адамдарға берілген
атаулар жеке ат қоюшының тілегіне (кейде традициясына) бай
ланысты болса, жер-су атаулары ондай қасиетке ие болмайды.
Мысалы, қазақта бірнеше қыз туыла берілген үйде
кейде қыздың
атын
Қыздықой, Үлбала, Тоқтагүл
сияқты аттар қойылады. Яғни
ат қоюшының тілегі — қыз туылу тоқтатылсын, Қазақтарда да
(басқа халықтар сияқты) ат қою традициясы да бар. Мысалы,
туылғанда баланың тісі болса
Жандар, Бөрібай;
баланың туыл-
ғанда денесінде қызыл дақтар болса
Анар, Анаргүл, Анарбай;
сау-
сағы бесеуден артық болса
Артық, Артықбай\
денесінде қалы
болса
Қалдыбек, Қалдыгүл, Аққал, Қалдықыз
сияқты
аттар
қойылады. Ал топоним атаулар басқа принциптерге негізделінеді.
Мысалы,
Жайық
(Батыс Қазақстандағы бір өзен атауы) — жайы-
лып ағатын өзен;
Арқалық
(қала атауы) — теріскей, арт жақ;
Босқан
(өзен атауы) — үлкен өзен (Әбдірахманов 75; Қойшы-
баев 85) * сияқты атаулар атауы болган су не халықтар мекенде-
ген жердің бір белгісіне қарай қойылған. Бұл атаулар уақыт
өтуімен байланысты өздерінің ішкі формасынан қол үзіп,
оларды
ұмытады.
Қазіргі кездерде топоним атаулар мен ономастикалық атаулар-
дың заттарға берілу принциптері арасындағы айырмашылық аза-
йып барады. Егер ертеден келе жатқан жер, су атауларында өздері
атауы болган заттардың бір белгісіне негіз етсе, қазір ондай негіз-
деліну жок. Жергілікті не орталық Совет
мекемелерінің қаулысы-
мен бір кала не жер атаулары екінші бір атаумсн ауыстырыла са-
лынады. Мысалы, Ақмола — Целиноград, т. б.
7 - 2 Э 2 0
97
Зат есімдердің ішінде мағынасы жағынан күрделіеі де, кеп кол-
данылатыны да жалпы есімдері. Әрине жалпы есімдердің арасын-
да да мағынасы жағынан ауытқып бірде денотаттық мағынасына
ғана сүйеніп, бірде сигнификаттық мағынасына ғана сүйеніп кол-
данылатындары кездеседі. Кейде екі мағыналық компоненттің қо-
сындысы ретінде қолданылатын кездері де болады. Пікірімізге
мысал ретінде сөздердің метафоралық
және метонимиялық мағы-
нада қолданылуын көрсетуге болады. Сөздер ауыспалы мағынада
қолданылғанда, сөзсіз, оның денотаттык мағынасы да, сигнификат-
тык мағынасы да өзгереді. Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: