Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет53/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   130
Қырық балам бар еді,
Қырқы да бірдей нар еді
(Батырлар жыры). 
Айырдан туған жам-
поз бар
— 
Нарға жүгін салғызбас
(Махамбет). Махамбет өлеңін- 
дегі 
нар
тура мағынасында қолданылып, түйенің бір түрі (Жалғыз 
өркешті, асыл тұқымды түйенің бір түрі) ретінде қолданылып тұр- 
са, батырлар жырындағы (Алпамыс батыр) 
нар
түйе мағынасын- 
да емес, күшті, батыр мағынасында қолданылып тұр. Сондыктан 
да 
түйе
мағынасында қолданьілғанда денотатпен сигнификаттық 
мағыналық элементпен, күшті, батыр мағынасында қолданылған 
денотат пен сигнификаттық мағына элементтерімен тең түспейді.
Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына сөздердің кате- 
гориялдық мағыналарымен де байланысып жатады. Себебі кате- 
гориялды мағына да мағынаны жалпылайды да объектив дүниедегі 
заттармен, қүбылыстармен байланысып жататындығы анық. Сөз- 
дерді белгілі бір сөз табына бөліп, қарастырғанымызда осы кате- 
гориялды мағынасын бір өлшем етіп аламыз. Яғни зат есімдерге 
заттың, табиғи құбылыстардың атын білдіретін сөздерді енгізсек, 
сын есімдерге заттың сынын, түсін т. б. қасиеттерін білдіретін сөз- 
дерді енгіземіз. Ал етістік деп аталынатын сөз табына заттыц амал- 
әрекетін, козғалысы мен қалпын білдіретін сөздер енеді. Әрбір сөз 
табы тек категориялды мағынасымен ғана емес, денотаттык, сиг- 
нификаттық мағыналарымен де ерекшеленіп жатады. Демек зат 
есімнің мағына кұрамындағы денотат пен сигнификатты етістіктің 
мағына қүрамындағы денотат пен сигнификатпен, сондай-ақ сан 
есімнің мағынасындағы денотатпен, сигнификатпен салыстырып 
болмайды.
Тіл білімінде сөздерді түрлі қасиеттеріне карай топтастыру бар. 
Мысалы, қазақ тілі бойынша жазылған еңбектерде сөздерді лекси- 
калық мағынасына қарай, алдымен, атауыш (толық мағыналы) 
және көмекші сөздер деп бөлу бар. Ал атауыш сөздердін өздері де 
мағына жағынан бір ізді еместігі анық. Ертеден келе жатқан тра­
диция бойынша, атауыш сөздер есімдер және етістіктер деп екіге 
бөлінеді. Рас есімдер мен етістіктердін арасында тек лексикалық 
айырмашылык болып қалмастан, грамматикалық ерекшеліктер де 
бар. Сонымен бірге есім сөздер де лексикалық мағынасы жағынан 
бір ізді емес. Зат есімнін білдіретін мағынасы мен сын есімнін біл- 
діретін мағынасы тек емес. Ал етістіктер лексикалық мағынасы 
жағынан мүлде басқаша қасиетке ие. Соңғы кездерде сан есімдер- 
дін лексикалық мағынасы туралы да азды-көпті пікір айтылып, бас­
ка сөздермен айырмашылығы көрсетіліп жүр. Осындай ерекшелік-
98


тердің барлығын ескере отырып, A. А. Уфимцева атауыш сөздерді 
а) заттың атын білдіретін (предметный), ә) заттың түрлі белгісін, 
қасиетін (признаковый) білдіретін сөздер деп бөліп жүр. Бірінші 
топқа тек зат есімдерді ғана енгізсе, белгіні білдіретін сөздерге 
сын есім, сан есім, етістіктерді және үстеулерді енгізген (Уфимце­
ва 80, 36) *.
Заттың атын білдіретін сөздердің заттың сынын, белгісін білді- 
ретін сөздерден айырмашылығы сол— зат есімдерде денотаттық, 
сигнификаттық мағына компоненттер анық байқалынады да мағы- 
на солармен тікелей байланысады. Нақтылы денотаттық негіз жоқ 
делінетін абстракты зат есімдердің де идеалдық денотаты, гнесио- 
логиялық бейнесі нақты болады. Ал етістіктер мен сан есім, сын 
есімдерде олар мұндай нақтылылық қасиетке ие бола алмайды. 
«Етістіктер мен сын есімдерде болса, олардың денотаты, дұрысы- 
рағы сигнификаты, заттар, адамдар, тағы басқаларға тікелей бай- 
ланысты болады да белгіні білдіреді»,— дейді А. А. Уфимцева 
(Уфимцева 86, 94) *. Түркі тілдерінде де етістіктер ағылшын тіл- 
деріндегідей қасиетке ие. Сондықтан да кез келген етістік белгілі 
бір заттың не табиғи құбылыстың қалпын, қозғалысын, амал-әре- 
кетін білдіреді де зат есімдерге катысты болады. Ал, үстеулер бол­
са мезгіл, мекен, амалдың орындалу тәсілімен байланысты болады 
да етістіктерге мағына жағынан жақындығы байқалынады. Мыса- 
лы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет