Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет54/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130
Көиіенің сүлу табиғатына қатты қызығамын,
(Р. Тоқтаров). 
Мысалымыздағы 
қызығу
етістігі жеке тұрып-ақ мағына білдіретін- 
дігі анық, бірақ кімнің қызығатындығы, неге қызығатындығы анық 
болғанда ғана мағынасы толық болады. 
Көкше
— жер атауы, жал- 
қы есім, оның мағынасы басқа сөздерге байланыспай-ақ нақты бо- 
лып тұрады. Сондықтан да етістіктердің мағынасының бір шеті өзі 
тіркескен сөздермен (синтагмалық қатынасқа түскен сөздермен) 
де байланысты болады. Француз тілшісі Ш. Балли етістіктердің 
мағынасы туралы айта келіп: «Сонымен, процестер өздерінен бөлін* 
бейтін заттармен бірге қабылданады. Қалыпты біз қозғалыстың 
сөзсіз жалғасы деп қабылдаймыз... Бірақ сөзсіз етістік білдіретін 
ұғым өте түсініксіз не күрделі болады»,— деген болатын (Балли 
55, 52—53) *. Етістіктердің мағынасы жайылыңқы болатындығын 
В. В. Виноградов та ескерткен болатын.
Етістіктердің лексикалық мағынасының жайылыңқы болуы 
оның денотаттық, сигнификаттық мағыналарына да байланысты. 
Етістіктің денотаттық мағынасы дегенде заттардың қозғалысы, 
амал-әрекеті, қалпы көз алдымызға келеді. Ал қозғалыстың өзі бел- 
гілі бір уақытта, белгілі бір жерде болатындығы анык. Сонымен 
бірге амал-әрекетті орындаушы адам (субъект), орындау мақсаты 
толып жатқан қосымша элементтер де етістіктің мағынасын толык,- 
тырып тұрады. Мысалы, 
Шаңғышылар селоға кіргенде көз байла-
нып та қалған еді
(М. Сүндетов) деген мысалдағы 
кір
етістігінің 
мағына құрамында 1) қозғалыстың барлығы, 2) белгілі бір заттың 
(адамнын) қозғалысы, 3) жердегі қозғалысты, 4) бір шекарадан 
(селоның территориясынан) өткенді, 5) ішке енуді білдіретін ма- 
ғыналық бөлшек бар. Бұл саналынып өткен бөлшектер сөйлемдегі
99


сөздермен байланысып барып анықталады. Яғни кіру қимылы шаң- 
ғышылардың қозғалысы, шаңғымен қозғалу жерде болады, 
кіру
елді мекеннің (селоның) террнториясына енгендігін, қозғалыс ба- 
ғыты даладан селоның ішіне бағытталғандығын 
кір
етістігімен 
байланысқан сөздермен (село, шаңғышылар) байланысты анықта- 
лады. 
Кір
сөзі басқа сөздермен байланысып басқашалау мағына- 
лық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, 
1920 жылы комсомол ұйы-
мына кірдім
(Ш. Өтепов). Соңғы мысалымыздағы 
кір
сөзі қозға- 
лысты білдіріп тұрған жоқ.
Біз тіркес (кең мағынада контекст) сөз мағынасын жасайды 
немесе сөздің мағынасы тіркестерде жасалынады деген пікірге қо- 
сылмаймыз. Жоғарыда мысал ретінде келтірілген 
кір
етістігінің 
екінші бір мағынада қолданылуы олардың екі сөз ретінде бой көр- 
сетуімен емес, керісінше, олар бір сөздің екі лексико-семантикалық 
варианты. Бірінші мысалымыздағы 
кір
етістігімен тіркескен актант- 
тын, мекен мағынасы болғандықтан да оның шекара, қозғалыс се- 
малары лексикалық мағынасына негіз болады. Екінші мысалымыз- 
да болса, 
кір
етістігі тіркескен актант ұғым атауы, сондықтан да 
онда 
кір
сөзінің бір-ақ семасы — арасына ену, бірі болу бой көрсе- 
тіп тұр. Мұндай мағыналық өзгеріске ену белгілі бір қатынастағы 
мағынадағы басқа сөздерге де (сын есім мен үстеулерге) тән.
Етістіктердің сигнификаттық мағына компоненттері де, зат есім- 
нің сигнификаты сияқты жалпыланған, дерексізденген заттардың 
қозғалысына, қалпына негізделінген. Осы жалпылау ғана етістік- 
тердің мағынасын басқа сөздермен байланыстырып, сөйлем қүра- 
мына енгізеді. Етістіктер жеке тұрып, басқа сөздермен байланыс- 
пай-ақ сигнификаттық мағынаға ие болады, бірақ нақты болмайды. 
Етістіктердің көпшілігінің бойындағы полисемантикалық қасиетті 
осы сигнификаттық мағынаның кең, жайьілыңқы болуынан іздеу 
керек. Кей етістіктердің семантикасындағы мағыналық өзгерістер 
өте нәзік семантикалық талдауды талап етеді. Мысалы, қозғалыс 
етістіктерінің кейбіреулері бір тіркесте қарым-қатынас етістігіне, 
басқа тіркестерде ойлау етістіктерінің құрамында қолданылуы 
пікірімізге мысал бола алады. Салыстырыңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет