Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет59/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130
Осьіған мақулдасып, жігіттер аттарын ерттеп, қаруларын
сайлап айқасқа әзір түрған-ды
(А. Жұбанов). Сөйлемдегі жігіттер- 
дің неге келіскендігін анықтап тұрған сөз жоқ. Егер бүл үзіндіге 
алдында тұрған сөйлемді толық келтірсек, мағына түсінікті болған 
болар еді. 
«Үйде аштан өлгеніие, соғыста оқтан өлген артық
,— 
дес-
ті бас көтерер азаматтар. Осыған мақүлдасып
...» Үшіншіден, сілтеу 
есімдіктері анықтауыштық қызмет атқарып, орынбасарлық кызме- 
тінен қол үзеді. Жіктеу есімдіктерінде ондай қасиет жоқ. Бірақ 
олар арасында белгілі бір ұқсастықтьің барлығын естен шығаруға 
болмайды. Себебі жіктеу есімдіктері де, сілтеу есімдіктері де бел- 
гілі бір затты, уақытты т. б. нақты көрсетпестен меңзеп, сілтеп, ша- 
малап көрсетеді. Мысалы, 
Халықтікі дегенде сол сөзді тырнақша-
ның ішіне алып сөйлейтіндер бар
(Ш. Жиенқұлова). 
Казахстан
— 
көркемөнері қарыштап өскен ел, осы жолмен ілгерілеп өсе беруіне
еіикім шек келтірмейді
(Ш. Жиенқұлова).
Сілтеу есімдіктерінің ішінде айтушының не жұмысты орындау- 
шының кеңістіктегі орны мен уақытқа байланысына қарай мағына 
меңзейтін кездері де бар. Мысалы, ұзақтағы затты көрсету үшін 
сонау, анау
сөздерін қолдансақ, сол заттың жанына барып, жақын- 
дап 
мынау сөзін
қолданамыз. Сонда 
сонау, анау, мынау
сөздері 
бір затты көрсетіп тұр, айырмашылығы зат пен айтушы адамның 
ара қашықтығында ғана.
Есімдіктердің диектикалық мағынасы туралы айтылған пікір- 
лерімізді жинақтайтын болсақ, біріншіден, есімдіктер — зат есім, 
сын есім, етістіктердей атауыш сөз. Олар өздері жеке тұрып та 
денотаттық, сигнификаттық (тым болмағанда сигнификаттық) ма- 
ғынаға ие болады. Екіншіден, есімдіктерді зат есімнің, т. б. орнына 
қолданғанда олардың мағынасына (орнына қолданған сөздін) ие 
болмайды, соған сілтейді, меңзейді. Үшіншіден, есімдіктердің ма- 
ғынасы өте жайылыңқы, оның мағынасы сөйлемдегі не контекстегі 
ситуациямен байланысып отырады. Сондықтан да В. И. Ленин «Бұл 
кім? Адамдардың бәрі мен. 
Das Sinniche?
Б ұ л — дегеніміз жалпы 
нәрсе ets, ets. Бүл ма? Әркім дегеніміз — «Бул»,— деген болатын 
(Ленин 29, 266) *. Төртіншіден, заттардың касиетін анықтау, бас­
ка мағынаға меңзеу объективтік сипатқа ие болмайды, сөйлемдегі 
қатынасынан субъектіге байланысты анықталады. Бесіншіден, 
есімдіктерде денотат та, сигнификат та өзгермелі болады.
106


Э м о ц и я л ы қ м а ғ ы н а
Кез келген сөз тек денотаттық не сигнификаттық мағынадан 
ғана құралады немесе сөздер не денотаттық, не сигнификаттық 
мағынаны ғана білдіреді дейтін болсақ, сөздік құрамдағы біраз 
сөздердің мағына құрамына талдау жасай алмаған болар едік. Мы- 
салы, 
жексүрын, надан, топас, балақай, албасты
сияқты зат есім- 
дер мен сын есімдер: 
бытти, адыраңда, бажраңда, балпылда, отта,
тырбаңда
сияқты етістіктердің; 
әттеген-ай, қайран, ойбай, пәлі, бә-
се, бәтшағар
сияқты одағайлардың мағыналарында адамның көңіл- 
күйін білдіретін мағыналық реңк сөздің негізгі мағыналық ядросын 
жасап тұр. Бұлардың мағынасын объектив дүниедегі заттармен 
байланыстырып не сол заттар негізінен пайда болған ұғымдар ар- 
қылы анықтауға болмайды. Шындығында да адамзат айналасын- 
дағы дүниені не сол дүниеде болып жатқан құбылыстарды, олар- 
дың түрлі қасиеттерін тек сезім мүшелері арқылы қабылдап қана 
қоймайды, оған өздерінің көзқарастарын білдіріп, оны өзгертуге, 
өзіне қажетті жағдайға келтіруге әрекет ететіндігі, дүниені өзгер- 
туге актив қатынасатындығы анық. Сондықтан да дүниені танып 
білу тек сезім мүшелері арқылы олардың көшірмесін қабылдау деп 
түсіну дұрыс емес. Әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түй- 
сік арқылы қабылданған информация адам ойының, санасының 
елегінен өтіп жататындығы, оған белгілі баға да берілетіндігі де 
шындық. Көпшілік психологтар да эмоцияға анықтама бергенде 
осыны негіз етіп алады. «В действительности эмоции в качестве 
процесса есть не что иное, как деятельность оценивания поступаю­
щей в мозг информации о внешнем и внутреннем мире, которую 
ощущения и восприятия кодируют в форме его собственных обра­
зов»,— деп Б. И. Додонов анықтама берсе (Додонов 78, 29) *, 
П. Қ. Анохин «Эмоция (франц. emotion от лат. emovere — возбуж­
дать, волновать)— физические состояния организма, имеющие 
ярко выраженную субъективную окраску и охватывающие его виды 
и переживаний человека — от глубокотрамвирующих страданий до 
высоких форм радости и социального жизнеощущения»,— деп анық- 
тама берген (Анохин 84, 172) *. Осыған жақын анықтама психоло­
гия оқулықтары мен сөздіктерінде де кездеседі.
Егер адамзат айналасындағы дүниені, дүниеде болып жатқан 
құбылыстарды тек өз күйінде қабылдап, оған өз көзқарасын біл- 
дірмейтін болса, онда дүниедегі құбылыстарға баға бере алмаған 
болар еді; оның жинақтық бейнесін жасап, өмірде пайдалана алма- 
ған да болар еді. Адамзат табиғаты басқаны көрсетеді. Әр ұрпақ 
ез дәуірінде болып жатқан қоғамдық, табиғи құбылыстарды, өзге- 
рістерді өздерінше бағалап, кейінгі ұрпаққа беріп отырады. Егер 
откен дәуір тәжірибесі сұрыпталынбаса, қалай болса солай қабыл- 
дана беретін болса, есте сақталына берсе, онда адамзат тарихында 
даму да болмаған болар еді. Айталық, алғашқы дәуірде адамзат 
оттың пайдалы жагы мен зиянды жагын ажыратпаса, ошақ қазып, 
отты сақтау қажеттілігін білмеген, оны өз мүдделеріне пайдалан- 
баған болар еді; қазіргі адамдар оның тамақ пісіру, жер өртеуден
107


басқа қасиеттерін анықтамаған болар еді. Алғашкы адамдардың. 
өздері-ақ оттан өрт шығатындығын, оны үңгірде, ошақта сақтау 
қажеттілігін (археологтар алғашқы адамдар жасаған үңгірлерде 
от жағылғандығын, арнайы казылған ошақтар барлығын көрсет- 
кен), өрттің апат келтіретіндігін (яғни жағымсыз жағын), сонымен 
бірге оттың жылу беретіндігін, адамзаттың түрлі мүқтаждығын 
өтеуге пайдалануға болатындығын (яғни пайдалы жағын) ажыра- 
та білген.
Эмоция тек қабылдаумен ғана байланысты емес. Психологтар 
эмоционалды есте сақтаудың барлығын мойындайды (Общая 77, 
361) *. Тіпті кей жағдайларда э.моционалды есте сақтау есте сақ- 
таудың басқа түрлерінен жоғары тұратындығын да естен шығару- 
ға болмайды. Сол үшін адамдарды дүр сілкіндірген корқынышты 
кей бір уақиғалар сол адамдардың ойында өмір бойы қалып қоя- 
тындығы, тіпті кей адамдардың психологиялық калпының бұзы- 
луына себепші болатындығы сыр емес. Демек өмірді, адамзат айна- 
ласындағы дүниені танып білуде эмоцияның қызметі үлкен екендігі 
анық. Сондықтан да В. И. Ленин «Без человеческих эмоций» ни­
когда не бывало, нет и быть не может человеческого искания исти­
ны»,— деп айтқан болатын (Ленин 26, III) *. Міне, осы эмоция сөз 
мағынасына да өз ықпалын тигізіп, оның мағына құрамынан орын 
алады.
Эмоция мен экспрессияны мағына жағынан ажырату бар. Бүл 
психология пәні үшін қажетті болғанымен, бүлай бөлу тілшілер 
үшін принципиал характерге ие емес. Эмоция бар жерде экспрес- 
сияның болатындығы анық. Бірақ сөз мағынасынын қүрамындағы 
эмоционалды-экспрессивті мағыналық элементтердін бар не жок. 
екендігін анықтау үшін, эмоцняның табиғатын жете түсіну үшін 
эмоцияның пайда болу жолын, эмоцияны дүниеге алып келетін мо- 
тивтерді белгілеу үшін экспрессияның көмек беретіндігі анық. Жал- 
пы, эмоция қалай пайда болады, эмоция дүниені танып білудің бір 
жолы ма деген сұраудың туатындығы анық.
Эмоция субъектив, индивидуалдық сипатқа ие. Тіпті кейде се- 
зімтал адам деген тіркесті белгілі бір адамдарға байланысты кол- 
данып, оның айналадағы қүбылыстарға тез бейімделетіндігін, жау- 
ап беретіндігін ерекшелеп көрсетеміз. Ал екінші бір адамдарға 
байланысты кара дүрсін, дөрекі сиякты сөздер қолданылып, олар- 
дың тез сезіне қоймайтындығын, бір мойындығын, олақтығын баса 
көрсетеміз. Бүлай екі түрлі сезім туғызу өмір тәжірибесі негізінде 
адамдар арасында бслгіленген нормалар мен байланысты баға бе­
ру түсінігімен байланысты. Жаксы мен жаман, куаныш пен кайгы, 
күлкі мен жылау, карғыс пен алғыс, рахат пен азап, аіцы мен түщы 
сияқты түсініктер объектив дүниедегі заттар мен күбылыстардыц 
табиғатына салыстыра баға беруден туғандығы анық 
Сондыктан 
да эмоция субъектив қасиетке ие дейміз. Тіпті бір адамға жагымды
1 Кей тілшілер осы салыстыру негізінде қалыптаскан антоннмдес жұп сөз- 
дердің мағыналарын негізге ала отырып, олар бірінсіз мағына білдіре алмайды 
деген қорытындыға да келген. Ол туралы соңғы тараулардың бірінд» сө* 
болады.
108


еезімдік түйсік туғызатын зат не амал-әрекет екінші бір адамға, 
керіеінше, жаман сезім туғызуы мүмкін. Мәселен, рок музыканың 
жастар мен қарттарға тигізетін әсері мен бағасын мысалға алуға 
болады. Қазіргі күнде социологтардың зерттеулерінің көрсетуінше 
жастардың көпшілігіне рок музыкасы ұнаса, жасы ұлғайған адам- 
дардың рок музыкасын үната қоймайтындығы анықталды. Бұл 
жерде адамдардың жас мөлшері шешуші қызмет атқармайды, 
олардың өздері үйренген музыканы түсінуімен, дағдысымен байла- 
нысты жағдай бар. Эмоция, әрине, адамдардың психологиялық қал- 
пына, жас ерекшелігіне, білімі мен өмір тәжірибесіне, ұлттық ерек- 
шелігіне, дағдысына т. б. байланысып жатады.
Эмоция-экспрессивтік, негізінен, сөйлеу процесіне тән құбылыс. 
Кез келген сөйлемде сол айтылып жатқан хабарға айтушының көз- 
қарасын білдіретін элемент-модальділіктің болатындығы шындық. 
Ал тіл элементтерінің барлығында бірдей эмоционалдық-экспрес- 
сивтік мағына элементінің болуы шарт емес. Бұл сөздіқ негізгі 
қызметінен (зат не құбылыстардың атауы болу) туған жағдай. 
Бірақ кей сөздердің мағына құрамында адамдардың көңіл-күйін 
білдіретін мағыналық элементтердіқ барлығын жоққа шығарып 
болмайды. Фразалық тіркестер мен сөздердің келтірінді мағынада 
(қайта атау негізінде) қолданғанда сөздердің мағынасындағы эмо- 
ционалдық-экспрессивтік мағына анық байқалынады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет