риалдық қабығы — сөз аркылы беріледі. Сын есімдердегі баға,
сальістыру мағынасының пайда болуын тек осы жолмен ғана тү-
сіндіруге болады.
Кей тілшілер сын есімдер аркылы берілетін эмоционалдылық
пен
экспрессивтікті жоғары бағалап, оларда (сын есімдерде) дено-
таттык мағына жоқ деген корытынды да шығарған. Мысалы, сын
есімдердің семантпкасы мен грамматикалық қасиеттері туралы
арнайы зерттеу жұмысын жазған Е. М. Вольф «Сын есімдер зат-
тың қатынасын білдіретіндігі анық. Басқа сөзбен айтқанда олар
денотаттық, нақтылы референттік мағынаға ие болмайды»,— дей-
ді (Вольф 78, 3). Сын есімнің заттың сынын, түсін, түрлі касиет-
терін білдіретіндігі анық. Е. М. Вольф
осы қасиеттердің өздігінше
өмір сүрмейтіндігін, белгілі бір заңдылықтармен, құбылыстармен
байланысты болатындығын негізгі арқау етіп, сын есімдердегі де-
нотаттық мағынаны жоққа шығарады. Түстің, белгінің, сипаттыц
белгілі
бір заттармен, құбылыстармен байланысты болатындығы,
заттардың өзара қатынасы негізінде анықталатындығы да анық.
Сонымен бірге заттардың түрлі қасиеттері, түр-түстерінің объектив
қасиетке ие екендігін, кейбіреулерінің адамның сезім мүшеле-
ріне түйсік туғызатындығын да естен шығаруға болмайды. Мыса
лы, кез келген қазақ тілін түсінетін адам
көк
сөзінің мағынасы
заттардың түсі екендігін,
қара
мен
ақтан
өзгеше екендігін түсінді-
ріп бере алады (Қайдаров 86). Сондықтан да түр, түсті,
заттардың
түрлі формасын, көлемін, т. б. білдіретін сөздерде денотаттық
мағына жоқ деу дұрыс емес. Бірақ сын есімдердің барлығында да
денотаттық мағынаның бола бермейтіндігі шындық. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: