ды. Айналасындағы болып жаткан қоғамдық өзгерістерге, түрлі
қарым-қатынастарға баға бергенде осы қалыптаскан көзқарас
шешуші қызмет атқарады. Сондықтан да эмоция мен экспрессия
индивидуалдық сипатқа ие болғанымен
эмоциялық мағына сол
тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті, жалпы болады.
Интенсионал, экстенсионал терминдері логикадан тіл біліміне
өткен. Н. И. Кондаков интенсионалды мән, мағына (смысл) деп
көрсетеді де (Кондаков 75, 203) *, экстенсионалды көлем, аумак.
сөзінің баламасы ретінде түсіндіреді (Кондаков 75, 681). Тіл білі-
мінде болса, бұны ұғым мен денотаттык мағыналық элементтермен
салыстырады. Салыстырыңыз: Экстенсионал... тіл элементтерініқ
номинативтік жағы, тілдік контекстерде
сөздердің жеке адамдар-
ға байланысты болмайтын жағы (Ахманова 66, 524) *. деген тү-
сінік берілсе, экстенсионал мағынаға «сөйлеу кезінде белгілі бір
контексте білдірілетін мағына»,— деп О. С. Ахманова аныктама
береді (Ахманова 66, 164). Интенсионал терминіне «Сөздердің
не терминдердің мағынасын, сигнификатациясын жасайтын сипат
пен түрлі белгілер деп аныктама берген (Ахманова 66, 179). Ал
интенсионал мағына дегеніміз тіл элементі ретіндегі сөздердің
мағынасы деп анықтама берген (Ахманова 66, 162). Сөздіктерде
берілген анықтамалардың өздері-ак
интенсионал мен экстенсио-
налдың арасында айырмашылықтың барлығын көрсетеді. Ал тіл
білімінде тіл материалдары негізінде интенсионал мен экстенсио
налды зерттеген ғалымдар олардың айырмашылығын сәл басқа-
шалау түсіндіреді. Мысалы, С. Д. Кацнельсон сөз мағынасыныц
логикалық мазмұнын интенсионал деп атайды да, белгілі бір
заттардың тобын (класс предметов) ажыратып алуға негіз бола-
тын
қасиеттері деп есептейді
(Кацнельсон 72, 136) *. Осыған
жуық аныктаманы М. В. Никитин де берген. «Лексикалық мағына-
дағы интенсионал логикадағы ұғым (понятие) түсінігіне өте жа-
қын. Бұл белгілі бір денотаттардың барлығына сөзсіз қажетті
болатын семантикалық белгілсрдің жиынтығы» (Никитин 83, 24) *.
Олар экстенсионал терминіне Н. И. Кондаков берген аныктамамен
ғана шектелген. Демек интенсионал мен экстенсионал мағыналық
элементтер сөз мағынасына жат кұбылыс емес.
Бір ескеретін жағ-
дай сол — интенсионал да, экстенсионал да сөз мағынасындағы
денотаттык мағынаны жоқка шығармайды, керісінше, денотаттык
және адамдардың интеллектуалдык кызметі негізінде туатын ма-
ғына элементтерінің толык болуын камтамасыз етеді. Әрнне сөз
мағынасы айналамыздағы заттарды
тек атап кана коймайды, со-
нымен бірге бір заттыц екінші бір заттан ажыратып тұратын бел-
гілерін де көрсетеді. Айталык,
Достарыңызбен бөлісу: