Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет71/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130
ақсаусақ, төре, манап, мырза, сщсүйек
сөздері құрметтеу, жақсы көру мағынасында айтылса, қазіргі күн- 
де жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады. Сондай-ақ 
Совет үкіметінің алғашқы жылдарында 
белсенді
сөзі жағымды 
эмоцияны туғызған болса, қазір асыра сілтеуді білдіріп, жағымсыз 
эмоция туғызады.
Кез келген заттар мен құбылыстар, адамдар арасындағы түрлі 
қарым-қатынастардың барлығы бірдей эмоция туғыза бермейді. 
Эмоция туғызу үшін жеке адамның ынтасы, оларды танып-білудегі 
мақсаты да болу керек. Сондықтан да кей адамға эмоциялық ықпал 
еткен жағдайлар екінші бір адамға ондай сезім туғызбауы мүмкін. 
Бұл, әрине, адамның табиғи ерекшелігіне де, өмір сүрген ортасына 
да, көңіл-күйіне де, т. б. байланысты болады. Мысалы, көп бала- 
лы үйде жасайтын адамға үйдегі айқай-шу ешқандай эмоция ту- 
ғызбайды, оның оған көңіл бөлмеуі заңды, себебі ол оның дағдылы 
тіршілігі. Егер баласы жоқ, жеке жасайтын адамның үйінде ай- 
қай-шу шықса жағымсыз эмоция туғызатыны, жақтырмайтындығы 
анық. Сондықтан да қазақта «Диірменде туған тышқан айқайдан 
қорықпайды» деген мақал бар. Біздіңше, кез келген эмоцияның 
индивидуалдық негізі болса да ол қоғамдық, әлеуметтік сипатқа 
не болады, сол қоғам мүшелеріне түсінікті болады.
К- А. Левковская эмоциялық-экспрессивті сөздердің семанти- 
калық құрылымын көрсету үшін семантикалық үш бұрыштан пай- 
даланбастан ромбиктен пайдалануды ұсынып мынадай схема бер- 
ген. Схеманың көрсетуінше, дыбысталу мен ұғым аралығындағы 
эмоционалдық зона бар. Автор бұны арнайы көр- 
сетіп, эмоционалды-экспрессивті лексикалардың 
бір ерекшелігі деп белгілейді (Левковская 62,
162) *. Эмоционалды-экспрессивті лексикалардың 
мағыналарында ондай элементтердің барлығы 
анық, сондықтан оларды жеке топ ретінде бөліп 
алғанбыз. Бірақ барлық эмоционалды-экспрес- 
сивті сөздер К. А. Левковская көрсеткен схема- 
ға семантикалық құрылымы жағынан сәйкес ке- 
ле бермейді. Мысалы, 
малғүн, топас, кеще
сияқ- 
ты сөздердің мағынасының өзі эмоциядан ғана 
тұратын сөздер болғандықтан оларды семанти- 
калық кұрылымы жағынан екі қабаттан (эмо- 
ционалдық элемент пен ұғым) құралмайды.
Г. В. Қолшанский «Эмоциялық мағынаға ие бол- 
ған сөздердің мағынасын екі қабатты (ұғым — 
эмоция — мағына) деп көрсетуге негіз жоқ, себебі ондай сөздердің 
семантикасының өзі эмоциялық, адамның объектіге қарым-қаты- 
насын көрсететін сипатқа ие»,— деп жазады (Колшанский 67, 
197) *. Автор бұл пікірлерін екінші бір еңбегінде толықтырып:
123


«Егер тілдің мағыналық жағынан басқа, адамның санасына ыкпал 
жасамай тікелей эмоция мен сезімге эсер ететін жасырын күш бол- 
са, онда тілдің эмотивтік қызмет атқаратындығын логикалық жак- 
тан мойындау керек. Бірақ тілде бұндай екі жақтылық (дуализм) 
табиғатын жақтау ешқандай ғылыми фактімен дәлелденбеген. Бұл 
материалистік көзқарастағы ғылым мойындамайтын тіл мен сана- 
дағы рационалдық пен иррационалдықтың өзі ғана»,— дейді (Кзл- 
шанский 63, 9) *. Г. В. Колшанскийдің пікірлерінің кей жерлеріне 
қосылып, кей жерлеріне қарсы дау айтуға болады.
Шындығында да эмоционалды-экспрессивті сөздердің мағына- 
сы екі қабаттан тұрмайды ма? 
Малғүн, топас, меіикей, сүмырай,
жалқау, есуас
сияқты сөздердің лексикалық мағынасының өзі осы 
жалац эмоциядан тұратындығы анық. Сондықтан олардың мағы- 
насын Г. В. Колшанский айтқандай екі қабатка бөлуге негіз жоқ. 
Ал 
далбалақта, арсалаңда, пәлеқор, батырсымақ, қомағай
сиякты 
сөздер мен ауыспалы мағынада қолданылып эмоциялық мағына 
білдірген сөздерде әрі амал-әрекет не заттық мағына болумен бір- 
ге айтушының не жазушының көзқарасын, эмоциясын білдіретін 
мағыналық қабаттың барлығы анық. Сондыктан да К. А. Левков- 
скаянын схемасы соңғы топтағы сөздердін мағына құрылымына 
сәйкес келеді. Эмоциялық мағына да, бейнелік (отражательный) 
заттық мағына да түйсік арқылы адамныц сезім мүшесі қабылдап, 
сезімнің көмегімен сөз мағынасының құрамына енеді. Демек сезім 
арқылы қабылданған танымдық бейне сөз мағынасының денотат- 
тык мағынасын жасайды. Бұл деген сөз — адам санасының, ойы- 
ның қызметі арқылы адамға түйсік туғызбайтын заттардың түрлі 
қасиеттері де, өзара қарым-қатынастары да сөз мағынасының құ- 
рамына енеді деген сөз. Тікелей түйсік туғызбайтын белгілерді сөз 
мағынасына алып келетін сигнификат. В. И. Лениннің сөзімен 
айтканда: «Ддамның санасы объектив дүниені тек бейнелеп қана 
қоймайды, сонымен бірге оны жасайды» (Ленин 29, 202) *. Эмо- 
цияны да солай ойлау керек. Эмоция тікелей түйсіктерден тумайды, 
демек, эмоция танымдық бейнемен бірге пайда болмайды. Қабыл- 
данған информация дерексізденіп, өмір тәжірибесімен, жеке адам­
ныц мүддесі негізінде бағаланып барып, жагдайға байланысты 
эмоция пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет