мінбеген, Сексен мың екен маясы
(Батырлар жыры).
Албанның
сен байлығын білуші ме еқ, Бір аулың жүз қысырак, тай байлаған
ба?
(Айтыстар).
Жеті мың қой қорада шулап жатыр, Бес мың қү-
лын желіде тулап жатыр
(Айтыстар). Келтірілген мысалдарымыз-
да
мал
байлық ретінде, саны болса мөлшері ретінде беріліп тұр.
Демек
мал
байлық ретінде де түсінілген. Соңғы
мал
сөзінің
байлық, табыс мағынасында да қолданылуына жағдай жасаған.
Мысалы,
Маған бітсе осы мал, Жанымды неге қыстар ем
(Абай).
Малым— арымның садағасьі
(Мақал).
Синтагмалық мағына да парадигмалық мағына сияқты өздігі-
нен өмір сүреді, бірақ арнайы ғылыми талдау болмаса анық кө-
рінбейді. Тіпті айтушы да, тыңдаушы да, күнделікті дағды бойын-
ша, оның түп-төркініне қарамай қолдана береді. Дегенмен де
синтагмалык. мағына тіркеске түскен, сөздердің барлығында да бар,
кездеседі. Бірақ олардың мағынаның қалыптасуына, өзгеруіне
тигізетін ықпалы бірдей болмайтындығы анық. Мысалы үшін сөз-
153
дердің белгілі бір текст құрамында келіп, өзара байланысып ке-
луіндегі синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа да, сөздер-
дің мағынаға еніп контекстің көмегімен анықталынатын синтагма-
лык элемент екінші басқа қасиетке ие. Синтагмалық мағына
полисемантикалық сөздердің, сөздердің ауыспалы мағынада қол-
дануының, метафора мен метонимияның, табу мен эвфемизмнін,
сөз мағынасының тарылуы мен кеңеюінің, тұрақты тіркестер мен
контекстік қолданулар кезінде сөз мағынасының өзгеруімен бай-
ланысы барлығы анық.
Тіл элементтері аралығындағы системалық қатынастар
Сөз мағынасы мен лексиканы системалық құбылыс деп тану-
дың арасында байланыс бар. Егер сөз семантикасымен байланыс-
ты айтылған пікірлерге шолу жасайтын болсақ, Ф. де Соссюрден
кейін өмір сүрген көрнекті тілшілеріміздің біразы сөз мағынасын
анықтауда системаға белгілі дәрежеде орын береді. Мысалы, көр-
некті совет тілшісі акад. В. В. Виноградов «Сөздің ішкі бірлігі
олардың тек фонетикалық және грамматикалық тұтастығымен
ғана анықталынбайды, олардың мағыналық семантикасының бір-
лігімен де белгіленеді, ол өз жолымен, тілдің жалпы семантикалық
системасының заңдылығымен анықталады»,— деп жазған болатын
(Виноградов 72, 17) *. Ал, структуралды тіл білімінің өкілдерінің
көпшілігі парадигмалық, синтагмалық қатынастан тыс (яғни тіл-
дік системадан тыс) сөздер мағынаға ие болмайды деген пікірді
уағыздайды (Лайонз 78, 90) *. Сондықтан да сөз мағынасының
табиғатын толық түсіну үшін тілдік системаның табиғатын түсін-
ген, анықтаған жөн.
Үстіміздегі ғасырдың 30—50 жылдарынан бастап ғылымда
босын, техникада болсын системалы зерттеу, мәселеге системалы
қарау керек деген түсінік кең кұлаш жая бастады. Нәтижеде ғы-
лымда система, структура, мүше
(элемент)
сияқты түсініктер
пайда болып, барлық пәндердің құрамына ене бастады. Бұдан XX
ғасырдың 30-жылдарына дейін ғылымда системалы зерттеу бол-
маған екен деген түсінік тумауы керек. Біздіңше, кез келген пән
белгілі бір объектінің заңдылығын тексеретін болса, системалы
зерттеулердің нәтижесінде ғана белгілі бір табысқа қолы жетуі
мүмкін. Системасыз зерттеудің нәтижесі де онша бай бола алмай-
ды. Сондықтан да Ч. Дарвиннін, И. М. Сечновтың, И. В. Павлов-
тың, К. Маркс пен Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің еңбектерінде
системалы зерттеулер жоқ деп кім айта алады? Д. И. Менделеев,
Л. И. Лобачевский, Ч. Дарвин, И. М. Сечнов, И. В. Павловтар
табиғи пәндердің, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Лениннің қоғамдық
пәндердін системалы заңдылықтарын ашқандығын, олардың эле-
менттерінің системалық табиғатын ашқандығын, структурасына
ғылыми талдау жасағандығын тек айтып қоя салу жеткіліксіз.
Олар ашқан жол, көрсетіп берген қатынастар өздерінен кейінгі
системалы зерттеулерге методологиялық негіз болатындығы, бо-
154
лып жүргендігі құпия емес. Бірақ олардың пәнге қосқан үлесі,
зерттеу методтарының ролін анықтау өз алдына баска мақсаттағы
зерттеу жұмысын талап етеді. Дегенмен де аттары аталған даныш-
паи ғалымдарымыз система, структура туралы арнайы зерттеу
жұмыстарын жасамаған, белгілі бір пәннің системасын, структу
р а м и аныктауды максат та етпеген.
Тіл біліміндегі жағдайды да жалпы пәннің даму дәрежесінен
бөліп алуға болмайды. Саналы не санасыз (интуитивно) түрде
болсын тіл элементтерінің белгілі бір заңдылыктар бойынша бай-
ланысып жататындығын, оларды сол байланыстар аркылы білуге,
топтастыруға болатындығын ғалымдар ерте кездің өзінде-ак айт-
қан болатын. Мысалы, көне үнді тіл білімдерінің өкілдері (біздің
эрамызға дейінгі V ғасырда)
сөздерді 4 түрлі сөз таптарына
(имя, глагол, предлог, частицы) бөлген болса, Аристотель (біздің
эрамызға дейінгі IV ғасыр) өзінің «Поэтикасында» үш сөз тобы
(имя, глагол, союз) бар деп көрсетеді. Ал Пор-Рояль (общая и
грациональная грамматика) грамматикасының екінші бөлімінің
24-тарауы тек морфологиялық элементтерді талдауға арналған.
Демек олар сөздерді ұксас белгілеріне карай топтастырып, ара-
ларындағы байланыстарды аныктай алған. Салыстырыңыз: Ари
стотель өзінің «Поэтикасында» «Имя есть звук сложный, знача
щий, без (признака) время и такой, части по себя незначащи (в
самом деле, даже в составных словах мы не пользуемся (частя
ми их) как самостоятельно значащими: в (именем) Федор (слов)
«дор» (то есть дор), значение не имеет)». «Глагол есть звук слож
ный значащий, с (признаком) времени и такой, части которого
сами по себе незначащий, как и в именах» (Аристотель 83, 668) *.
Демек Аристотель есімдер мен етістіктерді ажыраткан. Оларды
ажыратудағы негізгі критерий уакытты білдіру, білдірмеу болып
саналады. Уакытты білдірген сөздер, осы ортак белгісіне карай,
бір топқа (етістіктерге) енсе, ал егер білдірмесе екінші топқа
(есімдерге) енетін болған. Біздің кезге қаншалыкты жакындаған
сайын ғалымдарымыз аныктаған фонетикалык, семантикалық,
грамматикалык категорияларының саны нактыланып (бастапқы
кезден көбейіп), олардың ара катынасын, байланысын дәлелдеу
айкындала түскен. Тек карапайым карым-катынастар ашылып
қоймастан, күрделі байланыстар да аныкталынған. Бұл айтыл-
ғандардан тіл элементтері арасындағы барлык қатынастар бірдей
аныкталған екен деген корытынды шығаруға болмайды. Тіпті тіл
элементтерінің барлық катарындағы катынастардың бірдей бол-
майтындығы, олардың өзіндік ішкі заңдылыктарының барлығы
күні бүгінге дейін аныкталған деуге толык негіз жок. Сондай-ақ
барлык катарлардың элементтері арасындағы байланыстар да бір
ізді, бір дәрежеде зерттелінген емес. Мысалы, фонетика мен грам-
матиканың элементтері аныкталып, олардың арасындағы каты-
насты зерттеу ерте кезден басталынса, лексиканың элементтерін
анықтап, олардың ара қатынасын аныктау, зерттеу (бүтін бір си
стема ретінде), не соларды белгілеуге әрекет ету үстіміздегі ғасыр-
дың жиырмасыншы- отызыншы жылдарының үлесіне тиеді. Бұған
155
лексиканың ішкі қатынастары, заңдылықтары да себепші болғаи
сияқты.
Біріншіден, фонетика мен грамматиканың элементтерінің саны
аз, олар арасындағы байланыстарды санап көрсетуге болады. Ал
лексиканың элементтерінің саны көп, сан-санақсыз. Тіпті қазіргі
күнге дейін қазақ (не өзбек, орыс, татар, т. б.) тілінде нақты
қанша сөз қолданылады, олардың қаншасы актив, қаншасы пас
сив лексиканың қатарына енеді, қолданылып жүрген лексикалык
элементтердің қаншасы диалектілік сипатқа ие деген сияқты то-
лып жатқан сұрауларға жауап бере алмаймыз. Екіншіден, фоне
тика мен грамматиканың элементтері арасындағы байланыстар
бір жақты болғанымен сараланып, ашылып жатады, оларды топ-
тастырып алуға негіз болатын белгілер ашық көрініп тұрады. Мы-
салы, дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп бөлгенде ауыз
қуысында фонациялық ауаның кедергіге ұшырау, ұшырамауы;
дауысты дыбыстардың ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік
деп бөлінуінде негіз етіп алынатын белгілер анық көрініп тұрады.
Ал лексиканың элементтері арасындағы байланыстар жоғарыда-
ғыдай ашық, айқын көрініп жатпайды. Тіпті сөздерді (лексикалык
системаның элементі ретінде) қай белгісіне қарай топтастыруға
болады деген сұрауға дәл жауап берудің өзі де қиын. Сөздердің
этимологиялық төркіні жағынан, стилистнкалық қолданылу ерек-
шелігі жағынан, парадигмалық,
синтагмалық байланыстары
жағынан, ішкі формасы жағынан т. б. топтастыруға болады. Бірақ
олардың барлығы да зерттеуші адамның өзіне тікелей байланыс-
ты, қай белгіні негіз етіп алуына қарай, интуитив қасиетке ие бол
тан критерийлермен өзгертіп те отырады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |