Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет93/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130
ат
— тірі зат, 
автомобиль
— дөңге- 
лектердің көмегімен қозғалатын көлік, 
самолет
— ауада ұшатын 
көлік, 
пароход
— суда қозғалатын көлік, т. б. Бұлардың басын қо- 
сып бір системаның аясына ендіріп тұрған көліктік қасиет. Бұл 
топқа басқа да заттарды (мотоцикл, велосипед, арба, т. б.) да 
қосуға болады.
Материалды системаға қарама-қарсы идеалды система тұра- 
ды. Идеалды система деп адам ойындағы элементтердің (ұғым, тү- 
сінік, пайымдау) өзара қарым-қатынасқа түскен, белгілі бір бай- 
ланыстағы бүтін бір жиынтығын айтамыз. Сондықтан да идеалды 
система ойдың, ұғымдардың, тіпті ғылыми абстракцияның систе- 
масы болып саналады. Материалды системадан бұның айырма- 
шылығы сол —■
идеалды системаның элементтері өздігінен мағы- 
наға, мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ олар арасындағы байла­
ныс (структура) та нақтылық негізде болмастан, жалпылау 
нәтижесінде туған байланыс болып саналады. В. М. Солнцев сон- 
дықтан да «Идеалдықтың материалдықтан айырмашылығы—олар 
сырткы дүниенің бейнелену формасы ретінде өмір сүреді де дер­
бес өмір сүру қасиеті болмайды»,— деген болатын (Солнцев 77, 
18). Демек материалдық система мен идеалды системаның ара 
қатынасын таным теориясымен ғана байланыстыруға болады. Осы 
негізде ғана идеалды системаның элементтері белгілі бір мағына-
159


ға ие болады, ал идеалдық система болса белгілі бір заттар не 
объектив дүние туралы информацияға ие болады.
Қазіргі кездегі структурализм ағымының кей өкілдерінін кол- 
данып жүрген 
анықтамасы — «Тіл — таңбалар жүйесі. Тілдік 
таңба екі жақты, бірақ оның екі жағы да психикалық кұбылыс» 
деген теорияның идеалистік негізінің өзі осы материалдық систе­
ма мен идеалдық системалардың ара қатынасын дұрыс түсінбеген- 
діктен, олардың біреуін мойындамағандықтан туып отыр. Егер 
структурализмнің бұл пікірін дұрыс дейтін болсак, онда бұл екі 
системаның арасында байланыс бар деген пікірден бас тартқан 
боламыз. Біздіңше, ондай байланыс бар, бірақ бұл екеуі тең, бірі 
екіншісінің көшірмесі деуге болмайды. Идеалды система мате- 
риалдық системаға өте жақын, дәл келерліктей ұқсас бола алады, 
бірақ нақ өзі емес. Бұндай дәл келмеудің сырын объектив дүние- 
нің ішкі, біз танымаған, сыры, көп қырлы қасиеті мен таным тео- 
риясының заңдылығы және ойлау процесінің ерекшелігінен ізде- 
ген дұрыс.
Материалдық система мен идеалды снстеманың екінші ерекше- 
лігі сол — бірінші система екіншіге тәуелді емес, идеалды систе­
ма болса адамға тәуелді. Ол адамдардың таным теориясына негіз- 
делінеді де адам миында болады. Олардың өмір сүру, қалыптасу 
формасы тіл болады. Сондықтан да идеалдық система белгілі 
дәрежеде өзінің қасиеттерін тіл элементтеріне береді. Тілдік си­
стема идеалдық системаның қалыптастырушысы қызметін аткара- 
ды. Тілдік системанын. материалдық системамен де, идеалдық 
системамен де әрі байланысы бар, әрі айырмашылығы бар. Негізгі 
байланысы идеалдық система да, тілдік система да материалдық 
системаны өздерінде сәулелендіреді; материалдық системамен 
сәйкес келетіндей бейнесін жасауы керек. Айырмашылығы сол — 
жоғарыда аты аталынған үш системаның үшеуі де бір-бірімен 
ешқашан да жүз процент сәйкес келіп, тен түспейді. Идеалды қ 
система да, тілдік система да өз заңдылықтарына негізделе оты- 
рып материалдық системаны сәулелендіреді.
Материалдық система да, тілдік система да адамдардың сана- 
сынан тыс, тәуелсіз өмір сүреді, объектив сипатка ие. Бірақ олар- 
дың да айырмашылығы бар. Материалдық системаның элементте- 
рі өзінен-өзі тұрып-ақ белгілі бір мәнге (значимость) ие болса, 
тілдік система элементтері өздігінен тұрып мағынаға ие бола 
алмайды. Тілдік системаның элементтері мағынамен, мағына арқы- 
лы ұғыммен байланысып қолданылады да, сол мағынанын (ннфор- 
мацияның) өмір сүру, екінші біреуге жеткізу формасы болып сана- 
лады. Сондықтан да материалдық система ешнәрсеге тәуелсіз 
болады. Оның осы касиеті материалдықсистеманыңбірінші мате- 
риалдық система деп аталуына негіз болып жүр. Тілдік система 
элементтері болса, таңбалық касиетке ие болады да, материалдық 
системамен, объектив өмірмен тікелей байланыспағандыгы үшіп 
алдыцғымен тенесе алмайды. Бұл тілдік системаны кей ғалымда- 
рымыздың екінші материалдык система деп атауына негіз болып 
жур. Екінші ерекшелігі— тілдік система тек адамдар арасында,
160


солардың қызметі негізінде ғана өмір сүреді. Сондықтан да олар- 
дың қызмсті де, өмірде атқаратын функциясы да өзгейіе.
Материалдық система объектив өмірдегі заттардың өмір сүру 
формасының бірі болып есептелінсе, тілдік система таңбасының 
бірі болып есептелінсе, тілдік система танбалардың өмір сүру 
формасы емес. Тілдік система — адамдардың қатынас жасау мұқ- 
таждығын қанағаттандыру негізінде ғана туған система. Сондық- 
тан да тілдік система бірнеше функция (қызмет) атқарады. Бірін- 
шіден, тілдік система белгілі бір информацияны білдіреді де қа- 
тынас құралының қызметін атқарады. Екіншіден, идеалдық 
системаның материалдық формасы болып саналады. Тілдік систе- 
манын элементтері бір мағынаны екінші мағынадан ажырату үшін 
де қолданылады. Сондықтан да тілдік система элементтерін екі 
жақты қаснетке ие (таңба және мағынаға ие) деп атаған жөн. 
Материалдық системаның элементтері де, идеалдық системаның 
элементтері де бір жақты ғана қасиетке ие.
Системальіқ зерттеулердің ішіндегі ең қиыны — система эле- 
менттері арасындағы байланысты, қарым-қатынастарды белгілеп 
тұратын заңдылықтарды анықтау. Еқ алдымен, жоғарыда аты 
аталынған үш системаның элементтерінің байланыстары да тең 
түсіп жатпайтынын айту керек. Бұл тең түспеудің негізін әр систе- 
маның өзіндік ерекшелігі мен ішкі зақдылықтары арқылы түсінді- 
руге болады. Екінші сөзбен айтқанымызда, материалдық система 
адам пайымында сәулелендіргенде тек көшірмесін беріп қана қой- 
майды. Адам ойының творчестволық қызметі арқасында тікелей 
система ретінде, оның структуралы байланысы ретінде байқалын- 
байтын қасиеттері де анықталады. Нәтижеде идеалды системада 
материалды системаның біршама толық схемасы пайда болады. 
Бірақ ойлау процесінің өз заңдылығы, таным процесінің өз заң- 
дылығы бар екендігін еске алатын болсақ, онда таным мен ойлау 
процестері идеалдык системаға өз үлестерін қосатындығы анық. 
Яғни идеалдық система элементтері дерексізденген, жалпыланған, 
өзінін материалдық негізінен айырылған. Демек материалдық си­
стема элементтерініц байланысы табиғи байланыс, ал идеалдық 
система элементтерініц байланысы табиғи байланысқа жуықтаған, 
сәйкес келетін бейне мен адамдардың ойлау процесі негізінде жа- 
салынған жалпылану, дерексізденуден құралатын байланыс. Сон- 
дықтан да көпшілік ғалымдар система құрамында элемент терми- 
німен бірге субстанция терминін де қолданады (Общее 70, 119; 
Солнцев 77, 32—49) *.
Тілдік система элементтерініц байланысы, структурасы мате- 
рналдық системадан да, идеалдық системадан да басқашалау. 
Жоғарыда тіл элементтері екі жақты (мағына мен формадан) қа- 
снетке ие деген болатынбыз. Осының тек мағына жағының құры- 
лымы, оның элементтерінің 
байланысы идеалық системаның 
элементтерінің байланысымен (структурасымен) біршама сәйкес 
келеді. Ал оның формалық жағы мүлде басқа заңдылыққа бағы- 
нады. Бұл тіпті семиотикалық таңбалардың элементтерінің байла- 
нысынан өзгешелеу. Тілдік системаның бір ізді болуын, әр тілде
И - 2 9 2 0
161


әр түрлі болуын сол тілдің ұзақ жылдар бойына қалыптаскан тіл- 
дік нормасы белгілеп те отырады. Демек тілдік системанын кур- 
дел! болатын орны да бар. Сондықтан да тілдік системанын струк- 
турасы арнайы тоқталуды талап етеді.
Тілдік система, кейбіреулердің пікірінше Ф. де Соссюрден бас- 
талған десе де оның кейбір қағидалары Ф. де Соссюрден бұрынғы 
ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Дегенмен Ф. де Соссюр — 
тіл элементтерін таңба деп танып, тіл дегеніміз таңбалар система- 
сы деген пікірді дәйекті қорғаған адам. Ф. де Соссюрдың танбалар 
системасында өзіндік мақсат, өзіне тән талдаулар да жоқ емес. 
Қазіргі күнде тіл элементтерін танба деп танушылар да, тілді си­
стема деп танушылар да кездеседі. Кей ғылыми еңбектерде «тіл — 
системалар системасы» деген анықтамаларды да кездестіруге бо- 
лады. Ал, кей ғалымдар тілді система деуге карсы да шығады. 
Мысалы, В. А. Звегинцев «Тілдің өмір сүру формасында даму жат- 
қандықтан, тілге система деп анықтама беру жеткіліксіз, ...Тілдің 
негізгі табиғатын анықтау үшін оған система арқылы анықтама 
беру сыңаржақтық, сенімсіз, толық болмайды»,— деген болатын 
(Звегинцев 62, 64) *.
Тіл системалы құбылыс дегенде біз тіл элементтері өзара бел- 
гілі бір заңдылықтар негізінде байланысады да үлкен бір түтас 
категория ретінде өмір сүреді деген пікірдеміз. Басқа системалар 
сияқты тіл системалары да бірнеше элементтерден (сөздерден, сөз 
тіркестерінен, фонемалардан, морфемалардан, т. б.) құралады. 
Тілдік системанын элементтері де басқа системалардың элемент- 
тері сияқты өзара белгілі бір байланыста болады (бір жақты не 
екі жақты, салаласқан не сабақтасқан, бір текті не сатылы, т. б.). 
Тілдік структура бір тұтас категория ретінде өздерінің жеке эле- 
менттеріне байланысты болса, элементтері де сол тұтас категория- 
ға байланысты болады. Демек тілдік системанын құрылысында 
баска системалар да бар (материалды. идеалды системалар да) ка- 
тегориялардын барлығы да бар. Бірақ тілдік системанын басқа 
системалардан айырмашылыгы да жоқ емес.
Материалдық система да, идеалдық система да өзінің объек- 
тісімен тікелей байланысатын, сол объектінің ішкі, сыртқы қасиет- 
терімен сыбайласып жататын система. Тілдік система — система­
лар системасы. Тілдік системанын соңғы қасиетін скі түрлі түсіну 
керек. Біріншіден, тіл элементтері (сөздер, морфемалар, сөз тір- 
кестері) тек дыбыстардан ғана кұралмайды, оның магыналық 
(идеалды) жағы да бар. Материалдыіқ және идеалдық системалар- 
мен байланысып, сәйкес келетін тіл системасының элементтері де 
осы мағыналық жагы. Ал оның екінші жағы — өмір сүру форма- 
сы, материалдық жағы басқа системалармен байланыспайды. 
Оның өзі де материя, тек өзінің ішкі жағы болып саналатын мағы- 
• намен гана байланысады. Басқа системалардың элементтері ара- 
сындағы байланыстан айырмашылығы — тіл элементтерінің екі 
жағы өзара шартты байланысқа ие. Бұл жағынан Ф. де Соссюрдің 
таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы байланыс жоқ, 
еркін дегеніне сәйкес келеді, бірақ біз байланыс бар екендігін,
162


оның шартты байланыс екендігін баса көрсетеміз. Демек тілдік 
система элементтеріндегі бірінші системалық қаснет мағынасында 
болса, екінші системалық қасиет элемент формаларының байланы- 
сы (сөз бен сөздін байланысы, түбір мен қосымшалар арасында- 
ғы, дыбыстар арасындағы, т. б.) негізінде болады.
Тілдік системалардың элементтері арасындағы байланыс бас­
ка системалар элементтерінің арасындағы байланыстармен сәйкес 
келмейді, басқа зандылықтарға бағынады. Жалпы әр системаның 
құрылымы түрліше, өзгеше болатындығы анық. Жоғарыда біз де 
түрлі системалар арасында байланыс бар дегенде, сәйкес келеді 
дегенде олардың бірі екіншісіне тең дәрежеде болады деген пікір- 
ден аулақ болатынбыз.' Сөздердің сөйлем құрамында қолданылып 
басқа сөздермен байланысуын, септік, көптік, тәуелдік, т. б. жал- 
ғауларын, есімше, көсемше, т. б. жұрнақтарды қабылдауын, түбір 
мен қосымшалар арасындағы буын, дыбыс үндестіктерін гнесио- 
логиялық заңдылықтармен дәлелдеуге болмайды. Тілдік норма 
тіл элементтерінің өзара қарым-қатынасын бағдарлап тұрады.
Екіншіден, тілдің эр катары (фонетика, лексика, грамматика) 
өз ішінде екі жакты системаға ие болады. Бір ескертетін жағдай 
сол — тіл системасының әр катарының системалық құрылымы 
бір-біріне ұксамайды. Ең алдымен тілдік системаның басын бірік- 
тіріп тұратын фонема, лексема, морфема, синтагма сиякты үлкен- 
үлкен «элементтерді» ажыратып көрсету керек. Бұл элементтің 
арасында сатылай болса да байланыс бар. Екінші сөзбен айткан- 
да, фонема морфемалардың кұрылымдык элементтері, ал морфе­
ма болса сөздердің ең кіші мағыналық бөлшегі, сөз болса сөз тір- 
кесінің бір элементі, т. б. Аты аталынған элементтер тіл катарына 
сәйкес келетін түсінік. Салыстырыңыз: дыбыстар фонеманың, мор- 
фемалар морфологияның, сөздер лексиканың, сөз тіркестері син- 
таксистің зерттеу объектісі. Бұлар арасында байланыстар бар 
екендігі айтылып, санап көрсетіліп те жүр. Біздіңше бұлар әлі де 
зерттеліне түсуі, араларындағы байланыстардың сырлары ашыла 
түсуі керек сияқты. Тіпті тіл системасының элементтерінің ара 
қатынасы, элементтерінің байланысу тәсілдері, түрлері толық 
ашылуы былай тұрсын, оларды зерттеу енді ғана басталынған де- 
сек жаңылыспаймыз. Сондықтан да Р. А. Будаговтьщ «Бұдан да 
киынырақ баска проблема бар: белгілі бір тілдің грамматикалық 
системасын жасайтын жеке грамматикалык парадигмалар немесе 
қарама-қарсы қойылатын формалар канша? Бұл мәселені софизм- 
нің кұмдар жиындысы туралы белгілі кағидасымен салыстыруға 
болады: қаиша кұм жиылып құм жиындысын жасайды? Немесе 
басқаша, канша кұм жетпесе кұм жиындысы жасалынбайды? Тіл 
тіпті баскаша жасалынған система болғанымен, элементтерінің 
жай жиындысы болмағанымен бұлай салыстыру мүмкін. Сөзсіз 
лексикалық системаны жасайтын элементтер грамматика мен фо- 
нетиканы система ретінде кұрастыратын элементтерден элде кай- 
да көп»,— деген пікірі шындықка бір табан жакын (Будагов 
71, 32) *.
163


Біздің пікірімізше, тілдік система көп қатпарлы, көп сатылы, 
әр текті байланыс негізінде жасалынатын сияқты. Тіл системала- 
рының элементтері де бір текті емес, әр қатардың өзіндік ішкі си- 
стемасы, өзіндік элементтері мен элементтерінің байланысу тәсіл- 
дері бар. Әр тіл қатарындағы системалардың элементтері өзара 
іштей байланысып қана қоймастан басқа тілдін қатар элементтері- 
мен де байланыса алады. Мысалы, септік жалғаулары морфоло- 
гияның элементтері болғанымен сөз бен сөзді байланыстырып син­
таксиста қызмет атқарады. Ал септік жалғауларының түбір сөзге 
косылып түрлі грамматикалык мағыналарды үстеуі, бір грамма- 
тикалық категорияның құрамында келіп, бір ізді түбір сөзге қо- 
сылуын ішкі байланыс (морфологиялық) деп көрсетуге болады. 
Бір ескерте кетерлік жағдай қатар ішіндегі система элементтерінің 
байланысы барлығында да бірдей бола беруі шарт емес, көп жағ- 
дайларда олар түрліше болады. Мысал ретінде есім сөздердің ара 
қатынасы мен етістіктердің ара қатынасын салыстыруға болады. 
Система мүшелерінің (элементтерінің ) байланысының түрліше 
болуын элементтерінің санымен байланыстыруға болмайды, эле- 
менттерінің табиғатымен байланыстыру керек. Етістіктер заттар- 
дың амал-әрекетін, қозғалысын, қалпын, қимылын, т. б. қасиетте- 
рін білдіргені үшін мезгіл, мекен мағынасымен тікелей байланысты 
болады, кеңістік пен уақыттан тыс қозғалыстың өзі де болмай­
ды. Соңғы жағдай етістіктерде шақ категориясының болуын та- 
лап етеді. Екінші талап (кеңістік) 
етістіктердін сөйлем ішінде 
келіп субъектілік, объектілік, т. б. қатынастарда қолданылуын 
қамтамасыз етеді (Уфимцева 74, 337) *. Зат есімдердің ондай қа- 
сиеттері жоқ. Олар сөйлемнің талабына карай түрлі формада ке- 
ліп, баска сөздермен байланысады да басыңкы сыңардың талабы­
на карай косымша кабылдайды.
Жалпы мағына, семантикалық мән — тілдік системаның (семио- 
тпкалык системалардың да) басын кұрастырушы бірден-бір эле­
мент. Мағынамен байланыспаған, тек формалар системасы — бос 
сөз. Тіл білімі тарихында ондай бағыттың болғандығы да шындык 
(Общее 72, 19) *. Тіпті мағынамен байланысы жок фонемалар да 
тек мағынамен байланысканда ғана белгілі бір системаның мүшесі 
бола алады. Мысалы, казак тілінін заңдылығы бойынша дауыссыз 
дыбыстар катаң, ұяң және үнді болып бөлінеді. Себебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет