ним де, антонимдік қатар да жасай алмайды. Бұл жердегі сөздер
бірін екіншісі талап етіп те тұрған жоқ,
бірақ әрқайсысының да
өзіндік мағынасы бар. Тіпті кей тематикалық топқа енетін сөздер
бір тілде болып, екінші тілде болмауы да мүмкін, не басқа мағы-
нада қолданылатын жағдайлары да кездеседі. Салыстырыңыз:
өзбек тілінде
хола, амаки, амма
сөздері туысқандық атаулары ре-
тінде қолданылады, бірақ қазақ тілінде ол сөздер қолданылмайды.
Ал
жиен
өзбек тілінде әрі
ағасының не інісінің балаларын, әрі қа-
рындасының не апасының балаларына байланысты қолданылса,
қазақ тілінде тек қыздың балаларына байланысты қолданылады.
Демек, сөздерді белгілі бір парадигмалық қатынаста деп лек-
сико-семантикалық топтың қатарына енгізгенде: біріншіден, сөз-
дердің дербестігін мойындаймыз, екіншіден,
сол семантикалық
топқа енетін сөздердің өзара байланысып жатқан семантикалық
белгілері болумен бірге, оларды жеке сөз етіп тұратын өзіндік
ерекше семантикалық элементтердің де барлығын мойындаймыз,
үшіншіден, лекснкадағы парадигмалық қатар сөздердің лексика-
лык мағынасына сүйенеді, төртіншіден,
сөздердің системадағы
қатынасы, байланысы мағынаны белгілемейді, керісінше, мағына
системадағы байланысты белгілейді.
Лексика элементтерін парадигмалық қатынастарына негіздеп
топтастыруда ең кең құлаш жайған әдіс — лексико-семантикалық
топтарға белу. Рас, тіл білімінде лексико-семантикалық топ тер-
минімен бірге тематикалық топ, семантикалық
өріс терминдері де
қолданылады. Тематикалық топ сөздердің тек парадигмалық қа-
тынасына негізделінбейді, олар әрі парадигмалық, әрі денотаттар-
дың арасындағы байланыстарға сүйенеді. Екінші сөзбен айтқанда,
тематикалық топтың көлемі парадигмалық қатардан да,
лексико-
семантикалық топтың көлемінен де кең болады. Қазіргі күнге дейін
дәстүр бойынша қалыптасқан әдіс бойынша тематикалық сөздік
жасаушылар етістіктерді де, зат есімдерді де бір тематикалык.
топтың құрамына енгізіп, топтап жүр. Ал лексико-семантикалық
топқа болса, лексикалық мағынасы жағыпан байланысқан бір сөз
табына енетін сөздер ғана топтастырылып жүр. Салыстырыңыз:
Орысша-болгарша тематнкалық сөздікте табиғат деп аталынатын
тематикалық
топқа
экватор, меридиан, градус, рельеф, ландшафт,
оазис
сияқты зат есімдермен бірге
Достарыңызбен бөлісу: