К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет102/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159
7.2.2.
 
АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШ 
ҚҦРЫЛҒЫСЫ
Асинхронды қозғалтқыштың қозғалыссыз бӛлігі – статордар және 
айналмалы бӛлігі – ротордан қҧралады. Статордың бӛліктеріне 
магнитӛткізгіш 
пен 
корпус 
болып 
табылады. 
Ӛзекше 
электртехникалық болаттың оқшауланған бетінен жиналған. 
Ішкі жағынан ӛзекшенің бос цилиндрі статорлық орама салынатын 
қималармен жабдықталған (7.5 а-сурет). Ораманы тҥзуші индуктивті 
катушкалардың саны ҥшке бӛлінгіштік сан болуы қажет (3, 
6
, 9, 12 
және т.б.). 
Ротор орамасының қҧрылымына байланысты қысқа тҧйықты және 
фазалық роторлары бар кҥштік асинхронды қозғалтқыштар кездеседі. 
Ротор, статордың ӛзекшесі секілді, электртехникалық болаттың 
беттерінен жиналған білікке бекітілген цилиндр тәрізді (7.5б-сурет). 
Кӛптеген жағдайларда ротор ӛзінің магнитӛткізгішінің сыртқы бетінде 
қималарда оқшауланбай орналасқан мыс немесе алюминдік 
сырықтардан тҧратын қысқа тҧйықты орамамен жабдықталады. 
Сырықтардың кесік шеттері дәл сол материалдан жасалған 
сақиналармен қысқа тҥрде тҧйықталады.
Қысқа тҧйықталған роторы бар ҥшфазалы асинхронды қозғалтқыш 
аса қарапайым, жҧмыста сенімді және арзан.
Кейде ротор оқшауланған желімен орындалған фазалық (катушкалық) 
орамамен (әдетте қуаттылығы ҥлкен қозғалтқыштар ҥшін) 
жабдықталады. Осы жағдайда ротордың білігінде біліктен 
оқшауланған ҥш металдық тҥйіспелі сақиналар бекітіледі (7.5 в-сурет). 
Ротордың орамасы статор орамасы секілді индуктивтілік катушка саны 
бірдей желімен оқшауланған ҥшфазалықтан жасап шығарылады. 
Ротордың ӛзіндегі фазалық орамдар жҧлдыз ретінде бірігеді. Ал 
олардың шеттері тҥйіспелі сақиналарға шығарылады. Сақиналарға 
қозғалыссыз қылшақ ҧстауыштарға орнатылған қылшақтар салынған. 
Сақиналар мен қылшақ арқылы фазалық орама іске қосушылық 
реостатта тҧйықталады.


7.5-сурет. Бӛлшектелінген тҥрдегі асинхронды қозғалтқыш: а — 
статор; б — қысқа тҧйықталған ротор; в — фазалық ротор; 1 — тҧғыр; 
2 — қалыпталған болат беттерден жасалған ӛзекше; 3 — орама; 4 — 
білік; 5 — тҥйіспелі сақиналар. Фазалық роторы бар қозғалтқыштар 
қысқа тҧйықталғандарға қарағанда кҥрделірек, қымбаттау және 
эксплуатациялау кезінде аса мықты емес, бірақ жақсы іске қосушылық 
және реттеушілік қасиеттерге ие болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет