Әлеуметтік пәндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата16.10.2023
өлшемі482,2 Kb.
#116454
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Семестрлік жұмыс

 
 


Семестрлік жұмыстардың тақырыптарына методикалық кеңестер 
 
Философия көзқарастың ең жоғарғы формасы ретінде, мәдени-
әлеуметтік дамудың белгілі бір кезеңінде дүниетанымның алғашқы 
формалары шеңберінде пайда болды. Негізгі зерттеу объектісі әлем және 
адам, олардың арақатынасы. Алғашқыда осы арақатынас адамзатқа қиял-
ғажайып сезімдер формасында көрініс қалыптастырды (миф-фантазия, аңыз), 
адам мен табиғат, адам мен ғарыш арасындағы қатынастар мен байланыстар 
ойдан шығарылған елес-сезімдер арқылы берілді (ежелгі қытай, ежелгі үнді, 
ежелгі грек мифологиясы, қазақ халқының эпостық дастандары, аңыздары 
дүниені ізгі және зұлым, ақ және қара күш, жан иелеріне бөліп адам 
бейнесінде түсіндірді). Біздің дәуіріміздің басында әлемдік діндер дүниені 
жалған осы өмір және шынайы мәңгілік басқа дүние тұрғысынан қарастырды 
да, жаратылысты монотеистік бағытта түсіндірді. Ал философиялық 
көзқарастар сенім мен ақылды, сезім мен тәжірибені үйлестіруге бағыт алды. 
Монизм, дуализм, реализм сияқты бағыттар философияның алдыңғы 
көзқарас формаларынан айырмашылығы, ғылыми танымға ерекше мән 
бергенін көрсетеді. 
Бірінші 
бөлімнен 
тақырып 
таңдаған 
болсаңыз 
көзқарастың 
құрылымына тоқталу қажет және философия тарихында философияның 
негізгі мәселелері, пәні қалай анықталғанын айқындау дұрыс. Философия 
тарихында қалыптасқан екі таным тәсілі – диалектика және догматикаға мән 
берген жөн. 
Философияның экспликация, рационалды-теориялық, жүйелеу және 
сынау функцияларының мәнін аша отырып, осы қызметтерін орындаған 
кезде философияның адамзат мәдениетін дамытуда өзіне белгілі бір міндет 
жүктейтінін атап көрсету қажет. Аталған функциялар философия мен ғылым 
арасындағы тығыз байланыстарды көрсетеді.
Қазіргі заманда философияның маңызы ерекше арта түскенін, әсіресе 
адамзат қоғамын гуманизациялау үрдісінде ерекше рөл атқаратынын 
айрықша атаған жөн. Әр дәуірдегі философияның дінмен, өнермен 
байланысын тарихи тұрғыдан талдау керек. 
№1-ші семестрлік жұмыстың екінші бөлімінде әлемдік философияның 
тарихы қамтылған. Тақырыптар белгілі бір философиялық ағымдар мен 
мектептердің философиялық идеяларына немесе жекелеген ойшылдардың 
көзқарастары мен концепцияларына бағышталып құрылған. 
Жұмысты орындаған кезде, тақырыпты жүйелі түрде ашудың 
талаптары мен шарттары сақталып, логикалық пен тарихилықтың бірлігі 
принципін ұстану қажет. 
Бұл талап міндетті түрде, біріншіден – онтологиялық, гносеологиялық, 
антропологиялық және социологиялық мәселелерді қозғайды, екіншіден – 
қаралып отырған тақырыпты немесе мәселені салыстырмалы түрде бағалауға 
алып келеді, үшіншіден – философияның тарихи дамуында аталған идеяның 
өзектілігі мен маңызын көрсетуге мүмкіндік береді. 


Мысалға алсақ, жаңа заман философиясы басқа дәуірлерден 
ерекшеленеді, XVII ғасырдың басына қарай Батыс Еуропада ғылым өзінің 
практикалық қажеттілігіне, өндіріс мұқтажына байланысты мәдениетте 
басымдылыққа ие болды, соның негізінде ғылымның екі саласы: 
эмпирикалық және теориялық деп бөлу талпынысы белең алды. 
Осы кезеңде өндірістің, ғылым мен техниканың тез дами бастағанын, 
сол себептен де философияда таным мәселесі алдыңғы қатарға шыққанын 
ашып көрсеткен дұрыс болар еді. 
Классикалық неміс философиясы әлемдік философия тарихында 
маңызды орын алады, себебі адам мәселесі және даму туралы көзқарас өткен 
дәуірлермен салыстырғанда жаңа сапалы мағынаға ие болды. Гегель 
философиясындағы абсолютті идеализм, даму туралы ілім – диалектика, 
Канттың этикасы, Шеллингтың философиялық романтизмі, Фейербахтың 
антропологиялық материализмі ерекше талдауды қажет етеді. Гегель мен 
Маркстың диалектикалық іліміндегі айырмашылық, жаттану мәселесін 
қараудағы әртүрлі пікірлер назардан тыс қалмауы қажет. Маркс-Энгельс 
философиясындағы тарихи материализм ерекшелігі, қоғамдық-экономикалық 
формация теориясы терең талдауды қажет етеді. 
XX 
ғасыр философиясын зерттеген кезде рационализм мен 
иррационализм арасындағы қайшылықты ашу қажет.
“Өмір философиясы” құндылықтар деп нені таниды, классикалық 
философияны не үшін сынға алады?
Философия тарихында ғылым мен техниканың даму үрдісі XIX–XX 
ғасырларда қандай сипат алды, осы жөнінен кеңінен талдау керек. Әсіресе 
сциентистік және антисциентистік концепцияларға салыстырмалы сараптама 
жасай отырып, позитивизмнің, антропологиялық және діни-философиялық 
түрлі ағымдардың философиялық идеяларына тоқталған дұрыс. 
Осы 
бөлімде 
феноменология 
және 
экзистенциализм, 
постструктурализм 
және 
постмодернизм, 
неотомизм 
өкілдерінің 
көзқарастарына ерекше назар салу керек. 
“Отандық философияның даму тарихы” бөлімінде көшпенді мәдениет 
тарихы, оның дүниетанымға әсері, қазақ ұлтының мәдениетінің қалыптасуы 
және даму кезеңдері, орыс және еуропалық мәдениеттің ықпалы қамтылады. 
Әсіресе образдық және интуитивтік ойлаудың қазақ философиясына әсері, 
заттық ойлаудың өзіндік ерекшелігі, халықтық фольклордың өмірлік мәні 
жайында жан-жақты зерттеу жүргізген рәсім. Қазіргі заманғы ғылыми-
философиялық зерттеулердің қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы тың 
пікірлері, оның дәстүрлік мазмұны, ашықтығы, поэтикалығы, табиғатқа 
жақындығы, ғарыштық кеңдігі, тұтастығы және шынайылығы туралы дәлелді 
ойларды келтіруі жөнінде айта кеткен дұрыс. 
Қазіргі заманғы батыс еуропалық иррационалистік бағыттар 
(феноменология, экзистенциализм т.б.) классикалық философияны ашық 
сынай отырып, ұғымдық ойлаудың орнына интуитивтік немесе заттық 
ойлауды (Э. Гуссерль) пайдаланады.


Қазақ дүниетанымындағы салт-дәстүр, діни наным-сенімдердің маңызы 
туралы, діни-мифологиялық аңыздардың өмірлік мәні туралы, өндіріс пен 
тұрмыс-тіршіліктің экологиялыық мәдениетті қалыптастыруы туралы терең 
талдау жүргізген жөн. Жыраулар дүниетанымы, ондағы негізгі мәселе, 
әртүрлі ағымдардың ерекшелігі де айрықша назарда болғаны дұрыс. 
Абай және Шәкәрім философиясы қазақтың ұлттық философиясының 
классикалық үлгісі. Ерекше тоқталатын тақырыптар: болмыс, таным-білім, 
сенім-парасат, адам және өмірдің мәні, рухани құндылықтар туралы болса, 
Абай және Шәкәрім көзқарастарына жан-жақты сараптама жасау қажет. 
XIX-XX ғасырлардағы қазақ зиялыларының ойлары және негізгі 
идеялары, адамгершілік және даналық туралы пікірлері, бостандық және ел 
тәуелсіздігі, әділетті қоғам орнатудағы талап-тілектері туралы жазған жұмыс 
ерекше бағаланады. 
Қазақ 
философиясына 
орыс 
мәдениетінің 
әсерін, 
орыс 
философиясының XIX-XX ғасырлардағы даму тарихын зерттеген кезде 
саяси-әлеуметтік мәселелерді естен шығармаған дұрыс. Әсіресе отандық 
философияның Кеңестік дәуірдегі, бодандық-тоталитарлық қоғамдағы даму 
үрдісі, марксистік ілімнің дөрекі бұрмалануы, атеистік сипат алуы жайында 
айта кету керек. Кеңестік жүйенің философияны саясаттың қызметшісіне 
айналдыруы, діннің мазмұны мен тарихын таяз зерттеуі, диалектикалық және 
тарихи материализмнің біржақтылығы, ғылыми коммунизмнің утопиялық 
сипаты да көлемді жұмыстың тақырыбы бола алады. 
№2-ші семестрлік жұмыс тақырыбын таңдаған сәтте философияның 
әлемді біртұтас дүние түрінде қабылдайтынын түсініп, әлем және адам 
арақатынасы мен мәнін ашуға ұмтылу қажет. Сондықтан да философия 
дүниенің, адамның өмір сүретінін анықтайтын белгілі бір терең мағыналы 
ұғымдарды қажет етеді, мысалы “болмыс”, “материя”, “сана”, “адам”, 
“махаббат” т.б. 
Философия тарихында пайда болған әртүрлі ағымдар мен мектептер, 
жекелеген ойшылдар немесе белгілі бір концепциялар осы ұғымдар немесе 
идеялар төңірегінде айтысқан және өз пікірін жүйелі түрде қорғап дәлелдеуге 
тырысқан. Оған мысал бола алады: материализм және идеализм, реализм 
және номинализм, эмпиризм және рационализм, сенсуализм және
релятивизм, рационализм және иррационализм т.б. сол сияқты толып жатқан 
ағымдар мен концепциялар. Орта ғасырлық діни философия болмыстың екі 
формасын бөліп шығарды. Жаратушы болмысы, уақыт-кеңістіктен тысқары, 
табиғаттан жоғары, абсолютті бір жағында, және жаратушы тудырған 
табиғат-екінші жағынан. 
ХІХ ғасырдың ортасына қарай марксизм философиясы болмыс
мәселесіне жаңа түсінік алып келді. Болмыс ұғымы материалистік көзқарас 
тұрғысынан қаралады.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары болмыс мәселесін неміс ойшылдары 
Н. Гартман және М. Хайдеггер иррационализм тұрғысынан түсіндіруге
тырысты. Сол сияқты басқа да фундаментальді ұғымдарға да көзқарас
түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаратылыстану ғылымдарының ашқан


жаңалықтары біздің дүние туралы танымымызға үлкен әсерін тигізді. Бізді 
қоршаған әлемнің құрылымдық деңгейлері туралы жаңа идеялар дүниеге 
келді. Нақтылап айтқанда ғылым материалды құбылыстардың
қозғалысының жаңа формаларын ашты және бөліп шығарды: минералдық, 
геологиялық, термоядролық, планетарлық т.б.
“Философиялық антропология” саласынан тақырып таңдаған кезде
“адам” мәселесінің философия тарихында ең бір күрделі мәселе болғанына 
назар салыңыз. Адам мәселесі әр дәуір философиясында және Шығыста да, 
Батыста да көп пікір тудырған мәселе. Ежелгі дәуір мен қазіргі заман 
философиясына дейінгі аралықта адамның шығу тегі табиғаты, өмірінің
мәні және өлім мәселесі, қоғам дамуындағы және мәдени жүйедегі орны 
басты сұрақтардың бірі болып табылады.
“Философиялық антропология” тұлға, сана және тіл, өмірдің мақсаты 
және бақыт сияқты өзекті мәселелерді аттап өте алмайды. 
“Танымның жалпы мәселелері” бөлімінде ерекше мән беретін 
сұрақтар: ақиқат, таным деңгейлері және формалары, білім және оның мәні 
мен мақсаты, философиялық және ғылыми таным тәсілдері туралы. 
Философия тарихында “ақиқат” туралы ой пікірлер, таным мүмкіндігі туралы 
концепциялар қалай дамыды және қандай ағымдар туғызды, міне осы 
жайында айтылуы қажет. “Сана” туралы әртүрлі концепцияларға ерекше 
тоқталған дұрыс. Қоғамдық және ұлттық сана ерекшеліктері, менталитет 
мәселесі, руханилық және қоғамдық қатынастар мәні туралы да терең 
талдаулар керек.
Келесі топтама қоғам және адам арақатынасына бағытталған сұрақтар. 
Әрине әлеуметтік орта мен табиғи ортаның ерекшеліктерін ескере отырып 
адам мен қоғам, адам мен табиғат арақатынасына сараптама жасайсыз. 
Адам мен қоғам,қоғам мен табиғат арасындағы диалектикалық 
байланысқа, қоғамның шығу және даму тарихына айрықша мән беру қажет. 
Қазіргі заманғы ғылыми -техникалық дамудың қоғам және адам
өміріне әсері, адамзатты алаңдатып отырған ауқымды тауқыметтер 
(экология, экономика, саяси, рухани психологиялық т.б.) мәселесі жан 
жақты зерттеуді қажет етеді.
Үшінші семестрлік жұмыс тақырыптары “мәдениет” ұғымының 
философиялық және ғылыми ойдың әр даму кезеңдерінде қалыптасқан 
көзқарастарға арналған.
“Мәдениет философиясының” мәнін анықтау адам мен мәдениет 
арасындағы диалектикалық байланысты саралаудан басталу қажет. 
Адамзат мәдениеті, ұлт және жеке адам мәдениеті және бір біріне 
тәуелді мәдениет салалары ерекше назарда болғаны жөн. Рухани мәдениет 
пен материалды құндылықтардың бірлігі, өнер, ғылым, дін, парасат және 
саясат, құқық және мемлекет т.б. әлуметтік құбылыстардың мәні мен маңызы 
талдауды қажет ететін мәселелер.
“Мәдениет” және “өркениет” ұғымдары туралы концепцияларды 
салыстырмалы түрде талдаған дұрыс. Жеке тұлға мәдениетінің мазмұны 


және биологиялық, психологиялық астары мен әлеуметтік табиғаты ерекше 
атап айтатын мәселелер.
Қазіргі заманда мәдениеттің қай саласы болса да әр адамнан 
парасаттылық пен білімділікті талап етеді. Сол себепті кез келген мамандық
иесі шығармашыл және өз ісінің шебері, өз ортасымен толық үйлесімділікте 
болуы қажет. Осы талап жоғары білімді инженерге де қойылады. Олай болса, 
философия тарихын зерттеп оқу, өмірлік маңызы бар мәселелерді ой елегінен 
өткізіп, даналардың айтқан сөзін күнделікті өмір тәжірибемен салыстыра 
отырып әрекет жасау нағыз мәдениетті адамның ісі. Өмір атты тіршілікте 
адам болып өмір сүру, адамдармен адами қатынас орнату, бақытты өмір сүру 
дегенді ортамен үйлесімділікте болу деп түсініп өзіңді ұстау және рухани 
құндылықтардың басымдылығын мойындау – міне философияның оқушыға 
берер басты игілігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет