Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға



Pdf көрінісі
бет226/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

8.7.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға 
сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу 
жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
кешендер (ОӘК). Білім беру стандарты
– 
мектеп бітіруші түлектің жалпы 
білім беру дайындығына қойылатын талаптардың міндетті
дең
-
гейі және осы 
талаптарға сай әдістер, оқу мен бақылау құралдары, түр
-
лері және мазмұны. 
Ол «мөлшер», «үлгі», «өлшеуіш» дегенді білдіреді. Білім беру стандарты, бір 
жағынан, мемлекеттің өз азаматтары ал
-
дындағы міндеттемесі болса, 
екіншіден 
– 
білім беру саласында аза
-
маттың мемлекет алдындағы 
міндеттемесі. Жалпы білім беретін мек
-
тептің оқу жоспары 
– 
бұл мектепте 
оқытылатын пәндердің тізімін, олардың оқу жылдарына бөлінуін және әрбір 
пәнге бөлінетін сағаттар санын көрсететін құжат. Білім беру ұйымдарының
негізгі оқу жоспары 
– 
білім берудің осы саласындағы мемлекеттік 
стандарттарының құрам
-
дас бір бөлігі. Негізгі мемлекеттік нормативтік 
құжаты. Оны негізгі мектепке арналған стандарттың бөлігі ретінде ҚР Білім 
және ғылым министрлігі бекітеді. Үлгі болатын базистік оқу жоспарын да 
Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Негізгі оқу жоспары мемлекеттік 
стандарттың бөлігі ретінде оқушының білім деңгейі мен
білім
мазмұны, құ
-
рылымына талап қоятын жалпы орта білім берудің мемлекеттік мөл
-
шерін 
білдіреді. Негізгі оқу жоспары аймақтық, жалпылама
-
үлгі, жұ
-
мыстық оқу 
жоспарларына үлгі
болып, мектептің қаржылануында басты құжат бола 
алады. 
 
Аймақтық базистік оқу жоспарын мемлекеттік базистік оқу 
жоспарына сүйеніп, білім беру басқармасының аймақтық органдары 
жасайды. Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітіліп, ұсыныс сипатында 
болады. 


273 
Оқу бағдарламасы 
– 
жекелеген әр бір оқу пәні бойынша меңге
-
рілуге 
тиісті негізгі білім, дағдылар шеңбері белгіленетін нормативтік құжат. Онда 
оқытылатын материал тақырыптарының тізімі, әрбір та
-
қырыпқа
берілген 
уақыт, сағат саны бойынша және оларды оқыты
-
латын жылдарға бөлу, 
курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар енгізілген. Оқу 
бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс 
табады. Оқулықтар мен оқу құралдары негізгі білім көзі болып табылады 
және оқушылардың өзіндік жұмы
-
сын ұйымдастыруда маңызы зор. Оқулық 
оқушыны оқуға үйретуі керек, ол үшін берілетін материал көлемі қысқа да 
нұсқа, ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт. 
2017-
2018 оқу жылында 1
-
ші және 2
-
ші сыныптар білім маз
-
мұны 
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелік
-
тері:
-
пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім 
мен біліктерді тігінен, сондай
-
ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту 
(дағдыларды
тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жікте
-
летін 
және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум 
таксономиясы бойынша иерарахиясы;
-
білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында 
педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды 
барынша ескеруге мүмкіндік береді;
-
білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай
-
ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақы
-
рыптардың 
болуы

-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
-
оқу үдерісінің
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді 
жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске 
асыру көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің 
қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды 
қамтамасыз етеді.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі
– 
олардың пәндік
білім мен дағдыларды ғана емес, сондай
-
ақ, кең ауқымды дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең 
ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық 
және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, 
зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізу, 
ақпараттық
-
комму
-
никациялық 
технологияларды пайдалану, қарым
-
қатынастың әртүрле
-
рін қолдану, жеке 
және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан
-
жақ
-
тылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың 


274 
және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі 
анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған 
тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдар
-
ламасы мұғалімдердің оқу 
мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу 
мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақ
-
саттарға бөлуіне мүмкіндік береді. 
Мұғалімдер тақырыпқа оқу мақ
-
сатына берілген сағат санын өз бетімен 
анықтауларына болады. Бұл шешім оқу
-
әдістемелік бірлестігінің 
отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және 
қайталау сабақтарын ескерулері тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет