Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогтың ұйымдастырушылык іскерлігі



Pdf көрінісі
бет48/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Педагогтың ұйымдастырушылык іскерлігі. 
Бұл іскерлік мұғалім 
еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас 
педагогикалық үдерісті
басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік 
ерекшеліктері бар: жұмыс түрін анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың 
орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, 
орындалуын үйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, 
есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, 
басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс
-
әрекеттерінен құралады.
Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. 
Зерттеушілік іскерлік 
мұғалімнің әрбір әлеуметтік
-
педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан 
қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе 
алуын, іс
-
әрекеттегі зерттеуді жүргізе алуын, сонымен қатар озық 
тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға ғылыми
-
теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе 
білуін қамтиды.
Педагогтың жобалау (проективтік) іскерлігі

оқыту және тәрбие 
үдерісінің
перспективалық міндеттерін терең түсіне отырып, оған жетудің 
стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту және 
тәрбиелеу үдерісінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың 
тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата
-
аналардың, 
оқушылардың
қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, 
әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып табылады.
Педагогтың рефлексивтік іскерлігі.
Өз іс
-
әрекеттерін бақылап 
бағалау, өзіне сырт көзбен қарап іс
-
әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдау, 
өзін
басқалармен салыстыра отырып

нені өзгертудің қажеттілігін түсіну 
арқылы педагогтың кәсіби тәжірибесі жетіле түсетіні анық.
Қарастырылып
отырған іскерліктер бір
-
бірімен тығыз байланысып 
келеді және өзара бірін бірі күшейте түсіп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет