Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Үздіксіз педагогикалық білім беру



Pdf көрінісі
бет69/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Үздіксіз педагогикалық білім беру
деп педагогтың жалпы және 
арнайы ісерліктері мен кәсіби
-
танымдық, рухани
қажеттіліктерін өмір бойы 
үздіксіз дамыту үрдісін атайды. Ең алдымен педагог мамандардың 
дайындық сапасын жетілдіру қажет, онсыз отандық білім беру жүйесінде 
жүргізілетін білім беру реформаларының тиімділігінің тө
-
мен болып шығуы 
ықтимал.
ХХІ ғасыр ақпарат пен білім ғасыры болғандықтан Қазақстан
-
дық 
білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында 


60 
білім сапасын жоғарылату, адами капиталға инвестициялар жасау 
мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Осы мақсатта 
Қазақстанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педа
-
гогикалық 
шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті 
бірлесе отырып дайындаған Бағдарламаларда әлемдік білім беру 
саласындағы үздік тәжірибелер жинақталып, мектеп мұ
-
ғалімдері
мен 
басшылары, сонымен қатар әдіскерлер біліктілікті арт
-
тыру курстарынан 
өткізіліп, мектеп өмірінде қарқынды өзгерістер орын алып келеді. 
Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра 
алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байла
-
нысты болады. 
Қазіргі
заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаз ғана бәсекеге
қабілетті 
ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз 

жаңа ғылыми білімдерді 
іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінің 
кәсіби
қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде 
сипатталады. 
5.2.
 
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын да-мыту 
факторы.
Адамның өзін
-
өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат тари
-
хындағы 
өзекті 
тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек фило
-
софы Сократтың, 
шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл
-
Фарабидің ұлан
-
ғайыр 
еңбектерінен, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу
-
райхан әл
-
Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті 
ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой
-
пікірлерінен бастау 
алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім
-
тәрбиелік, пси
-
хологиялық
-
педагогикалық 
идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін
-
өзі тәрбиелеудің толып жатқан 
әдіс
-
тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан
-
жақты 
қарастырылатыны баршамызға мәлім. 
Өзін
-
өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істей
-
тін 
адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солар
-
дың ішінде
мұғалімнің 
кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
елеулі орынды иеленеді, себебі 
оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзі
-
нің тәрбиелік деңгейі 
өте жоғары болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет