65
жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді.
Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде
жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған,
ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік
ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде
ӛзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей
аламыз, ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін
кӛрсетеді.
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар,
модельдер,
түсініктер,
таңбалар
мен
формулалар,
алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың
түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі
ретінде әрекет
теориясы
алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін
ашу үшін
жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан
ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды
қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
алдын–алу идеясы
– алдағы әрекеттерді жобалауға
бағытталған жобаға тән перспективалар;
әлеуеттердің
айырмашылық
идеясы
–
жоба
нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы
тиіс сипаттарының айырмашылығы;
бір
қадамнан
–
келесі
қадамға
–болашақтағы
қажеттіктердің бірте–бірте, ӛз кезеңімен жақындай беруі (Н.
А. Бернштейн);
Достарыңызбен бөлісу: