Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас
орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез
-
келген нақты өндіріс тәсілінің бір-
бірінен айырғысыз байланысты екі жағын өндіргіш күштерді және өндірістік
қатынастарды құрады. Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс
құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді
жасаушы — адам.
Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік
қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар
адамдардың өндірістік іс
-
әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады,
өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса
отырып қана өндіре алады.
Өндірістік қатынастар
-
экономикалық қатынастар. Түрліше әлеуметтік
топтардың өндірістегі үстемдік немесе бағыныштылық жағдайы, олардың
өндіріс процесіндегі қатынастары меншіктік формадан туындайтыны анық.
Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына ілесе алмай, кейін
қала береді де олардың дамуына кедергі бола бастайды, олармен қайшылыққа
келеді. Өндіргіш күштер әрі қарай дамыған сайын өндірістік қатынастардың
кедергілік рөлі арта түседі де, олардың арасындағы қайшылық ақыр соңында
жанжал деңгейіне жетеді. Сонда ескі өндірістік қатынастарды жойып, дамыған
өндіргіш күштердің сипатына сәйкес келетін жаңа қатынастар орнататын
әлеуметтік революцияның қажеттігі туады.
Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес
келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.
Өндірісті дамытуқоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның
тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі
тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: