Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет148/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

4 -ТА РА У
І
іскерлік салада кездескен екі адам 
бірдей кадрларға иеболғандықтан, 
екеуі де не істеу керектігін және қол 
алысу нені меңзейтінін біледі.
Драматургия - қоғамдағы 
жағдайларды әр адамның 
өзгелерге өзі көздегендей эсер 
ету үшін жасайтын іс-әрекетінің 
көрінісі деп қарайтын әлеуметтік 
өзара әрекеттесу.
болады немесе ұшырасқан адам қалыпты өзінше түсініп қалады. 
Жағдайға анықтама беру үшін қалыптасқан соңғы қалып екі тарап 
арасындағы келіссөздің нәтижесі болып шығады.
Болмыс туралы келісу
Кездесуді қалыпқа салған соң «Қандай болмысты мойындаймын?» 
деген екінші сұраққа жауап беру қажет. Бүл - қатысушылардың 
аты-жөнін білуден әлдеқайда күрделі шаруа. Әрқайсысымыздың 
бойымызда түрлі рөлдер мен болмыстардың жиынтығы болған- 
дықтан, біздің жағдайда актордың (әрекет етушінің) қай болмысты 
пайдаланып тұрғанын анықтау қиы н болып жатады.
Белгілі бір деңгейде болмыс, біз құйған қалыптың ішінен та- 
былады. Егер студент профессордың кабине гіне дәріс алу үшін 
кірсе, онда профессордың ғылыми болмысы орынды болады. Егер 
профессор студенттің ата-анасының досы болса, онда студентгің 
кабинетке кіруі әлеуметтік кездесу қалыбына кіреді, бүл жағдайда 
профессор болмысының басқа бір қыры (хоббиі, отбасылық өмірі, 
т.с.с.) пайдаланылады.
Болмысты анықтау көп мәселе туғызбайтындықтан кейде 
ол келіспеушілікке себеп болуы мүмкін. Мүны көбіне әңгімелесу 
кезінде байқаймыз. Мәселен, «Бұл - компьютердің майын ішкен 
Мэри» деп таныстыру мен «Бұл - сауық десе алдына жан салмайтын 
Мэри» деп таныстыру мүлде бөлек. Әрине, басқалар сіз жасағанқа- 
лыппен келіспеуі мүмкін. Мэри сіз ұсынғаннан мүлде басқа болмы- 
сын көрсеткісі келуі ықтимал. Мұндай жағдайда ол сізбен келісуге 
мәжбүр болады.
Болмыс проблемасы қарым-қатынастың жасырын бөлігі болуы 
мүмкін. Мәселен, оқуын жаңа бітірген заңгер жігіттің тәжірибелі 
әйел заңгермен сөйлесіп тұрғанын елестетіңіз. Егер жігіт бүл кез- 
десуден қысылатын болса, онда оны жас заңгер мен тәжірибелі 
заңгердің кездесуі емес, ер мен әйелдің кездесуі деп түсіндіруге ты- 
рысуы мүмкін. Ол әйелдің иіссуы туралы еркіндеу әңгіме бастап, 
сосын «мына іске әйел ретіндегі көзқарасыңыз қандай» деп сауал 
тастауы ықтимал. Ол тіпті әйел заңгердің орындығының арқалы- 
ғына қолын қойып немесе оның иығынан үстап сұхбаттасушының 
алдындағы өктемдігін көрсеткісі келуі ғажап емес. Акторлар осын- 
дай стратегиялардың көмегімен келісе отырып, өзінің және айна- 
ласындағылардың болмысын анықтайды.
Драматургия
Күнделікті өмірді біз драматургия деп аталатын әлеуметтану багы- 
ты арқылы басқарып отырамыз. Д раматургия - қоғамдағы жағдай- 
ларды акторлардың аудиторияға өзі көздегендей эсер ету үшін жа­
сайтын манипуляциялық іс-әрекетінің көріністері деп қарайтын 
әлеуметтік өзара әрекегтесу түрі.
Драматургиялық бағыттың негізін салган - Ирвинг Гоффман 
(1959, 1963). Гоффман бүкіл әлемді театр деп сипаттады. Күнде та- 
ңертең: «Қандай киім киемін?», «Шашымды қалай қайырамын?», 
«Бүгін денемдегі суретті көрсетуге болатын күн бе?» - деп өз-өзіміз- 
ге сұрақ қоятынымыз сияқты әрқайсымыз кәнігі әртістей-ақ бет- 
бейнемізді өз кейіпкерімізді сомдау үшін қолданамыз (қараңыз 
Pitts-Taylor, 2003). Айтып тұрган сөзімізді қуаттай түсу үшін немесе 
оған қарсы шығу үшін әртістер секілді бет әлпетімізді, қимыл-қоз- 
ғалысымызды, көзбен ұғысуды және дене тілінің басқа да әдістерін 
пайдаланамыз. Мәселен, құрбыңызға: «Көйлегің жарасып тұр» де-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет