Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет67/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

56
1-ТАРАУ
АМЕРИКАДАҒЫ ӘРКЕЛКІЛІК
Назар
аударыңыз
Жатақханадағы өмір
қалай зерттелді?
А
мерикадағы сегрегацияланған (оқ- 
шауландырылған) жатақханаларда 
туратын өте кедей афроамерикалықтар- 
дың тұрмыс-тіршілігі қандай? Әлеумет- 
танушы Судир Венкатеш докторанту- 
рада оқып жүрген кезінде бул сураққа 
стандартты сауалнама арқылы жауап 
аләмын деп ойлады. «Сіз ушін қара 
нәсілді және кедей болу деген не?» деген 
сурақ қойып, оған: өте нашар; біршама 
нашар; жаман емес; жақсы да, жаман да 
емес; жақсы немесе өте жақсы» деген 
жауап нұсқаларын ұсынды. Бірақ кейін- 
нен мундай сурақтардың түкке қажеті 
жоқтығын түсінді. жатақхананың кейбір 
турғындары сурақтарға қарап күлсе, 
енді бірі қысқа түсініксіз жауап берді. 
Ал кейбірі «полиция қызметкері болар» 
деп одан секем алды Соңында Вен­
катеш турғындарды тыңдап, бақылау 
жатақтағы өмір туралы білудің жалғыз 
жолы екенін түсінді Сөйтіп, ол шамамен 
он жылдай уақытын «Блэк Кингз» көше 
бандысының мүшелерімен бірге өткізді.
Үзақ жыл зерттеудің арқасында 
(2000, 2008, 2009 жж.) Венкатеш жатақ- 
хана гүрғындарының тым қатал оқшау- 
лаудан және түрмыс қиындығынан қан-
шалықты зардап шегіп отырғанын көрш, 
оны қағазға түсірді. Жатақхана Чикаго 
қаласына тиесілі болса да турғындарға 
ешқандай қызмет көрсетілмеген. Пәтер- 
лердің көбіне су. электр энергиясы беріл- 
меген, ал көптеген ғимараттарда бір 
кездері жүріп турған лифтілердің орны 
үңірейіп тур. Мунда полицейлер мүлде 
ат ізін салуды қойған, ал турғындар 911- 
ді терсе қутқару қызметі мүлде жауап 
бермейді деое болады. Соның кесірінен 
мундағы үкіметтің орнын көшедегі бан- 
дылар басты. Турғындар әйелін сабаған, 
урлы қж асаған немесе (есірткіге мае бо- 
лып) кіреберістерде өздерін қорқытқан 
адамдарды тәртіпке салу үшін (яғни 
үрып-соғу үшін) солардың кө м е ін е сүй- 
енд,. Осының ақысы ретінде банды бас- 
шылары есірткі сатумен айналысып, өз 
аймағындагы жезөкшелерден бастап 
азық-түлік дүкенінің иесіне дейін барлық 
кәсіпкерлерден «қорған болғаны үшін» 
ақы талап етті.
Сонымен қатар зерттеуші Венкатеш 
турғындардың қиындықтарды жеңу жол 
дарын табуда үлкен тапқырлық көрсет- 
кенін байқады. Мысалы, бес отбасы бірігіп, 
тыгырықтан шығар жол тапқан. Олардың 
біреуінде газ плитасы, бірінде жылу жү- 
йесі жумыо істеді, ал енді біреуінде су бар. 
Әрқайсысы өзінде бар ресурсты қалған-
дарымен бөліскен. Басқалары өздерінің 
азғантай кірістерін улғайту үшін бәліш 
пісіру, лотерея билеттерін сату, машина 
жөндеу сияқты заңдастырылмаған үй 
кәсібімен айналысты
Қатыса отырып бақылау әдісі Вен 
катешке Американың геттоларындағы 
өмірге басқаша көзқараспен қарауға 
мүмкіндік берді, ол бұған басқа ешқан- 
дай тәсілмен қол жеткізе алмас еді. 
Сонымен бірге осы тәжірибесі арқылы 
бул әдістің кемшіліктерін де байқады. 
Мәселен, ол банды мүшелерімен бірге 
жүрген кезде басқа турғындардың өзі- 
не толықтай сенбейтінін түсінді, ал егер 
қарапайым турғындармен көбірек бірге 
болса, банды мүшелерінің өзінен секем 
ала бастайтынын және муның жеке басы 
үшін қауіпті екенін түсінді. Сонымен ка­
тар банды мүшелерімен көп уақытын 
бірге өткізгендіктен кейде өмірге бүза- 
қылардым көзімен қарай бастағанын 
байқады. Бұған қоса. жатақхананыц 
ішінде жалғы з кезіп жүрудің қауіпті 
екенін түсінген ол журттың көрсеткісі 
келген нәрселерін ғана көре алатынын 
түсінді. Алайда зерттеу жумыстарын көп 
жылдар бойы жүргізгендіктен Венкатеш, 
ақыр соңында, жағдайды жан-жақты 
зерттеп, жатақханадағы өмірдің әсерлі 
бейнесін жасап берді.
кейде жеке көзқарастарын көрсетеді. Бұл проблеманы шешудің бір 
жолы - қайталауға (репликацияға) сүйену: зерттеуді басқа зерттеу- 
шімен немесе әртүрлі үлгілермен қайталау, сол нәтижелердің сәйкес 
болуын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет