ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


фатума (жазмыш, тағдыр) түсінігіне қарсы  фортуна



Pdf көрінісі
бет102/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   382
Байланысты:
Философия

фатума
(жазмыш, тағдыр) түсінігіне қарсы 
фортуна
(сәттілік, кездейсоқ бақ қону) ұғымын енгізеді. Фатализм, яғни тағдырға 
сену, жазмышқа мойынсұну: адамның өмірін, мінез-құлқын, қызметін 
алдын ала белгіленіп қойған, онда ешқандай таңдау, кездейсоқтық 
жоқ, адам өз тағдырына қарсы шыға алмайды деп санайды. Фортуна 
қоғамдық қажеттілік болып есептелсе де, бірақ адамның тағдырын 
өзгертуге бағытталған еркін қызметін толық теріске шығара алмай-
ды. Шамасы, Н.Макиавелли «50 де 50» формуласын қабылдауға бейім 
болған. Егер фатум бізді өзіне жартылай бағындырса, онда екінші жар-
тымыз біздің белсенділігімізге, ерік-жігерімізге, табандылығымызға, 
күшіміз бен мақсатқа ұмтылуымызға байланысты болады. Сондықтан 
«сақтықтан гөрі, батылдық қажет»
, өйткені фортуна – ол әйел, 
онымен ортақ тіл табысу үшін, ара-тұра оны сабап алу керек, себебі 
ол жастардың құрбысы болғандықтан, олар оны көп ойланбастан өз 
жақтарына тартып, өздеріне бағындырып алады. Фортуна жайында ол 
осылай жеткілікті дәрежеде бейнелеп айтып отыр.
Адамның алдына қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған ба-
тыл да тиімді іс-әрекеттерін Н.Макиавелли 
вирту
(лат. – virtu – ай-
бын, ерлік) деген сөзбен атайды. Бірақ әрбір адам ерлікке – айбынды 
әрекетке қабілетті емес қой. Жай адамдар, әдетте, «ортадағы жолды» 
ұстанады. Ал бұл айтарлықтай бір нәтижеге жеткізе қоймайды. Та-
рихи тұлғалар ғана вирту әрекетке қабілетті: олар алдарына әлдебір 
ұлы мақсаттарды қойып, соған өздерінің бар білімдерін, күштерін, 


116
ерік-жігерін, табандылығын бағындырады. Алайда барлығы да та-
рихи тұлғаның айбыны мен табандылығына байланысты емес. Бұл 
қызметтің «заман қажеттіліктерімен» сәйкес болуы қажет.
Сонымен, адам – азат, айбынды, күш-қуаты мол, істің мән-жайын 
біліп әрекет ететін тіршілік иесі. Ол өзінің алдына қойған мақсаттарын 
іс жүзіне асыра алады. Н.Макиавеллидің нақ осы идеялары Батыс 
адамының жанына жағып, оның ақыл-ой қасиеттеріне айналды.
Бірақ тарихта Н.Макиавелли, негізінен, саясат туралы ой-
пікірлерімен қалды. Ал бұл кездейсоқтық емес, өйткені сол уақытта 
феодалдық саяси жүйенің әлсіреуі орын алып, капиталистік қатынастар 
қалыптаса бастаған. Егер оған дейін саясат діннің қолдауында бо-
лып келсе, енді оның шешімдерін тиісті мораль ақтайтын болды, 
жалпы алғанда, саясат аристократияның ісі еді, ал енді жағдай күрт 
өзгерді. Кедейлерден шығып, азғантай уақыт ішінде байып кеткен 
адамдар билікке ұмтылды. Осындай жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет