ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет123/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   382
Байланысты:
Философия

өз-өзін сақтауға
ұмтылады. Ал бұл оның бойында 
әртүрлі сезімдер мен құштарлықтарды оятады. Платон мен Сократқа 
ұқсап, Б.Спиноза да адамның дұрыс емес әрекеттерінің себебін жалған 
танымнан шығарады. Егер адам айналасында қалыптасқан жағдайды 
дұрыс түсінсе, ол өзінің іс-әрекеттерінде қателеспейді және кейбіреулер 
бақытсыздық деп бағаласа да, ол өзін бақытты сезінеді.
«Әдетте, адамдар өз еріктерін азат деп ойлайды және әрекеттерін 
мүлдем еркін іске асырып жатқандарына сенімді, – деп жазады 
В.В.Соколов. – Әйткенмен ерік бостандығы – ол қиял, яғни көпшілік 
адамдардың өз әрекеттерін соларға ықпал ететін себептерге терең 


137
мән бермей жасағанының нәтижесі. Ақыл-парасат түйсігі арқылы 
келетін білім жолында барлық себептердің жалғыз түпнегізбен 
әлемдік байланысын ұғынуға қабілетті, ақылы толысқан азшылық 
қана өзінің барлық әрекеттерінің қажеттігін түсінеді, ал бұл ондай 
данагөйлерге олардың аффект-құштарлықтарын аффект-әрекеттерге 
айналдыруға, сол арқылы шынайы бостандыққа жетуге мүмкіндік 
береді» (В.В.Соколов. Спиноза. / Жаңа философиялық энциклопедия, 
3-том. – М.: Мысль, 2001. – 622-бет). Спиноза бостандықты дәл осы-
лай түсінді. Оның: 
«бостандық – санамен түйсінген қажеттілік»,
– 
деген танымал формуласы осыдан шыққан. Адам үшін жоғарғы 
игілік – 
Құдайды тану арқылы Оған деген парасатты сүйіспен-
шілікке жету. 
Ал егер Құдайдың Табиғат екенін еске түсірсек, онда 
адамның қоршаған дүниені 
танып білудегі
қиын да азапты жолы 
оның бойында 
бақыт
сезімін оятады, ал бұл – ең жоғарғы 
ләззат
.
Өзінің 
әлеуметтік философиясында
Б.Спиноза әркімнің өз-өзін 
сақтауға ұмтылуы қоғамның пайда болуына себепші болады деп са-
найды. Ал мемлекет, Т.Гоббс ойлағандай, «келісім-шарт күшінен» емес, 
адамдардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттігі 
нәтижесінде еңбекті бөлу арқылы пайда болады.
Қоғамның рухани өмірі туралы айтқанда, Б.Спиноза діннің 
маңызын тым төмен бағалайды. Библия қарама-қайшылықтарға толы, 
бұны аталған құжаттың Құдайдан түскендігі емес, адам тудырғаны-ақ 
растайды. Діни сенімнің пайда болуының себебі қарапайым да білімсіз 
адамдардың Табиғаттың дүлей күштері алдындағы қорқынышы бо-
лып табылады. Мысалы, келешектегі өлімнен қорқуды айтуға болады. 
Адам алдын ала қандай әрекеттерге барса да, одан қашып құтыла ал-
майды. Сондықтан өлімнен қорқу – босқа құртқан уақытпен тең. Бұл – 
адам құлдығының бір түрі. Оның орнына адам барлық күш-қайраты 
мен қабілетін өмірлік мәселелерді шешуге бағыттауға тиіс. Адамның 
қуаныш пен мазасыздыққа, күйзеліс пен мұңға толы өмірі – бұл 
шексіз Әлемнің кішкентай ғана бір бөлшегі. Осындай көзқарас адамға 
жұбаныш пен тыныштық әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет