Виссарион григорьевич белин
-
ский
(1811-1848) болды. Ұлы орыс сыншысы бола отырып, ол Шеллинг
пен Гегель идеяларының әсерімен философиялық эстетика негізінде
жан-жақты әдеби сын құруды көздеді. Шынайы болмысты сынау
мақсатында Белинский орыс әдебиетінің нақты бағыты –
«табиғи мек-
теп»
деп аталатын бағыттың қағидаларын әзірледі.
Орыс ағартушылығының қарқынды дамуы XIX ғасырдың 60
жылдарына тұспа-тұс келеді. Ағартудың кемеліне келген неме-
се классикалық формаларын әдеби, философиялық, этикалық және
эстетикалық мұрасы әлемдік мәдениеттің алтын қорына енген
ни
-
колай гаврилович Чернышевский
(1828-1889) сияқты алыптың
шығармашылығынан көруге болады. Ол антропологизм ұстанымдарын
нық ұстанып, адамзаттың барша дамуының себепшісін социализм деп
санады.
179
николай александрович Добролюбов
(1836-1861) әдебиеттің
мақсатын бәрінен бұрын сол кездегі қоғамдық құрылысты сынаудан
көріп, Белинский мен Чернышевскийдің эстетикалық ұстанымдарын
ары қарай дамытты және «шынайы сын» әдісін әзірледі.
Дмитрий иванович писарев
(1840-1868) – мемлекетке қарсы пам-
флет, яғни өткір сықақ шығарма жазғаны үшін Петропавл қамалының
тұтқыны болған орыс жазушысы, елді индустриялық жолмен дамыту
арқылы социализмге жету идеясының авторы.
В.Ф.Пустарников әділеттілікпен көрсеткендей, «негізгі құндылық
бағдары бойынша Белинский-Чернышевский айналасындағы ойшыл-
дардың ағартушылық философиясы антифеодалдық сипатта бол-
са, ал негізгі танымдық мазмұны бойынша алыпсатарлыққа,
трансценденталдыққа, метафизикаға және антропологияға қарсы және
негізгі үрдісі бойынша материалистік философия болды. Діни еркін
ойлаушылық орыс ағартушылығының жүйе құрушы ұстанымы болса,
атеизм – оның жекелеген өкілдерінің белгісі болып табылады» (Пустар-
ников В.Ф. Просвещение в России. // 4 томдық Жаңа философиялық эн-
циклопедия, 3-том. – М.: Мысль, 2001. – 369-бет).
180
Достарыңызбен бөлісу: |