ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Философиямен айналысудың жаңа формаларын



Pdf көрінісі
бет200/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   382
Байланысты:
Философия

Философиямен айналысудың жаңа формаларын 
қарқынды іздестіру басталды. Бұл қозғалыстың басында неміс филосо-


222
фы 
а.Шопенгауэр
және дат діни ойшылы 
с.кьёркегор
тұрды. Бәрінен 
бұрын олар Г.Гегельдің философиясын сынауды бастады.
Гегельдің рационализмін сынауды бірінші бастаған неміс филосо-
фы Артур Шопенгауэр (1788-1860) болды. Өз ойларын ол 
«ерік және 
көрініс іспетті әлем»
деген іргелі еңбегінде баян етті.
Бірақ Шопенгауэр философиясының негіздерін түсіну үшін, 
Фихтенің: «Адам қандай болса, оның философиясы да сондай», – де-
ген сөздерін еске алып, ойшылдың өмірбаянының кейбір деректеріне 
қысқаша болса да тоқталып өткеніміз жөн.
Артурдың ата-анасының терең ішкі қайшылықтар күйіне түсуі 
баланың жан дүниесі мен көңіл күйіне ауыр салмақ болды. Әйелімен 
ажырасқаннан кейін екі жыл өткенде, 1805 ж. әкесі өз өмірін өзі қиды. 
Артурдың анасы Иоганна Шопенгауэр заманында талантты және та-
нымал жазушы болғандықтан, өмірін тапшылықты елең қылмайтын, 
алаңсыз (богемдік) ортада өткізді. Гете, Шлегель сияқты даналар 
оған қамқорлық көрсеткендіктен, анасы Артурды ең бір талантты 
адамдардың қатарына енгізді. Алайда баласы анасын жек көретін, 
сөйтіп, ол 1814 жылы одан біржола қол үзді.
Шопенгауэрдің ашуланшақ, кекшіл мінезі, сондай-ақ әйелдерге 
деген жеккөрініш сезімі дәл осы отбасында қалыптасты («Әйелдер 
туралы» эссе). Ол жалғыздығы үшін барлығына да ызалы еді. Оған 
Гегельдің атағы маза бермеді. Қалайда оны бір «тұқыртып» қалу 
үшін, Артур Гегель дәріс оқитын Берлин университетінде дәріс оқуға 
кірісті. Бірақ студенттер Гегель дәрісханасын тастап шығады деген 
үміті ақталмады: Шопенгауэрдің дәрісіне оннан аспайтын адам ғана 
қатысты. Бұл оны одан сайын ызаландырды. Кітаптарын ешкім сатып 
алмады, ал оған Гегельді кінәлады...
Бірақ Шопенгауэрдің ерік-жігері мен жұмысқа қабілеті ерекше еді. 
Ол жаңа еңбектер жаза-жаза, ақырында, даңққа жетті.
Оның пікірінше, әлемдік үдерістің негізінде соқыр, санасыз 
күштің – өмірге деген ерік-құштарлықтың күші жатыр. Бұл күш те 
өмірдің өзіндей мағынасыз, ал адамның өмірі тіпті мағынасыз. Оның 
мағынасыз болатын себебі – әрбір адамды өлім күтіп тұрса, көпшілік 
адамдар қорғансыз қарттықты, ауру-сырқаулықты бастан кешеді, 
қайғы-қасіретке тап болады. Бірақ өмірге деген құштарлық бізді ал-
дамшы елес тұзағына түсіріп, жат, бөтен әлемге жетелейді. Олардың 
алғашқысы – жыныстық құштарлық, ұрпақ жалғастыру түйсігі.
Алайда бәрі үшін ақы төлеу керек қой. Сөйтіп, біз өмір бойы әлдебір 
уақытта әкеміз құмарлыққа батып жүріп «қол қойған вексель бойын-


223
ша» ақы төлеп келеміз. «Оптимизм, – деп қорытады ойшыл, – адам-
затты қорлаудың ең бір аяусыз және жексұрын түрі». Бірақ адамның 
таңдауы бар. Бұл – өмірге деген құштарлықты өлтіру, яғни ертедегі 
индустар көре білген шындықты қабылдау (бұдда дінінің нирвана – 
жұмақ туралы ілімі).
Санадан тыс Әлемдік ерік енді көп ұзамай өзінің өмірге деген 
шексіз ұмтылысымен әлем негізіне жатады екен, онда алдыңғы фило-
софия ұсынған: материя, сана, рух, атом, монада және басқа санаттар 
жарамсыз деп жарияланады, өйткені әлем басынан-ақ ақылға сыймай-
тын, қисынсыз болды емес пе. Сөйтіп, Әлемдік ерік философияның 
негізгі санаты деп танылды.
«Ерік» санаты алдыңғы өткен философияда қаралмады деп сендіру, 
әрине, қателік болар еді. Ертеде «сана» және «ерік» санаттары әлі бір-
бірінен ажырамаған-ды. Сократ адамның жаман қылықтарын оның 
білместігінің нәтижесі деп санайды. Егер ол оның жаман екенін білсе, 
олай істемеген болар еді. Алайда Орта ғасырларда Августин ондай 
көзқарасты толық жоққа шығарды. «Мен бұның жаман екенін білемін, 
бірақ мені соған тартып тұрады, сондықтан мен соны істеймін де, 
«күнәға» батамын». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет