интеллигенцияның
(зиялы қауымның), яғни өздерін тұтастай
және толығымен ақыл-ой қызметіне арнаған адамдардың шығуы,
шын мәнінде, сол заманның ерекше оқиғасы болды. Азық-түлік
артықшылығының, байлықтың пайда болуы негізінде қоғамға енді
белгілі бір адамдар саны үшін шығармашылық, ақыл-ой жұмысы
үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкіндігі туды. Сөйтіп, жыраулар мен
ақындар, философтар мен көркем суретшілер, математиктер мен актер-
лер және т.б. шыға бастады. Сол сәттен бастап-ақ әлемдік тарихтың
шапшаң қадамы бірден-бірге қарқын ала берді. Тағы да К.Ясперске,
оның көрегендігіне жүгінейік: адам
рухының оянған
сәтінен
бастағанда,
барлық ғылымдардан бұрын философия
пайда болды.
Бірақ, шын мәнінде,
қазіргі заманғы ғылым
өзінің дүниеге келгені
үшін
жаңа заманға
, яғни
капитализмге
қарыздар. Оның отаны –
еуропа
. Егер Жаңа заман орнағанға дейін Шығыс пен Батыс өздерінің
даму деңгейі бойынша парапар болса, енді Еуропа алға ұмтылып
шықты. Шығыс елдерінің дамуы бәсеңдеп, артта қала бастады.
бұның
себебі неде?
Әдебиетте бұл күрделі сұраққа әрқилы жауаптар беріледі.
30
К.Ясперс оның терең бастауларын христиан дінінің рухани бағ-
дарларынан көреді. Біріншіден, Библия этосы, адам сол жолда
қаншалықты шаршап-шалдықса да, одан шындыққа жетуді талап
етеді. Екіншіден, Әлемді Құдай жаратқандықтан, оны (Әлемді) танып
білу – Құдай берген ойдың ізімен жүру дегенді білдіреді. Үшіншіден,
бүл дүние азап, қайғы-мұңға толы болғандықтан, олардың себептерін
зерттеп, Құдайды ақтау үшін солармен күрес жүргізу керек.
Әлбетте, бұл рухани себептердің болуы орынды. Бірақ К.Ясперс
Құдайдың адамға Әлемді билеуші болуды бұйырып, оны Өзіне ұқсас
бейнеде жаратқаны туралы христиан дінінің белгілі қағидасына
назар аудармаған сияқты. Біздің ойымызша, дәл осы қағида
ғылымның христиандық әлемде жедел дамуына себепші болған. Егер
жаратылыстанудың негізгі бағыттары жүзжылдықтар бойы нақ сол
табиғат құпияларын ашуға, оларды өз мақсаттарына пайдалануға және
табиғатты түбегейлі бағындыруға арналды десек, шындықтан онша
алшақ кете қоймаспыз. Сол себепті батыстық зерттеушілердің Еуро-
атлантикалық өркениеттің терең рухани-адамгершілік дағдарысын нақ
осы қағидадан көретіні кездейсоқ емес.
Алайда бұл мәселенің тағы өз әлеуметтік-экономикалық жағы бар.
Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу дәуірінің (XV-XVI ғғ.) аяқ басуы-
на байланысты болды, ол кезде Италияда алғаш рет капиталистік
қатынастар бастаулары пайда болып, еркін жалдамалы еңбек және
т.б. қолданыла бастаған. Содан кейін орын алған буржуазиялық-
демократиялық революциялар адамдарға еркіндік беріп, сословиелік
қатынастарды жоя отырып, барлықтарының құқықтарын теңестірді.
Жаңа жағдайда әрбір адам өзінің әл-ауқатын қалай жақсартуды, отба-
сын қалай асырауды ойлайтын болды. Бұл миллиондаған адамдардың
белсенділігін, олардың шығармашылық ізденіс-шабытын оятты, соның
нәтижесінде өндірістік күштер қуатты дамуға жетті. Бұл ғылым мен
техниканың қарқынды дамуының жетістігі еді.
Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылым мен техниканың даму-
ын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:
1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV
ғасырға дейін).
2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ға-
сырдың 70 жылдарына дейін).
3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең –
XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).
31
4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың
ортасынан осы уақытқа дейін).
Сөйтіп,
Достарыңызбен бөлісу: |