308
а)
әлемде бір-бірінен бөлінген есепсіз көп заттар өмір сүреді; олар
әртүрлі күштерге (тартылыс, тебу және т.с.с.) бола, бір-бірімен
өзара байланысқан
;
ә)
әлемде болып жататын барлық үдерістер дара кеңістік пен
уақыт шектерінде жүзеге асырылады
;
б)
әлемдегі барлық өзгерістер бірбағытты заңдылықтар негізінде
орын алады
;
в)
бір дененің басқа денеге әсері шапшаң болады
;
г)
әлемде барлығы да қажеттілікке бағынады, кездейсоқтық – әлі
де терең танылып болмаған құбылыс
.
Бұл постулаттардың барлығының да И.Ньютонның механикасынан
шыққанын түсіну қиын емес.
Әлемнің жалпығылыми көрінісіне келсек, әдетте, оның негізінде
әлемнің басымдық алған бір немесе басқа жеке ғылыми көрінісі
жатқанын көреміз. Ньютон физикасы
мен механикасының жоғарыда
аталған постулаттарын сол заманның ғылымы әлемнің жалпығылыми
көрінісі ретінде таныған. А.Эйнштейннің салыстырмалылық
теориясының классикалық емес жаратылыстануында да физи-
ка аясында жасалып шығарылған кванттық механика постулат-
тары әлемнің жалпығылыми көрінісінің негізіне алынған. Шын
мәнінде, әлемнің ғылыми көрінісінде ғылыми жаратылыстану және
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық көрнекті жетістіктері
қорытындыланған, бұл енді философияның ерекше құқы, басымдығы
болып табылады.
Метатеориялық білімнің гносеологиялық көзқарастары әртүрлі
ғылымдар аясында жасалып шығарылған таным ұстанымдарын
біртұтас жүйеге келтіруге байланысты. Мысалы, сәйкестік пен
қосымшалықтың, физикада жасалған
бақылау нәтижелерінің таным
ахуалына тәуелділігінің, ғылыми теорияларды математикада толықтай
түрге келтірудің мүмкін еместігінің ұстанымдары қазіргі заманғы
метатеориялық құрылымдарда кеңінен пайдаланылады.
Метатеориялық білімде оның аксиологиялық (құндылықтық)
көзқарастарына ерекше маңызды рөл бөлінеді. Егер ғылымның ішкі
құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі,
жүйелілігі және т.с.с. жатқызылса, ал сыртқы құндылықтарына
алынған білімнің пайдалылығы, тиімділігі,
қоғамның зияткерлік
әлеуетінің артуы және т.б. жатады.
Метатеориялық білімнің философиялық негіздемелері тура-
лы айтқанда, ғылым ғылыми қауымдастықтың тұтқынына түсіп
309
қалатын кезекті метафизикалық жүйе құрудан сақтандыра отырып,
философияның білімнің жалпығылыми жиынтығына араласуына
позитивизмнің қарсы шығатынын атап өткен жөн.
Екінші бір көзқарас, керісінше,
философияның маңыздылығын,
әсіресе ғылым тоқырауы және жаңа әдістемелік негіздемелер іздеу
кезеңдеріндегі маңыздылығын баса көрсетеді. Бірақ тоқыраудан
шыққаннан және зерттеудің жаңа жүйелерін құрғаннан кейін,
ғылымның философиялық негіздемелері өзінің айқындаушы рөлінен
айырылады.
Философия болмыстың мейлінше жалпы заңдылықтарын зерттейтін
болғандықтан, жеке ғылымдардың жетістіктерін қорытындылау
арқылы ғана ол өз мақсаттарына жете алмайды. Екінші жағынан, фило-
софия постулаттарына сүйене отырып, қисынды жолмен жеке ғылымдар
қағидаларын туғызу мүмкін емес. Алайда ғылымның философиялық
негіздемелерінсіз біз
Достарыңызбен бөлісу: