ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді.  Ол



Pdf көрінісі
бет35/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   382
Байланысты:
Философия

солон
патша келген соң, жағдай күрт өзгерді. 
Ол
б.з.д. 
594 жылы
жер аристократиясынан зорлық-зомбылық көр-
ген жұртшылықты қорғауға бағытталған ірі реформалар жаса-
ды. 
борыштық құлдыққа
тап болғандарды азат етті. Аса ауыр 
қылмыстарды қарау барысында тиісті шешімдер шығарылған кез-
де, соттардың ісіне қарапайым азаматтар тартыла бастады (қазіргі 
соттардағы сот ісіне қатысуға сайланатын адамдар сияқты). Адамдар 
мүліктерінің көлеміне
қарай бөлінетін болды, сондай-ақ отырық-
шылық шартын (ценз) енгізу арқылы қоғамдық өмірдің 
(фратрия)
ру-тайпа түрінде ұйымдастырылуына қатты соққы берілді. Осы 
мақсаттарда ел 
«навкрия»
деп аталатын 48 аймаққа бөлінді. Кейіннен 
барлық осы ірі өзгерістер 
клисфен конституциясында
(б.з.д. 509 
жыл) бекітілді.


43
Нәтижесінде, демократияның азаматтық 
теңдік
, сөз 
бостандығы

елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды 
иелену құқы
сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола 
бастады: қоғам өмірінің, мемлекет өмірінің мәселелерін талқылауға 
белсенді түрде қатысты. Жоғары биліктегілер мен аристократтарға 
бас ию келмеске кетті. Осы факторлардың барлығы 
адамдардың та
-
ланттары мен дарындарын
ашуға жеткізіп, қоғам оларды бірегейлігі, 
қоғамды жетілдіруге сіңірген еңбегі дәрежесіне қарай бағалай бастады. 
Бұл адамдардың патриоттық сезімін оятып, олар өздерін мақтанышпен 
эллиндер
деп атайтын болды. 
Әдебиетте дұрыс көрсетілгендей, жоғарыда аталып өткен түбегейлі 
өзгерістер 
темистен
(Құдай заңдарынан) 
номосқа
– адамдардың 
келісімдері нәтижесінде қалыптасатын адамдық заңдарға өтуге 
ықпалын тигізе отырып, іргелі құндылықтар мен нормаларды қайтадан 
бағалауға келтірді.
Оның үстіне, адамдық заңдарды адамдар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет