ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«Scientia» деген латын сөзінің шығу төркініне келер болсақ, ол да  «білім»



Pdf көрінісі
бет4/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382
Байланысты:
Философия

«Scientia»
деген латын сөзінің шығу төркініне келер болсақ, ол да 
«білім»
деп аударыла отырып, сонымен бірге 
ғылым
дегенді білдіреді. 
Дегенмен науқас адамды дуамен емдемекші болып жатқан бақсының 
білімін ғылыми негізді деп бағалау дұрыс бола қояр ма екен. Дәл осы 
сияқты, әрбір адамның күнделікті 
өмір тәжірибесінен
алынған белгілі 
бір 
білімдері
болады. 
тарихи
, яғни ғылыми танымға дейін пайда 
болған, адамдардың 
күнделікті өмір тәжірибесінен 
қалыптасатын 
білімдер
шыға бастайды. Олар әлі арнайы танымның нәтижесі болып 
табылмайды, бірақ күнделікті өмір қажеттіліктерінен (аң аулау, балық 
ұстау, еңбек құралдарын жасау, тұрғын үй салу, балаларды тәрбиелеу, 


7
көкөністер жинау және басқалары) туады. Осы тектес білімдерге 
халық даналығын жинақтаған мақалдар мен мәтелдерді, салттар мен 
дәстүрлерді жатқызуға болады. Бұл білімдер ертедегі адамдардың 
өмірлік бағыт-бағдарларына айналған. Олар: ағашты қалай отырғызу 
керек, үйді қалай салуға болады, тамақ қалай әзірленеді, қойды қалай 
бағу керек, қайтіп гүл өсіруге болады деген сияқты тәжірибелерге 
үйрету, баулу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Алай-
да оларды да ғылыми білімдерге жатқызу жөн бола қоймас. Ол 
білімдер адамдарға қажет болған заттар мен құбылыстарға сансыз 
көп тәжірибелер жасау, адамдардың мыңжылдықтар бойы әртүрлі 
жағдайларға бейімделуі нәтижесінде жинақталған.
Әртүрлі 
қиял-ғажайыптардың
(мифтер), 
аңыздардың
көркемделіп 
берілуі (шығармашылығы) арқылы алғашқы ата-бабаларымыз біздерге 
өздерінің бар өмірлік тәжірибесі, қиялдары мен еліктеуі, армандары 
жинақталған дүниетанымын, өзара және қоршаған ортамен қарым-
қатынастарын жеткізді. Ал соларда белгілі бір білім бар ма? Сөз 
жоқ, бар! Тұрмыс-тіршілік мағынасындағы мәселелерді шешу үшін, 
біз оларға қайта-қайта жүгініп отырамыз, олардан шабыт алып, ата-
бабаларымыздың даналығына сүйсінеміз.
Сонымен қатар кез келген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет