ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет48/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   382
Байланысты:
Философия

таным теориясына
келсек, онда оның негізінде 
анам
-
нез
(грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан 
тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге, 
яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексіз-
шетсіз көкжиектеріне тұңғиық тереңнен көз сүзетін тұтқынды еске 
түсіреді. Мысалы, оқушы бір математикалық есепті шығарып отыр 
дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде 
математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда 
оқушының басына есептің шешімі келе қалады.
Сезімдік таным көбіне-көп алдамшы, өйткені бұл тән әлемінің өзі 
тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны 
докса
(грекше doxa – пікір) 
деп атайды. Бірақ, егер сезімдік тәжірибенің деректері түсініктерге 
негізделсе, онда ғылым қақпалары (грекше episteme – жазу, ғылым) 
ашылады.
Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес. 
Одан да әлеуеттірек күш бар – ол 
Эрос, яғни сүйіспеншілік
. Олар 
екі әлемді байланыстыратын көпірлер іспетті. Даналықты сүю деп 
түсінілетін философияның өзі шындыққа, жақсылыққа және әсемдікке 
деген сүйіспеншілік болып шығады.
Платонның ойынша, сүйіспеншіліктің алғашқы баспалдағы 
жыныстық махаббат, тән сұлулығына ұмтылу, сонымен қосылу болып 
табылады, соның нәтижесінде жаңа өмір бастауы пайда болады, адам-
зат тегінің ажалсыздығы қамтамасыз етіледі.
Екінші сатыда сүйіспеншілікті ары қарай асқақтату, енді адамның 
тәніне емес, жанына ұмтылу орын алады. Қазіргі заманғы термин-
дер тілімен айтқанда, бұл – оларды өзара байытып тұратын басқамен 
терең байланыс орнатуға талпыну. Нәтижесінде, адамның жанына 


55
Шындықтың, Жақсылықтың, Әсемдіктің ұрықтары себіліп, білімдерге, 
өнерге, әділеттілікке ұмтылу пайда болады.
Үшінші сатыда сүйіспеншілік жанымызды Ғажайыппен және 
Игілікпен біріктіре отырып, бізді Идеялар әлеміне жеткізеді.
Платон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет