драйверлер бірінші жабдық кестесінде анықталады. Ол виртуалды құрылғыны
жүйелік кестесімен байланыстыру үшін екінші жүйелік кестесі қолданылады.
Шартты біз оны виртуалды логикалық құрылғының сипаттама кестесі дейміз
(DRT – device reference table)
Енгізу-шығару үрдісін басқару.
1 - әрекет. Орындалып жатқан программадан енгізу-шығару операциясына
сұраныс супервизорға түседі.
1.1 - әрекет. Супервизор жүйелік шақыруды қабылданған
спецификацияларға сәйкестігін тексереді және қате болған жағдайда есепке
сәйкес хабарлама жібереді.
2 - әрекет. Егер сұраныс дұрыс болса, онда есеп енгізу-шығару
супервизорына бағытталады.
2.2- әрекет. Супервизор виртуаль аты арқылы (DRT кестесінен құрылғы
кестесіне сәйкес UCB элементін табады. Егер құрылғы бос болмаса, онда есеп
сипаттаушы құрылғыны күтіп есептер тізіміне орналастырады.
3 - әрекет. Егер құрылғы бос болса, онда енгізу-шығару супервизоры UCB
–дан құрылғының типін анықтайды, және қажет санашықты іске қосады, ол
құрылғыны түсінетін және орындайтын басқару деректерін және кодтарын
ашуға береді.
4 - әрекет енгізу-шығару басқаратын «программа» дайын болған кезде
енгізу-шығару супервизоры басқаруды сәйкес драйверіне береді (іске қосу
секциясы).
5 - әрекет. Драйвер басқару операциясын инициализациялайды тайм-аут
санауышын нөлдейді және санашыққа орындалуға дайын есепті қою үшін
супервизорға (есеп диспетчеріне) басқаруді қайтарады.
6 - әрекет. Жүйе жұмысты кезегімен орындайды, бірақ енгізу-шығару
құрылғысы жіберілген команданы орындап болған соң, үзуге сұраныс сигналын
орнатады және үзу кестесі арқылы басқару жалғастыру секциясына беріледі.
Жаңа команданы алған соң құрылғы оны орындайды және саннашықпен
басқаруды қайтадан есеп диспетчеріне қайтарады, ал санашық өзінің жұмысын
жалғастырады. Сонымен есептердің параллель өнделуі болады, соның
көрісінде санашық енгізу-шығару операцияларының басқаруын жүзеге
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: