91
Талқылаудан кейін әр топтың өкілі барлық қатысушылардың ұйғарымынан
туындаған анықтамамен таныстырады. Топтарда талқылау аяқталғаннан кейін
әрбір анықтама тақтаға немесе үлкен ватман парағына жазылады.
Топтар өз
анықтамаларын ұсынғаннан кейін, жүргізуші алдын ала дайындалған
анықтамаларды аудиторияға қарай «бетімен» бұрады. Қатысушылар осы
анықтамалармен танысуға және оларға өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік
алады.
«Толеранттық» сөзі әртүрлі тілдерде бірдей мағынаға ие:
•
испан тілінде ол өзінікінен өзгеше идеяларды немесе пікірлерді тану
қабілетін білдіреді;
•
француз тілінде ‒ басқалардың сенен өзгеше ойлауы немесе әрекет етуі
мүмкін деп жол беретін қарым-қатынас;
•
ағылшын тілінде ‒ шыдамды, мейірімді болуға дайындық;
•
қытай тілінде ‒ мүмкіндік беру,
қабылдау, басқаларға қарым-қатынас
бойынша кең пейілді болу;
•
араб тілінде ‒ кешірім, кең пейілділік, жұмсақтық, қайырымдылық,
жанашырлық, мейірімділік, шыдамдылық, басқаларға пейілділік;
•
орыс тілінде ‒ бірдеңеге немесе біреуге шыдамдылық (ұстамды,
шыдамды,
тұрақты болу, бірдеңенің, біреудің бар болуын қабылдай білу)
таныту қабілеті.
Әңгіме:
Достарыңызбен бөлісу: