Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет41/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   152
1. Кіріспе бөлім 
«Келіңдер, бір-бірімізге комплименттер айтайық» жаттығуы 
Жаттығу нұсқалары: 

Қатысушылар ретсіз қозғалады, жүргізушінің белгісі бойынша олар 
тоқтайды және жанында тұрған балаға өзара комплименттер (сыртқы келбеті, 
жеке қасиеттері және т.б. бойынша) айтады. Жүргізушінің жаңа белгісі 
бойынша қозғалыс қайта басталады. Барлық қатысушылар өз аттарына 
комплименттер естігенге дейін жаттығу жалғаса береді. 

Әр қатысушы 5 қағаз гүлден алады. Гүлдерде комплименттер 
жазылады, гүлдер топтың кез келген бес мүшесіне қалауы бойынша 
тапсырылады. Осылай гүл шоқтары қалыптасады. Жетекшінің міндеті ‒ топтың 
ешбір мүшесі гүлсіз қалмауын қадағалау. 
2. Негізгі бөлім
«Себет» жаттығуы 
Оқушыларға орман сыйының (саңырауқұлақтар, бүрлер, жидектер, 
гүлдер және т.б.) суреттері бар кез келген дайындамалар немесе жеке тұлғаның 
жағымды қасиеттері жазылған бірдей қағаз жолақтары беріледі. Жүргізуші 
шеңбер бойынша барлығын айналып өтіп, осы жапырақшаларды «себетке» 
жинайды. Содан кейін оларды тақтаға іледі (тұлғаның қайталанатын белгілері 
бөлек алынады). 
«Толерантты тұлғаның қасиеттері» жаттығуы 
Алынған тізімнен («Себет»
 
жаттығуы) оқушылар толерантты тұлғаның 
(7-
10) белгілерін бөліп алады. Содан кейін оларға бұл тізімді алдын ала 
дайындалған бланкідегі тізіммен салыстыру ұсынылады. Талқылау барысында 
тізім түзетіледі. 
Толерантты тұлғаның қасиеттері: 
Білуге құмарлық. Бірге уайымдау қабілеті. Басқаларға ынталы. 
Кішіпейілділік. Ізгілік. Тыңдай білу. Әзіл-оспақты түсіне білу. Қайырымдылық. 
Сенім. Өзін-өзі ұстай білу. Ізгі ниеттілік. Өзгешеліктерге төзімділік. 
Осыдан кейін барлығы жеке-жеке жұмыс істейді. Әрқайсысы онда 
қаншалықты байқалатындығына байланысты, жаңадан алынған тізімде әр 
белгінің жанынан 0-ден 5-ке дейін балл қояды. 
Одан әрі жүргізуші тақтадағы бланкіні толтырады. Ол үшін ол жеке 
тұлғаның бірінші қасиетінің және т.б. жанына ең жоғары балл (орташа 
арифметикалық есептеуге болады) қойғандардан қол көтеруін сұрайды. 
Осылайша, сабаққа қатысқандардың көзқарасы бойынша толерантты 
тұлға қасиеттерінің тізімі жасалады. Оған ең көп балл жинаған 5-6 қасиет 
кіреді. 
Балалар бұл тізімді өздерінікімен салыстырады. 
«Ғажайып дүкен» жаттығуы 
Топ қатысушыларынан ерекше «заттар»: шыдамдылық, кішіпейілділік


94 
басқаларға ынталылық, әзілқойлық, сезімталдық, сенім, альтруизм
өзгешеліктерге төзімділік, өзін-өзі ұстай білу, тілектестік, басқаларды 
айыптауға ынтасыздық, ізгілік, тыңдай білу, білуге құмарлық, бірге уайымдау 
қабілеті бар дүкен бар деп елестетуді сұраңыз. 
Жүргізуші сатушы рөлін атқарады, ол адамның қасиеттерін басқаларға 
ауыстыру арқылы «сатады». Қатысушылардың біреуі шақырылады. Ол өзінде 
жоқ бір немесе бірнеше «затты» сатып ала алады. Мысалы, сатып алушы 
сатушыдан шыдамдылықты сұрайды. Сатушы қатысушыдан оған қанша 
шыдамдылық қажет екенін, оған неге керектігін, кімге шыдамды болғысы 
келетінін сұрайды. Төлем ретінде жүргізуші орнына бірдеңе сұрайды, мысалы, 
қатысушы ақыны өзінің бойынша жетіп-артылатын әзіл-сықақпен төлей алады. 
3. Бекіту, қорытынды 
Жүргізуші сабақ қорытындысын шығарады: 

Толерантты тұлғаға қандай қасиеттер тән? 

Интолерантты тұлға үшін қандай қасиеттер тән? 

Сендердің ойларыңша, толерантты тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті 
жағдайлар қандай? 

Бүгін жаңадан не білдіңіз? 
Сабақ №4: Өзіңе және өзгелерге төзімділік 
Мақсаттары: 
өзіне деген қарым-қатынас басқаларға деген төзімділікпен 
қалай байланысты екенін ұғыну; жеке тұлғаның өз-өзіне деген қарым-қатынасы 
жүйесіндегі өзіндік қадір-қасиет сезімінің рөлін түсіну; жоғары сынып 
оқушыларында өзін-өзі позитивті бағалау қасиетін қалыптастыру; 
жасөспірімдердің өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін ұғынуы; өз 
портретін айналадағылардың ол туралы сипаттамасымен салыстыру; қарым-
қатынасты қандай тәсілдермен толерантты етуге болатынын түсіну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет