Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет44/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152
3. Бекіту, қорытынды 
Өзіңді басқа адамның орнына қою және оның уайымын түсіну қиын ба? 
Қандай топтағы адамдар аяу, қолдау, түсіну сияқты әрекетке мұқтаж? 
Сабақ №6: Толеранттық шектері
Мақсаты: 
толерантты мінез-құлық шектерін түсіну; сол немесе өзге 
жағдайда 
толерантты 
мінез-құлықтың 
қолданылуын 
айқындайтын 
өлшемшарттарды түсіну; сыни талдау, ойлау дербестігі қабілеттерін дамыту
әлеуметтік қабылдауды дамыту. 
Жабдық және материалдар: 
доп, Адам құқықтары декларациясы
(1948 жылғы 10 желтоқсандағы), Толеранттық принциптерінің декларациясы 


99 
(1995 жылғы 16 қарашадағы) 
Сабақтың барысы: 
1.
 
Кіріспе бөлім 
«Сөз айтып үлгер» жаттығуы 
Ойынға қатысушылар бір-біріне доп лақтырады. Допты лақтырушы кез 
келген зат есімді атайды, ал допты қағып алған адам тез арада мағынасына 
келетін етістікті айтады. Мағынасы келмейтін сөз айтқан адам ойыннан 
шығады. Етістікті дұрыс тауып айтқан адам өз зат есімін айтады да, допты 
келесі қатысушыға лақтырады. Ойын жылдам қарқында өткізілу керек.
2.
 
Негізгі бөлім: 
Адам құқықтары декларациясын, Толеранттық принциптерінің 
декларациясын талқылау. 
Өткізу рәсімі. 
Жүргізуші Жалпыға бірдей адам құқықтары 
декларациясын мынадай сұрақтар бойынша талқылауды ұсынады: 

Адамның қандай құқықтары жиі бұзылады? 

Қандай интолеранттық іс-әрекеттер адам құқықтарының бұзылуына 
әкеп соғады? 

Адам құқығын бұзудың қандай салдарын айта аласыңдар? 

Этникалық қақтығыстар жағдайында адамның қандай құқықтары 
бұзылады? 

Адам құқықтары бұзылған жағдайда қандай іс-әрекеттер қолданылады? 

Адам құқығын сақтауға нақты адам қалай әсер ете алады? 
Толеранттық принциптерінің декларациясы мынадай сұрақтар бойынша 
талқыланады: 

«Толерантттық» ұғымын қалай түсінесіңдер? 
-
Толеранттық қоғамды қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекет 
қандай іс-шаралар өткізуге тиіс? Ол бұған қатысуға тиіс пе? 

Әлемде толеранттықтың мағынасы қандай? 
«Толеранттық кодексі». 
Жүргізуші топтың қатысушыларына Жалпыға бірдей адам құқықтары 
декларациясының негізінде «Толеранттық кодексін» жасауды ұсынады. Әр 
қатысушы декларациядан, оның пікірінше, «Толеранттық кодексі» үшін едәуір 
маңызды деп есептеген 10 бапты белгілейді. Содан кейін жүргізуші баптардың 
нөмірлерін атайды және жалпы дауыс беру арқылы ең көп дауыс жинаған 10 
бапты таңдайды. Ең көп дауыс жинаған баптардың нөмірлері тақтаға 
жазылады, жүргізуші олардың мазмұнын оқиды.
3.
 
Бекіту, қорытынды 
Интолерантты мінез-құлықты ақтау мүмкін бе? Егер иә болса, онда 
қандай жағдайларда? 
– 
Өмірдің қандай салаларында толеранттық-интолеранттық мәселесі өте 
өткір? 
Сабақ №7: Біз әртүрлі жандармыз
(ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға толерантты қарым-
қатынасты қалыптастыру) 


100 
Мақсаты: 
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға толерантты қарым-
қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау; қоғамға деген төзімділікті, бізге 
сыртқы 
келбетімен 
ұқсамайтын 
адамдарға 
төзімділікті 
дамыту; 
коммуникативтік дағдыларды дамыту. 
Жабдықтар мен материалдар:
көзге таңғыштар жасау, қатысушылардың 
саны бойынша қағаз парақтарын, фломастерлерді, плеерлерді дайындау. 
Сабақтың барысы: 
1.
 
Кіріспе бөлім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет