Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет46/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152
3.
 
Бекіту, қорытынды
-
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға басқалармен араласу қаншалықты 
қиын? 
-
Біз оларға қалай көмектесе аламыз? 
-
Неліктен «мүгедек» сөзі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ауыр болып 
табылады? 
-
Өмірде сендерді түсінбейтін адаммен бір нәрсе туралы келісу қажет 
болатын жағдай кездесе ме? Бұл жағдайда не істеу керек? 
Сабақтың қорытындысы:
«Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ әркім өзінше 
ерекше. Басқалар өзіңе қалай қарасын десең, өзгелерге солай қара». 
Осылайша, білім беру ұйымдары оқушыларының инклюзивтік мәдениетін 
қалыптастыру ‒ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру 
ортасына енгізудің маңызды шарты. Дені сау, жақсы дамыған 


102 
сыныптастарымен қарым-қатынас жасау дамуы бұзылған балаларға күшті 
ынталандырушы әсер етеді. 
Ең бастысы, осы әлемде, біздің қоғамда, біздің елімізде ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың бағасы өзгереді. Ерекше білім беру қажеттілігі 
бар балаларға бүгінгі күні арнайы ұйымдарда білім алу міндетті емес, 
керісінше, сапалы білім алу және өмірге бейімделу дағдыларын олар белгілі бір 
жағдайларда қарапайым мектепте де алады. 
Үйде оқитын тұлғаларды әлеуметтендіру, қарым-қатынас жасау 
мәселелерін шешудің ең тиімді тәсілі оқу және тәрбие процесінде ақпараттық 
және коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану болып табылады. 
Мұндай кең таралған әдіс қашықтықтан оқыту (қарым-қатынас) болып 
табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, үйде оқитын балаларда қарым-қатынас 
шеңбері шектеулі, пән мұғалімімен қарым-қатынас жеткіліксіз. Қашықтықтан 
оқыту технологияларын (ҚОТ) және қарым-қатынасты пайдалану балаларға 
барлық мектеп іс-шараларына қатысу, оқыту мен тәрбиенің қызықтыратын 
мәселелері бойынша қосымша кеңес алу мүмкіндігін береді. 
Тосқауылсыз орта құру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы
«Ә. Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» ММ-де «Қарым-қатынас» орталығы 
құрылды. 
Жобаның идеясы:
Компьютерлік коммуникация құралдарын пайдалана 
отырып, ақпаратты қашықтықтан беру және қабылдау саласындағы заманауи 
прогресс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қарым-қатынас 
жасау қызметтерін одан да сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты
:
-
мектепте қарым-қатынастың бейімделу ортасын құру (әлеуметтік 
кедергілерді жою, қатысу әсері), баланы психологиялық сүйемелдеу (мектеп 
психологы мен педагогтарының қолдауы), қарым-қатынастың ұйымдастыру 
формаларын өзгерту (ҚОТ құралдары), балалардың, ата-аналардың, 
педагогтардың инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру, 
-
тұратын жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулық жағдайына 
және өмірдің басқа жағдайларына қарамастан, үйде оқитын мектеп 
оқушыларының коммуникативтік және білім алу қажеттіліктерін толық 
қанағаттандыру. 
Қарым-қатынас (қосымша сабақ) еркін әңгімелесу, жеке консультация, 
мектеп және мектептен тыс іс-шараларға өз бетінше қатысу түрінде жүзеге 
асырылады. Қазір барлығында гаджеттер, ұялы телефон және компьютер бар
онда қарым-қатынас құралы ретінде скайп орнатуға болады. Скайп арқылы 
үйде оқитын әрбір оқушы ауа райы жағдайына және тұратын жеріне 
қарамастан, мектептің кез келген педагогымен кеңес алуға, өзінің 
сыныптастары мен сынып жетекшісімен сөйлесуге және көруге мүмкіндігі бар. 
Бұл оқушы үшін ғана емес, педагог үшін де пайдалы. Барлық пәндердің 
оқу материалдары бойынша (қажеттілігіне қарай) форумдар, телефон, чат, 
электрондық пошта арқылы оқушылардың оқуға және тәрбиеге танымдық 
қызығушылығын ынталандыратын бейнеконференциялар, мұғалімдердің 


103 
интерактивті дистанциялық кеңестерін ұйымдастыру үшін жағдайлар 
жасалады, білім беру процесіне қатысушылардың барлығында инклюзивтік 
мәдениет қалыптасады (төзімділік сабақтарын, тақырыптық сабақтарды өткізу, 
ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау, ата-аналарды қарым-
қатынас процесіне қосу). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет