107
ерекшеліктеріне,
мәдениет, білім деңгейіне және басқа да факторларға сәйкес
әртүрлі әрекет етеді. Ата-аналардың бейімделушілігі олардың өз баласының
даму ерекшеліктері, психикалық даму сапасының негізгі сипаттамалары және
олардың жас нормаларына сәйкестігі, эмоциялық-позитивті қарым-қатынастың
рөлі, ойын қызметі және т.б. туралы хабардарлығын білдіреді.
Отбасы деңгейінде инклюзияны қолдауға дайын болмау себебі өз өміріне
және баласының өміріне қатысты шешім қабылдауда құзыреттіліктің болмауы
болып табылады.
Ата-аналардың құзыреттілігі, көбінесе, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар баламен өзара іс-қимыл жасау
проблемасы бойынша білімге
ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мамандар арасындағы өзара қарым-
қатынастарға, бала үшін белгілі бір қызмет түрлерін алу мүмкіндігіне
байланысты. Ерекше білім беру қажеттілігі бар
балалардың дені сау балалар
сияқты өмір сүруге құқығы бар. Бұл құқық қарапайым білім беру ұйымына
бару, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен қарым-қатынас жасау
мүмкіндігі арқылы іске асырылады. Осылайша, қазіргі уақытта ерекше білім
беру қажеттіліктері бар балаларды кәдімгі құрдастарының
ортасына біріктіру
және қосу қажеттілігін түсіну уақыты келді.
Жалпы алғанда, қоғам инклюзивті білім беруге біркелкі қарамайтынын
атап өтейік. Әртүрлі зерттеулер инклюзияны дамытуға
қарапайым балалардың
да, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың да ата-аналары
қызығушылық танытатынын көрсетті.
Мәселен, қалыпты дамып келе жатқан, дені сау балалар ата-аналарының
70%-
ы олардың балаларының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен
оқуын қолайлы деп санайды, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды
кәдімгі құрдастарының ортасына қосу
соңғыларда толеранттылықтың, өзара
көмектің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл ретте, қарапайым балалардың ата-
аналары білім беру ұйымы педагогтарының ерекше күш-жігер көрсетуі
керектігін атап өтеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар ата-аналарының арасында
тағы 76% бірлесіп оқытудың
артықшылығымен келіседі, бірақ ол үшін түрлі
сипаттағы бірқатар кедергілерді еңсеру қажеттігін түсінеді.
Осындай кедергілердің бірі ‒ денсаулығының мүмкіндігі шектеулі
балаларға жағымсыз қарым-қатынастың тұрмыстық үлгісі болып табылады.
Қарапайым балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың
бірлесіп білім алуына қатысты
Достарыңызбен бөлісу: