Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет50/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152
теріс пікірдегі ата-аналар
инклюзивті білім 
беруді орынсыз деп санайды. Мұндай ата-аналардың басым көпшілігі өз 
баласына көңіл бөледі, ерекше білім беру құажеттіліктері бар баланы әдеттегі 
сыныпта немесе балабақша тобында оқыту мен тәрбиелеу білім беру сапасын 
төмендетеді, қалыпты балада психологиялық жарақаттардың дамуына ықпал 
етеді деп есептейді. 
Инклюзивті білім берудің 
жақтастары болып табылатын ата-аналар
қарапайым балаларды ерекше білім беру құажеттіліктері бар балалармен 
бірлесіп оқыту және тәрбиелеу олардың баласында жеке тұлғаның әлеуметтік 
қалаулы қасиеттерін (қайырымдылықты, жауапкершілікті, мейірімділікті), 


108 
дүниетанымының оң өзгеруін, құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастыруға 
ықпал етеді деп санайды [25]. 
Осылайша, инклюзивтік мәдениеттің мәні ‒ ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларға деген құндылық қарым-қатынас. Инклюзивті білім 
беру процесінде балалардың да, ата-аналардың да «ерекше» балаларға деген 
шыдамды қарым-қатынасы, оларға құрмет көрсету, олардың проблемаларына 
мұқият қарау сияқты тәрбиемен байланысты маңызды проблеманың шешімі 
анықталады. 
Ата-аналардың инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл жалпы инклюзивтік 
мәдениеттің бір бөлігі. Оны ата-аналарда қалыптастыру ‒ бұл дені сау балалар 
үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жаңа позитивті 
ресурс ретінде инклюзивті білім беру идеяларын қоғамның қабылдауы. 
Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ата-аналардың инклюзивтік 
мәдениетін қалыптастырудың тиімді шарты болып табылады. Мамандардың 
ата-аналармен өзара іс-қимылының негізгі факторлары барлық балаларға оң 
көзқарас, мінез-құлықтың конструктивті тәсілдерін көрсету, тиімді өзара іс-
қимылды позитивті нығайту және ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету 
болып табылады. 
Білім беру ұйымында ата-аналардың инклюзивтік мәдениетін 
қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұсынамыз. 
Іс-шаралар кешенінің мақсаты: 
білім беру ұйымында оқушылар ата-
аналарының инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру. 
Міндеттері: 
1)
инклюзивті процестің барлық қатысушыларын қанағаттандыратын 
жағдайлар жасау; 
2)
ата-аналар мен педагогтар арасында серіктестік қарым-қатынасты 
қалыптастыру; 
3)
ата-аналар қауымдастығын дамыту ‒ ата-аналар бірлестіктерінің 
пайда болуы. 
Іс-шаралар кешенін әзірлеген кезде 
мынадай принциптерді
ескеру қажет:
1) Жеке тәсілді іске асыру: 
Инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің 
толықтырылуын қалыптастырған кезде ата-аналарға жеке тәсіл принципін 
ескеру маңызды. Жеке тәсіл білім беру қатынастарының әрбір қатысушысының 
жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, өзара іс-қимыл формаларын
әдістері мен құралдарын таңдауды көздейді. Ата- аналармен өзара іс-қимылдың 
барлық түрлері негізгі міндетті шешуге бағытталуы тиіс ‒ ата-аналардың 
құзыреттілік деңгейін арттыруға және оларды инклюзивті білім беруді іске 
асыру мәселелерінде ынтымақтастыққа тартуға мүмкіндік беретін, оқушылар 
ата-аналарының инклюзивтік мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру.
Ақпараттық-ағартушылық қолдау инклюзивті білім беруге қатысты ұстанымды 
қалыптастырады, инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру үшін қолайлы 
жағдайлар жасау білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 


109 
1)
 
Барлық қатысушыларды белсенді қосу: 
Ұйымдастырушылық 
шешімдерді әзірлеу және қабылдаудың командалық формалары: жиналыстар, 
командалық тренингтер, жобалық топтар, ата-аналар комитеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет