111
Осылайша, ата-аналар мен білім беру ұйымдарының тиімді өзара іс-
қимылын ұйымдастыру үшін кейбір жағдайларды ескеру қажет:
•
топтың әрбір мүшесінің тұлғасына деген құрмет пен қызығушылыққа
негізделген педагогтар мен ата-аналардың ортақ командасын құру қажет;
•
білім беру қатынастарының барлық қатысушылары арасында бір-біріне
қолдау көрсете білуді қалыптастыру маңызды;
•
міндетті түрде ата-аналардың сұрауларын ескеру.
Инклюзивті білім беру процесін іске асырудың тиімді шарты білім беру
ұйымында табысты қалыптасқан инклюзивтік мәдениет болып табылады. Білім
беру ұйымында ата-аналардың инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру
бойынша іс-шаралар кешенін пайдалану оң нәтиже береді. Ата-аналар білім
беру ұйымының қызметіне жиі қызығушылық танытады, оқу-тәрбие процесіне
белсенді қатысады, өзара іс-қимылдың жаңа формаларын ұсынады.
Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті табысты құрудағы
басты фактор ата-аналар болып табылады, өйткені олар білім беру ұйымы мен
бала арасындағы тікелей делдал болып табылады.
Ата-аналардың инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл жалпы инклюзивтік
мәдениеттің бір бөлігі. Оны ата-аналарда қалыптастыру ‒ бұл ата-аналар
қауымының дені сау балалар үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балалар үшін де жаңа позитивті ресурс ретінде инклюзивті білім беру идеясын
қабылдауы.
Жалпы білім беру ұйымдарында
Достарыңызбен бөлісу: