132
Мақсаты: нақты іс-әрекетте аяушылық көрсету.
В. Томилинаның «Солидарность» өлеңі:
Мысық пен зырылдауық үшін
Інім тағы бұрышта, - деп
жылайды Лена қыз:
Қатты аяймын інімді.
Дауысқа сап жылады,
Содан барып тыйылды
Үндемеді бір мезет
Жылауын да доғарды...
Інісінің жанына
Тұра қалды бұрышқа.
Балалар сұрақтарға жауап береді: Қыз нені уайымдап тұр?
Неліктен ол
уайымдайды? Оның себебі қандай? Тек қана кішкентайлар емес, сонымен бірге
құрбылас достар да көңіл бөлгенді, қамқорлық көрсеткенді қажет ететіні
айтылады. Оның аяушылығы нақты бір іс-әрекетте байқалады:
егер кенеттен
құласа, онда оған тұруға көмектесу керек; егер ол ауырсынса, жұбатыңдар.
Балалар жұппен этюдтарды ойнайды.
«Досыңды тап» ойыны
Мақсаты
: Балаларға сезінуді және уайымдауды, достық қарым-қатынас
орнатуды үйрету.
Балалар топтарға бөлінеді. Бір топ қатысушыларының көздері байланады,
бөлменің ішінде жүруге мүмкіндік
беріледі, содан кейін бірін-бірі тауып, кім
екенін айту ұсынылады. Қолдарының көмегімен шашын, киімін,
қолдарын
сипап, білуге болады. Досын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады.
«Менің достарым»
Мақсаты:
Балалардың топ ішіндегі өзара қарым-қатынасын анықтау,
өзінің ерекшеліктері мен досының ерекшеліктерін түсіне білу.
Жүргізуші бір-бірінің суретін салуды ұсынады. Балалар өз достарының
суретін адамдар түрінде де, жануарлар, құстар, гүлдер, ағаштар түрінде де сала
алады. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар суреттерді талқылайды және
сұрақтарға жауап береді: мұнда кім бейнеленген? Неге осылай салынған?
«Мені тап» жаттығуы
Ойынға қатысушылар шеңберге жасап және бір-бірінің қолдарынан ұстап
тұрады. Шеңбердің ортасында екі ойыншы. Біреуінің көзі жабылған.
Жүргізушінің командасы бойынша көзі байланған ойыншы екінші ойыншыны
ұстап алуға тырысады. Қалғандарының барлығы
оған дұрыс жолын айтуға
тырысады, оған: «оңға, солға, тура, артқа, ыстық, суық» командаларын береді.
Екінші ойыншы ұсталғаннан кейін екінші жұп шығады.
3.
Бекіту, қорытынды
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды әңгіме:
Достарыңызбен бөлісу: