•
Достардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылуы керектігі
туралы бүгін сендер не білдіңдер?
133
•
Айтшы, бұрын сенің досың не құрбың болды ма? Сендердің
араларыңдағы қарым-қатынас қандай еді?
Этикетті тапсырма
Елестетіп көр, сенің досың не құрбың, көршің, таныстарың, сендердің
құрдастарың балдақпен жүреді немесе мүгедектер арбасына танылған - оларда
жүріп-тұрумен байланысты қиындықтар бар. Олардың сендерден ешқандай
айырмашылығы жоқ, одан басқа, оларға жүріп-тұру өте қиын, олар да осындай
іс-шараға қатысқысы келеді. Мұндай жағдайда сендер не істейсіңдер?
Жүргізуші.
Ал енді қорытынды жасайық:
«Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ әркім өзінше ерекше. Басқалар өзіңе қалай
қарасын десең, өзгелерге солай қара, басқаларды түсінуді және қабылдауды
үйрен, сонда досты беки түседі». Педагог бір-біріне күлімсіреуді және
қолдарын алуды ұсынады.
Достық қағидалары. Барлық кездесулердің қорытындысы ретінде балалар
достықтың кейбір тәсілдері мен қағидалары туралы айтады, олар «Достық
қағидаларына» ресімделеді, ол балалардың қарым-қатынасы кикілжіңсіз және
даусыз болуына ықпал етеді.
•
Жолдасыңа көмектес, егер қолыңнан бір нәрсе келсе, онда оны да
үйрет. Егер жолдасың қиындыққа ұшыраса, қолыңнан келгенше көмектес.
•
Жолдасыңмен бөліс, ең жақсысын досыңа бергің келетіндей болып
ойна.
•
Ол жаман нәрсе жасаса, жолдасыңды тоқтат.
•
Жолдасыңның жетістіктеріне қуана біл.
•
Басқа балалардың көмегін, кеңесін жақсы қабылдай біл.
Сабақ № 5: Біз осы әлемдеміз
Мақсаты:
басқаны өзің сияқты түсінуді үйрен, «командада» жұмыс істеу
қажеттілігін қалыптастыру.
Материалдар мен жабдықтар:
мектеп өмірінен суреттер фрагменттері
бар карточкалар, олардан тұтас картиналар құрастырылады, конструкторлар,
негізгі кезеңге арналған тарату материалы.
Сабақтың барысы:
1.
Кіріспе бөлім
«Біз қандаймыз?» тақырыбына кіріспе әңгіме.
Өзің туралы және кім, не жасай алатыны туралы айтып бер: ән айту, сурет
салу, билеу, музыкалық аспапта ойнау, футбол, шахмат, дойбы ойнау, жүгіру
және т.б..
2.
Негізгі бөлім
«Картинка жина» ойыны
Сендердің мектеп өмірлеріңнен алынған фотосуреттер фрагменттерінен
осы сюжеттердің толық суретін жинаңдар.
Балалар қалауы бойынша 3-4 адамнан топтарға бөлінеді және мектеп
өмірінен алынған фотосуреттер фрагменттерін алады. Олардан сол немесе өзге
134
сюжеттің толық картинасын құрастыру керек. Содан кейін фотографиядағы
оқиға туралы айтып беру. Ұйымшылдықпен және тез жұмыс істеген және
әңгімесі толығырақ болған команда жеңеді.
Ойланып көріңдер, ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек?
«Кім нені бәрінен жақсы жасайды?»
Қазір сендер кез келген жұмыстың табысты болуы топтың
ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты екеніне көз жеткізесіңдер. Ал
сендердің жұмыстарың сондай болу үшін ең алдымен не қажет екенін таңдап,
астын сызыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |