71
құбылыс болса, саяси партиялардың өмірі де дәл сондай. Сондықтан бір
жағынан жаңа партиялар қалыптасып жатса, екінші жағынан кейбір партиялар
ыдырап, қызметін тоқтатып жатады.
Бірақ тарихи ұзақ уақыт,
XIX
ғасырда пайда болып, осы күнге дейін
өзінің мүдделестеріне адал қызмет жасап, саяси мол тәжірибе жинап, халыққа
дәстүрлі партия болып танылғандары да бар. Олар: АҚШ
-
тың демократиялық
партиясы (1828 ж. құрылған), Канаданың прогрессивтік
-
консервативтік
партиясы (1854 ж. құрылған), АҚШ
-
тың республикалық партиясы (1854 ж.
құрылған), Ұлыбританияның консервативтік партиясы (1867 ж. құрылған),
Германияның социал
-
демократиялық партиясы (1869 ж. құрылған) және тағы
да басқа партиялар.
Алғашқы кезеңдерде әрбір саяси партия үлкен әлеуметтік топтардың,
көбіне таптардың жетекшісі болды. Мысалы, жұмысшылар партиясы, шаруалар
партиясы, буржуазия партиясы, христиандар партиясы т.с.с. Ал ХХ ғасырдың
ортасынан бастап жағдай басқаша өзгерді. Енді партияның мүшелігіне әртүрлі
әлеуметтік топтар мен таптардың өкілдері кіре алады. Бұл саяси құбылыс
демократияның дамуымен байланысты шықты. Себебі биліктің сапасын
қамтамасыз ету ол тек ғана бір топтың, әлеуметті таптың мүддесі емес, ол бүкіл
халықтың мүддесі. Ал қандай да болмасын қоғамдағы әлеуметтік мәселе
барлық жағдайда мемлекеттік билік арқылы шешілетіні белгілі.
Әйтсе де, әрбір саяси партияның өзіне ғана тән міндеті мен өз қызметіне
байланысты ерекшелігі болады. Олар сан алуан, оларды жүйелеу оңай емес,
себебі бұл ерекшеліктер көбіне тарихи жағдайға байланысты қалыптасқан.
Партия саяси құрылым ретінде Еуропалық елдерде пайда болғаны белгілі.
Сондықтан да партияның табиғатын, қоғам өміріндегі маңызы мен мәнін,
қызметін анықтауға осы елдердің ғалымдары көбірек көңіл бөлді. Бұл ретте,
әсіресе, француз ғалымы М.Дюверженің “Саяси партиялар” деген еңбегінде
партия ұйымдарының түрлері, құрылымы, типтері, партия басшылығының
тәсілдері, партия мен мемлекеттік қарым
-
қатынасы кең көлемде зерттелген.
Француз саясаттанушылары Ф.Борелл, Ж.Бюрдо, Ж.Шарло еңбектерінде
де партияның қазіргі кезеңдегі ролі нақты көрсетілген. Саяси партиялардың
мемлекеттегі алатын орнына қарай жүйелеген немістің мемлекет жөніндегі
ілімді дамытушы ғалымы Г.Еллинек болды. Бұл мәселелермен бірқатар Ресей
ғалымдары да айналысты. Мысалы, М.Острогорский “Демократия және саяси
партияларды құру” деген еңбегінде Еуропа елдеріндегі партиялардың құрылуы
мен дамуы туралы мәселелерді зерттей келіп, АҚШ пен Англияда партиялар
сайлау өткізу және сол сайлаулардың негізінде пайда табу үшін құрылған ұйым
екенін айтады. Әрине, саяси партиялардың қызметтері әртүрлі болғанымен де,
оларға жалпы ортақ белгілерді талдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: