2-китап indd



Pdf көрінісі
бет11/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Осы тұста сөзіңізді бөлейін, «Қазақ тілі» қоғамының II 
құрылтайының қарсаңында-ау деймін, «Қазақ тілінің қанша мүшесі 
бар?» – деген тақырыпта дабыл қаққан мақала шықты. Онда 
республикалық қоғамның басқармасындағылар «Қазақ тілі» қоғамының 
қанша мүшесі бар екендігін анық білмейді, тек қана «миллионнан 
астам мүшеміз бар» деп мөлшерлеп соғады дегендей сөздер айтылған. 
Мақала тілшісі құрғақ сөзбен құрық сілтемей, әр облыстағы «Қазақ 
тілі» қоғамдарымен сөйлескенде өзі естіген нақты деректерге сүйенген 
екен. Біз сонда осы мақала авторының айтқанына илана отырып, 
«сонда республикалық «Қазақ тілі» қоғамы ең басты табыс көзі болып 
саналатын мүшелік жарнасын уақытылы түгел жинап алып отыру 
үшін өз мүшелерінің нақты санын білуі керек қой. Бұлары қандай?» деп 
таң қалғанбыз. Әрине, тереңірек ойлаған адамға бұл істің тым шалағай 
жүргізілуі жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамның бастауыш 
ұйымдарынан басталатын баспалдақтардың тайғанақтығынан болса 
керек. Әйтпесе, әрбір бастауыш ұйымда қанша мүше бар екені ап-анық 
болып тұрса, тұтас санға нақты жету сонша қиын емес секілді.
– Жасыратын несі бар, республикалық «Қазақ тілі» қоғамы кейіннен 
халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы болып кеңейтілгенімен кейін де қаржы 
жағынан қанағат тауып көрген жоқ. Жер-жердегі «Қазақ тілі» ұйымдары 
кедейшіліктен кембағалдыққа дейін жетті десек болар. Сараңның 
садақасындай аннан-мұннан түскен демеушілердің берген қаржысы 


21
қай тесікке жамау болады дейсің. Обалдары нешік, елі ішіндегі жалау 
жүрек, жалаң төс азаматтар ұлт тілі, мемлекеттік тіл үшін жандары 
қалмай-ақ күресіп келеді. Бірақ олардың аттанға айғай қосқанынан селт 
еткен ештеңе көрінбейді. Бәрі қаржыға, тек қана қаржыға келіп тіреледі 
де тұрады. Әлгі өзің айтып отырған мүшелік жарна дегеннен шығады, 
осы мәселенің әу бастан-ақ басы ашылмай қойғаны жасырын емес. 
Бізге келіп түскен, газет беттерінде жарияланып жатқан хаттар мен 
мақалалардың көбінде-ақ осы жағдай сөз болған, әлі де болып жатыр. 
Осындай «сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған» аш құрсақ 
заманда «Қазақ тілі» қоғамының мүшесісің, жарна төле» деп, кімнің 
соңынан жүгіргендей болып отырамыз. Біз басында, теңгенің құны бар 
кезде, жарғы бойынша мүшелік жарнаны 20 тиын деп белгілеп едік, 
инфляцияның иіріміне түскен уақытта мұнымыздың өзі түк те болмай 
қалды. Оның үстіне қоғамның барлық мүшелері дерлік ауылды жерде 
болғандықтан, айлық жалақыларын уақытында алмайтын болғандықтан 
мүшелік жарналарын қалай төлесін. Міне, «Қазақ тілі» қоғамының 
қожырай бастауына негізгі себептің өзі осында тұр. Ел-жұрттың есі 
кетіп, сесі қайтқан заман деген осы болар. Қай қоғамда, қай заманда 
болсын адамдардың санасы асқазанымен өлшеніп келген. Аш халыққа 
ақыл айтып, пайымды парасат үйретем деу де бір әурешілік іспетті.
– 
 Бірақ осы бір тұста тағы да бір тереңірек тоқтала кететін 
мәселе бар сияқты. Әрине, жоқшылық пен тапшылық мынадай қиын 
заманда елге үлкен ауыртпалық түсіріп тұрғаны ақиқат. Осы өзіміз 
мәселе етіп көтеріп отырған тіл төңірегінде әңгіме қозғай қалсаңыз: 
«қазақ тілін мемлекеттік тіл деп марапаттап қайтесің, орыс тілі 
тұрғанда»... деушілер де кездеседі. Шындығында, өзіңіз айтыңызшы, 
осы қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қай жерде қандай дәрежеде 
қолданыс тауып жатыр?
«Мемлекеттік» мәртебе алды деген атағы ғана болмаса, қазағы 
қалың, қаладан аулақ жерлерден басқа қайда, қай уақытта өзінің 
барлығын, тірлігін көрсетті. Мен білсем, бұған әлгі бір қаржының 
жоқтығы ғана себеп-салдар болып отырған жоқ. Мемлекеттік тіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет