Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет132/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Сүлеймен Бақырғани 
(1104-1186 ж.). ¥лы Қожа Ахмет Ясауидің ізбасары, 
шэкірті, сопылық ілімді одан эрі дамытушы Сүлеймен Бақырғани XII ғасырдың 
орта кездерінде гүмыр кепггі. Сыр бойын мекендеген түркі тайпаларының тілінде 
қара сөзбен жазылған «Хакім ата» (яки «Бақырған»), «Ақыр заман» атты еңбек- 
терінің авторы Сүлеймен Бақырғани Түркістан жерінде өте танымал адамдардың 
бірі болды. Оның бір ерекшелігі өз дэуірінде жазба әдебиет саласында көрінген, 
өз хикаяларын прозамен жазып көрсете білген үлкен дарын иелерінің бірі еді.
Сүлеймен Бақырғанидың «Хакім ата» кітабы 1846-1870 жылдары Қазан 
қаласында 8 рет басылып шыққан. Ал «Ақыр заман» кітабын 1897 жылы 
С.Е. Малов Қазанда басып шығарған60.
С. Бақырғанидың өмірі мен қызметі жайлы бізде толық құнды ешбір дерек 
жоқ. Көп ғылыми шығармалары бізге белгісіз. Кейбір мэліметтерге қарағанда, ол 
Сыр бойындағы түркі тайпаларының арасында туып өскен, кіндік қаны тамған 
жері - Түркістан. Жастық шағында Сүлеймен көп ізденіп, шығыс халықтарының 
тұрмысы мен тыныс-тіршілігі, тарихы жэне мәдениетімен жан-жақты танысады. 
Орта Азия, араб елдерінде оқып, діни сауатын ашады.
“ Известия общ ества археологии и этнографии. - Казань, 1897.- T . X IV .-В ы п . 1.


152
III тарау. Ортағасырлың философия
Сүлеймен Бақырғанидың «Хакім атасы» Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» 
сияқты халыққа өте түсінікті, ұғымды тілмен жазылған. Бұл кітап XII ғасырдағы 
оғыз-қыпшақ тайпаларының жазба әдебиеті үлгісін көрсететін аса құнды 
шығармалардың қатарына жатады. Кітапта дін, сопылық идеялары өте басым. 
Сондай-ақ шығыстық прозалық эдебиет әсері де байқалады. Қожа Ахмет Яса- 
уи мен Сүлеймен Бақырғани шығармаларының мазмұны өте үқсас, онда сол 
кездегі сопылық өкілдеріне тэн ой еркіндігі, халыққа ұғымды тілі жэне өзіндік 
ой ерекшеліктері де бар. Сүлеймен Бақырғани көбіне өмірге сенген ислам дінінің 
үндеушісі эулие ретінде көрінеді.
Сүлеймен Бақырғанидың сопылық ағымына жақын жері - оның шығар- 
маларындағы шарап туралы айтылған жайттары. Біздерге белгілі нәрсе сопылық 
ұғымында шарап ішу Қүдайға ғашық болудың белгісі. Сопылар Құдайды ғибадат 
(шариғат) жолымен емес, жүрекпен, шарап арқылы таниды. Бұл - тарихаттың 
жолы:
Кімде-кім көпшілік қамын жесе,
Мэңгілік шэрбат сусын солар ішер, -
деп жырлайды Сүлеймен. Шығарманың тағы бір құңдылығы мұнда ислам дініне 
үңцеумен қатар, ислам дүниесінде кездесетін кейбір кайшылықтарды да бүкпесіз 
суреттейді. Сондай-ақ шығыстың үлгілеріне тэн суретгемелер жаза білді. Өз 
ұстазы Ахмет Ясауиді пір түтып, бьшай деп өлең жолдарын келтіреді:
Шариғатты сөйлеген,
Хақиқатты іздеген.
Шындық үшін сайысқан,
Бабалар басы - Арыстан бап,
Шайхым Ахмет Ясауи61.
Ұстазы Ясауиді бабалардың бабасына теңеуінен Сүлеймен Бақырғанидың өз 
ұстазьша деген шынайы ілтипатын, үлкен қүрметін аңғарамыз. Ясауи де өзінің ең 
жақын шэкірті, мұрагерлерінің бірі деп Сүлеймен Бақырғаниды есептесе керек.
Шығармада эйел теңсіздігі, эйелдердің азаттық арманы туралы да сөз бола- 
ды. Мысалы, бір күні Сүлеймен суға түсіп отырса, оған Ғанибірдің көзі түседі. 
«Ғанибірдің Хакім атаға көзі түсті, көңіліне қапалық ұялады. Бірақ ол ішінен: 
«Мен Бұраханның ақ сүлу қызы едім, Қүдай тағала мені мұндай қара тәнді кісіге 
нәсіп қылды», - деп ойлайды. Сырттай қарағанда сұлу қыздың Сүлейменге көзі 
түсіп, тағдырға мойынсынғанымен, іштей оның оған тең емес екендігін және 
күйінісін, толғанысын білдіре отырып, сол кездегі ислам дүниесінің кейбір 
қайшылық жақтарына да өзінің келіспеушілігін білдіргісі келеді.
Шығармада эстетикалық-философиялық, адамгершілік, имандылық, адам- 
дар арасындағы қарым-қатынастар жайлы қүнды пікірлер айтылады. Мәселен, 
не себептен оның Бақырғани атанғаны жөнінде қызық аңыз да бар. Бірде Қожа 
Ахмет Ясауи шэкірті Сүлейменнің ақылдылығын біліп, оған сопылық жасауға 
рұқсат беріп, түйеге мінгізіп, түстікке қарай жібереді. «Түйе қай жерге шөксе,
61 Бақырғани С. - Қазан, 1902 (кіріспе бөлімі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет