Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет193/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Тақырып бойынша сурақтар:
1. Неопозитивизм мэні, кезеңдері жэне окілдері туралы не айта аламыз?
2. Иррационализм философиялық бағытының өкілдері кімдер?
3. Экзистенциализм дегеніміз не жэне оның басты қағидалары қандай?
4. Неотомизм ілімінің бастау түсінігі жэне өкілдері?
5. Структурализм философиялық ағымының мэні неде жэне өкілдері кімдер?
6. К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд еңбектері сыни рационализмді қалыптастыруда 
қандай рөл атқарды?
7. Герменевтиканың қалыптасу тарихы қалайша жүзеге асты?
Шыгыс философиясы
Философия тарихы пэндерінде қалыптасқан дәстүр бойынша, Шыгыс фи­
лософиясы ежелгі замандағы түрінде жазылып келді. Ортагасырлық кезеңі Шы­
гыс ойшылдарының шығармашылығында кең көлемде қамтьшмаған. Ал қазіргі 
замандағы Шыгыс философиясы өркениеттің бесігінде, бастауында тұрған ел- 
дерде жан-жақты дамыса да, еуроцентристік қағида жақтастарының жетегін-


2 2 2
VII тарау. Х ІХ -Х Х ғасырдағы философия
де жүрген авторлар назарынан тыс қалып келеді. XX ғасырдағы Шығыс фило- 
софиясы деп қытай, үнді, жапон, мұсылман елдері философиялық ой жүйелерін 
айтуға болады. Бұл аталған жайлардан басқа да философиялық ойлау мектеп- 
тері жоқ емес (мысалы, африкалық және т.б.). Осы көрсетілген философиялық 
бағыттардың ерекшеліктерін, ғасырымыздағы жетістіктерін олардың жүріп өткен 
тарихи кезендерімен салыстыра отырып баяндауды мақсат тұтып, тек көрнекті 
философтардың шығармашылығына тоқтауды жөн көрдік.
Қ ы тай философиясы. XX ғасырдағы қытай философы ХуШи (1891-1962 ж.) 
көптеген ірі еңбектердің авторы. 1926 жылы Шанхайда оның төрт томдық жинағы 
жарық көрген. 1917 жылы ол Колумбия университетіңце 26 жасында «Ежелгі 
Қытайда логикалық әдістің дамуы» атты докторлық диссертация қорғайды. Бұдан 
басқа да философиялық еңбектері мол, соның ішінде 1992 жылы Қытайда жарық 
көрген «Қытай философиясының тарихы» деген көлемді жұмысын атауға болады.
Ху Шидің аталған докторлық диссертациясы оның көзқарасының дамуында 
негізгі орын алады. Бұл еңбек торг бөлімнен гұрады, соның кіріспесінде Ху Ши 
қытай философиясының даму кезеңдеріне методологиялық шолу жасаған жэне 
оның ерекшеліктеріне тоқталған.
Ең алдымен, ол зерттеулерінде материалдарды дұрыс таңдап алу мәселе- 
сін жеке-дара қарастырған. Сондықтан ол Конфуцийдің бес кітабының ішінен 
«Поэзия кітабын» ғана толық пайдаланған. Одан басқа Чжуан-цзы мен Сюнь- 
цзы еңбектерінің тек кейбір тарауларына тоқтайды. Екінші мәселе - бұл мэтінді 
сынау жэне оны бағалау. Мәтіндер авторлардың өздерінің болуы қажет жэне олар 
«ең жоғарғы критизмге» жауап бере алатындай жағдайға сәйкестенгені дүрыс. 
Мысалы, Конфуцийдің еңбектері, жазылу уақыты жэне оның өмір сүру кезеңі өте 
дэл анықталуы керек.
Ху Ши Конфуцийдің «Өзгерістер кітабын» логикалық еңбек деп бағалайды. 
Философияның өз эдісіне тәуелді болатынын, Батые пен Шығыс философиясына 
тэн құбылыс екені олардың тарихи дамуынан көрінетіндігін Ху Ши атап көрсе- 
теді. Соңғы 900 жылда қытай философиясы тарихынан логикалық әдістің фило­
софия дамуына тигізген терең де жан-жақты әсерлерін ол таппайды. Ал қазіргі 
Қытайда философия мен ғылымның дамуы оларға сэйкес келетін логикалық әдіс- 
тің жоқтығынан зардап шегуде дейді.
Сун жэне Син замандарындағы жаңа мектептер кезінде ғайып болған кон- 
фуцийшілікке жаңа түр беруде жэне оларға тэн емес екі логикалық (дедуктив- 
ті жэне индуктивті) әдістерді пайдаланып, қайтадан тірілте бастағанын айтады 
ХуШи.
Қытай философиясының болашағын ол конфуцийлік идеалдардың моралистік 
жэне рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Оның пі- 
кірінше, бұл жолда біздің жыл санауымыздағы үшінші, төртінші жэне бесінші 
неоконфуцийлік мектептерінің қайта өрлеуі үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге 
Батыстың ғылым мен логикалық әдістерінің жетістіктерін кең пайдалану қажет.
Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезеңін философия әдісін анықтау 
үшін зерттейді. Ху Ши эуел бастан-ақ Қытай философиясында логика дамып, ал 
мораль теориясы, саясат, білім мэселелері логика теориясы мен эдісін айқындау 
жолында көмекші рөл атқарғанын пайымдайды. Осы жолда Қытай екі кезеңнен


Ц ІЫ Ғ Ы С


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет