Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 II тарау. Антикальп$ философия



Pdf көрінісі
бет34/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

3 8
II тарау. Антикальп$ философия
Игілік (қайырымдылық) дегеніміз - жанның реттілігі мен гармониясы. Платон- 
ның түсінігінше: данышпандық, естелік жэне әдеттілік. Бұл игіліктер адамдардың 
бэріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеумет- 
тік топтарды үш топқа белуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрі дарыған фи- 
лософтар, сондықтан олар мемлекетті басқарулары керек; данышпандықтан 
басқа қалған үш игілік дарыған әскербасылар, т.б. Ал игіліктің соңғы екеуі ғана 
дарығандар қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы аталған элсуметтік 
топтардың эрқайсысы мемлекетке пайдалы жэне өте қажет. Сондықтан мемлекет 
өз тарапынан азаматтарын игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай 
жасауы керек. Идеалды мемлекетте жоғарыда аталған үш әлеуметтік топ бір-бі- 
рімен жарасып, әрқайсысы өз ісімсн айналысады да, мемлекетге қайырымдылық 
(игілік) орнайды. Өзінің идеалды мемлекет идеясын жүзеге асыруға (Дионасияда, 
яғни қазіргі Сицилияда) тырысқан Платонның іс-әрекеті сэтсіз болды.
Платон - мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көпте- 
ген ой-пікірлері кейінгі ұрпақ философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні бүгінге 
дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
Ежелгі Грекия философиясының биік пгындарының бірі ұлы ғұлама 
Аристо­
тель 
(б.д.д. 384-322 ж.) болды. Ол - өз алдына басқа ғылымдардың мәселелерін 
философия түрғысынан қараған алғашқы ойшыл. Франция жағалауындағы Сти- 
гир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дэріс алған, ал 41 жасында 
¥ л ы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда Ликей неме- 
се перипатетиктер (қыдырып жүріп сұхбаттасу) мектебі деп аталатын оқу орнын 
ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында атсалысып, көпте- 
ген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (І-ІІ томдар), «То­
пика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», 
«Поэтика», т.б.
Аристотель білімнің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияның 
бар екендігін айтады. «Екінші философия» - физиканың пэні материя мен үздіксіз 
қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, «Бірінші философия»
- метафизиканың қарастыратын мәселелері: табиғи құбылыстардан тыс жатқан, 
өзгермейтін, мэңгі, қозғалмайтын мэнділік. Оны танып-білу табиғатты танып-бі- 
луден құндырақ, сондықтан философия физиканың алдында түрады да, «Бірінші 
философия» деп аталынады.
«Бірінші философия», бір жақты қарасақ, дүниенің алғашқы бастамасы
- Қүдайға байланысты мэселелерді қарастыратын болғандықтан, теоло­
гия деп аталуы керек сияқгы. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардың 61- 
pi болғандықтан жэне философия мәнділіктердің алғашқы бастамаларын ғана 
қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда 
ауқымдырақ жэне тереңірек.
Өзінің ілімін Аристотель мэнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды 
да, оны сол болмыстың өзіне тэн категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. 
Осы түрғыдан мэн категориясы - мэнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дсйінгі ой- 
шылдарға ұқсап мэнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ре- 
тінде де қарастырмайды, оны өзіне тэн эртүрлі көріністеріне байланысты тануға 
болады дейді. Мэннің көріністері: 1) түпнегіз, субстракт; 2) болмыстың мэні;


г


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет