НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дін басшылары мен саяси қайраткерлердің диалогы



Pdf көрінісі
бет230/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дін басшылары мен саяси қайраткерлердің диалогы 
Өткен ғасырдағы көптеген саясаткерлердің ойынша, діни фактор уақыт 
өте келе біржолата жойылуы тиіс болатын. Алайда іс жүзінде ХХІ ғасыр ба-
сында біз мүлде басқа картинаны көрдік. Әлеуметтік қолданыстан шығып 
қалудың орнына, дін мен оның институттары күшіне еніп, өзінің қоғамдағы 
ықпалын күшейте түсті, саяси-әлеуметтік жүйелерге өз тәртібін орнатуға 
тырысты. Мамандар бұл құбылысқа арнайы термин де ойлап тапты, ол де-
секуляризация деп аталды. Дін жоғалмады. Ол бар болғаны саясат сфера-
сынан жеке өмір сферасына ауысты. Бұл ретте, ол діни қызмет пен діни та-
нымды қоғамның дәстүрлі сегментіне – дәстүрлі өмір салтын ұстанған қарт 
адамдарға жақындастырудың өзіндік әлеуметтік желілерін жасады. Сөйтіп, 
біраз уақыттан соң Феникс құсындай жастар арасында жаппай қайта тіріл-
ді. Ең қызығы – діннің саясатта өріс ала бастауы. Бұл тек тар шеңбердегі 
отбасылық саясатта ғана емес, жаһандық деңгейдегі дәрежеге жетіп отыр.
Беделді деген сараптамалық орталықтардың болжамдарына сенсек, 
ХХІ ғасырдағы діннің бүкіл адамзат өміріндегі, әлемдік саясаттағы рөлі арта 
түспек. Олардың ойынша, таяу онжылдықтарда барлық аса маңызды діни 
қауымдастықтардағы діни ұлтшылдық пен радикализмнің өсуі әлемге зор 
қауіп төндіруі мүмкін.
2003 жылдан бастап Астана қаласында ұдайы өткізіліп келе жатқан 
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездері – Қазақстанның 
жаһандық гуманитарлық диалогқа қосқан маңызды үлесі. 2011 жылдың 


426
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
қыркүйек айында БҰҰ төрінде сөйлеген сөзімде бұл форумдарды Біріккен 
Ұлттар Ұйымының аясында өткізуді ұсындым. Мен біздің заманымыздың 
көрнекті рухани қайраткерлерімен әлденеше рет сөйлестім. Олар бір 
ауыздан: «Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар, христиандар, католиктер, 
протестанттар, буддалықтар, иудалықтар тату-тәтті тұратын бірден-бір 
ел. Бұл – олардың бірге бас қосып, өз мәселелерін талқылайтын жалғыз 
орын», – дейді.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезі 2012 жылы 30–
31 мамырда Астана қаласында өтті. Съезге әлемнің 40 елінен 85 делегация 
қатысты. Форумның басты тақырыбы – «Бейбітшілік пен келісім – адамзат-
тың таңдауы». Съезд жүріп жатқан кезде өзге де гуманитарлық форумдар 
мен ынтымақтастыққа бағытталған Дін көшбасшыларының кеңесі жұмы-
сын бастады. IV съездің қорытындысы бойынша жарияланған Үндеуде дін 
көшбасшылары бүкіл адамзатты болашақ өмір үшін өзара бірлікке, татулық 
пен бейбітшілікті сақтауға, әділдік пен жасампаздыққа шақырды. 
Съезге қатысушылардың бірі – Израильдің Бас Сефард Раввині Шломо 
Қазақстанның конфессияаралық татулық пен толеранттылықты қамтамасыз 
етудегі күш-жігеріне жоғары баға берді. Оның сөзінше, бұл – бүкіл адамзат 
үшін жарқын үлгі. «Қазақстан Президенті, – деді Шломо Амар, – жаңа БҰҰ-
ны құрды, ол тек халықтарды ғана біріктіріп қоймай, діндер мен мәдениет-
терді де тоғыстырды». 
2015 жылғы 10–11 маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбас-
шыларының V съезі бұрын-соңды болмаған құрамда болды. Астанада 
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла II, Финлян-
дия президенті Саули Нийнисте, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньер, 
ИЫҰ Бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани және өзге де саясаткерлер, 
дін және қоғам қайраткерлері жиналды. Съезде барлығы 42 елден 80-ге 
жуық делегация келді.
2010-шы жылдардың ортасына қарай күшейе түскен жаһандық шие-
леніс пен әлемнің түрлі ошақтарында өршіген этностық және діни негіздегі 
жанжалдар жағдайында осы Форумның өткізілуі ерекше мәнге ие болды. 
«Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің диа-
логы» съездің негізгі тақырыбына айналды. 
Менің ойымша, дін көшбасшыларының ұсыныстары діни сенім тұрғы-
сында адасып жүрген жандарға көмегін тигізуі мүмкін. Дінге шын беріл-
гендерге жеккөрушілік, сабырсыздық, қаталдық пен жақындарына деген 
әділетсіз қарым-қатынастың жат екендігі туралы ұжымдық ортақ ойлар – 
бүгінгі таңда кез келген дау-жанжал мен күш қолдануды тежеудің шешуші 
факторы болып табылады. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
427
Съезд декларациясы әскери қақтығыстарды тоқтату, саяси қайшылықтар-
ды күшпен шешуден бас тарту, державалар арасындағы сенімсіздікті жою, 
конфессияаралық алауыздық отын тұтатуға бұқаралық ақпарат құралдарын 
пайдалануға жол бермеу мәселелерінде, сол сияқты аштық, жұқпалы індет, 
жұмыссыздықпен күресте діни және саяси қайраткерлерді күш біріктіруге 
шақырды.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездері діни тұлғалар 
мен саясаткерлердің өзара диалогы форматында өтіп жатыр. Біз, осылай-
ша, рухани күш-жігер таныту арқылы әділетті үстем етуге ұмтыламыз. 


428
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет