НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан спортының жаңа жеңістері



Pdf көрінісі
бет83/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан спортының жаңа жеңістері
Қазақстандық спорт шеберлері 1990-шы жылдардың екінші жарты-
сында әлемнің үлкен спорт ареналарында жиі-жиі өнер көрсете бастады. 
1996 жылдың ақпанында біздің спортшылар алғаш рет Харбиндегі III қысқы 
Азия ойындарына қатысып, бірден үздік нәтиже көрсетті – тек Қытайды 
ғана алға салып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Қа-
зақстандықтар 14 алтын, 9 күміс және 8 қола медальды ұтып алды.
Сол 1996 жылы ұлттық олимпиадалық командасы алғаш рет Атлантадағы 
ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 199 ел қатысқан спорт до-
дасында жалпыкомандалық есепте 22-ші орынды жеңіп алды. Бұл – спорт 
әлемінде енді ғана таныла бастаған ел үшін үлкен табыс болатын. Василий 
Жиров Олимпиада алтынын алып қана қоймай, отандық бокс тарихын-
да тұңғыш рет техникалық шеберлігі ең жоғары боксшыға берілетін Вэл 
Баркер кубогын жеңіп алды. Балуан Юрий Мельниченко мен бессайысшы 
Александр Парыгин да Атлантадағы жеңістерін тойлап жатты. Нысана көз-
деу жарысында Сергей Беляев көзге түсті: ол екі күміс медаль жеңіп алды. 
Бір-бір күміс медальды боксшы Болат Жұмаділов пен ауыр атлет Анатолий 
Храпатый иеленіп қайтты. Қола медальды боксшылар Ермахан Ибраимов 
пен Болат Ниязымбетов, балуан Мәулен Мамыров пен мерген Владимир 
Вохмянин қанжығаларына байлады. 
1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен Қысқы Олимпиа-
да ойындары Қазақстан командасына екі қола медаль әкелді. Олар-
ды конькийші Людмила Прокашева мен шаңғышы Владимир Смирнов 
жеңіп алды. 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
165
1998 жылы Бангкокта өткен 41 ел қатысқан XIII жазғы Азия ойындарында 
Қазақстан жалпы есепте 5-орын алып, 78 медальды жеңіп алды (24 алтын, 
дәл сонша күміс және 30 қола). Бір жылдан кейін Кангвондағы ІV қысқы 
Азия ойындарында біз жалпы есепте Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі 
үшінші орынға қол жеткізіп, түрлі спорт түрлерінен 10 алтын, 8 күміс және 
7 қола медальды иелендік. 
Жас мемлекеттің спорттық жеңістері қазақстандық атлеттердің шеберлі-
гін ғана танытып қойған жоқ, сондай-ақ елімізде спортты дамытуға да көп 
көңіл бөлінетінін көрсетті. 


166
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет