мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн
бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа
халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды, білім
берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары
да айтылған.
1917 жылғы 5
-
13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ
съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ
-
қырғыз
автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар
бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып
Дулатұлы баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің
аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті
түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе
бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге
арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия
орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа
да жұмыстар жүктелді.
06
Бірақ бұл съезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай
съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу
-
ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі
(«Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына
лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу
-
ағарту
саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу
Достарыңызбен бөлісу: |