Жалғыз-ақ қорқыныш (өлім) біреуіне түс болып кірсе, екіншісіне (ханға) атақтьі
жыршының қобыз үнімен, жүйелі сөзбен жұмбақтап айтқан түрде кездеседі. Де-
генмен Қорқыттың Тэңіріні мойындағанын мына нақыл сөздерінен байқауға
болады: «Тэңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуын-
сыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен
жаның кетсе, ол қайтып келмейді».
Қорқыт ата шығармалары уақыт өте келе өзгеріске түсіп, ежелгі шамандық
миф басқа жанрға ауысып, ескі идеяны жаңа тұрғыда, оған адам мен ажалдың,
өмір мен өлімнің күресі деген терең философиялық мэн бере баяндайтьш көркем
туынды болып шыққан.
¥лы жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы
әпсананың философиялық мазмұны өте терең. Ажалды тоқтату мүмкін еместі-
гін мойьшдағысы келмеген Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына ке-
теді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады;
содан қорқып, қарағайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетінде бірінші болып
күй тартады. Сөйтіп, өлмеудің амалын өнерден табады»32, - деп жазды.
Міне, көріп отырсыздар, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі - енді өлім-
нен қашқан жан емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай
бір құдіретгі күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан рухани алып тұлға.
«Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды. Сарыарқа андары
да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп, Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария
ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып
кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып түрып алып, Қорқытқа өлім
келтірмейтін арал болыпты»33, - делінеді аңызда. Күй тартып отырған Қорқытқа
ешқандай ажал жақындай алмайды, ажал күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезі-
неді. Қорқыттың әлсіреген шағын күтеді.
«Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кете-
ді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ жылан күйінде жорғалап
кілемге келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі»,34 - дейді халық сөзі. Со-
ның өзінде де ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлім-
ге деген көзқарасын, «өлім айтып келмейді» деген философиялық түжырымның
негізін көреміз. Аңыздың аяқталуы, жалпы мазмүны қайғылы болғанмен, оның
идеясы, рухы жарқын эрі оптимистік. «Қорқыт өлгенмен, жеңілген жоқ», - дейді
аңыз. Өйткені ол, біріншіден, ашық күресте мұқалған жоқ, екіншіден, оның күйі
әлемге тарап, өлмес қасиетке ие болды. Демек, халық өзінің аңыздары арқылы
«Дүниеде өлмейтін нәрсе - адам еңбегі, оның өмірі» деген философиялық ойды
түжырымдайды35.
«Қазақ фольклорының қайсыбір туындыларын алмаңыз, адамның елі, же-
pi үшін күресіп, оның талантын, қабілетін, ерлігін, көркемдігін, әділеттілігін,
адалдығын негізгі өзек етіп ала отырып, жеке басының мүддесі үшін емес, ел
мүддесі үшін жасалған үлкен іс қана адам өмірін ұзартады деген ой айтып, фи-
Достарыңызбен бөлісу: