Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет122/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

140
III тарау. Ортағасырльщ философия
Сопылықтың тану теориясында негізгі орьшды шындықты мистикальіқ 
меңгеру алады. Қүдай - Ақиқат зерде өрісінен биік, өйткені ол мэңгі, ал өткінщі 
дүниенің ауқымы мәңгілікке жетпейді. Сопы ойшылдары рационалды білімнің 
құнын жоққа шығармады, бірақ оның мүмкіндіктерінің шектеулігін атап көрсетті. 
Сопьшар үшін таным пэні дін ауқымымен шектеледі. Олар үшін бастысы - Қуцай 
жэне адам дегеніміз не? Құдайды түсіну мүмкін бе? Адам өмірінде қандай мінез- 
құлықты басшылыққа алуы керск?
Бұл жерде сопылар діни сана үшін түбірлі шешуге тиісті мэселелерді Алла 
ілімі дәстүрлерінің догмаларына қарсы, өз бетінше шешуге ұмтылды. Хадис- 
шілдер мұсылмандарды дін жолына Құран жэне суннаның эрбір эрпіне сай 
уағыздады. Ал сопылар болса, пайғамбар сөздерінен олардың жеке бастарының 
көзқарастары мен ой шабыттарына неғұрлым үндес жасырын мэн іздеді. Соны- 
мен, теологтардың білімі Құдай заңдарын білу болды да, ал сопылар Құдайдың 
өзінің мәнін тануға ұмтылды.
Рационалды білім мистикалық тәжірибемен келетін ақиқатты тікелей түйсі- 
нумен салыстырғанда мардымсыз. Бұл түйсіну, эсерлену - әрқашан жеке адамға 
тэн кұбылыс. Дегенмен мұнда мистицизмге тэн кейбір ортақ белгілер бар. Аки- 
қатты танудың туу сәтінің өзі күтпеген жерден, аяқ астынан «кез қарықтырғандай» 
болады. Сопылар бұл көз ашылуды көбінесе отпен, жалынмен сипаттайды. 
Сондықган да танымдағы басты орын интуицияға, түйсікке беріледі. Ол - жарқ 
етіп ашылған көздей туындайтьш тікелей білімнің сипаттамасы.
Бұл жердегі диалектиканьщ мэні мынада: интуиция тікелей білім ретінде 
«тарих» жолының салдары болып табылады. Ол жолда ұстаздық берген белгілі 
бір білімді игеру, аскеттік тақуалық іспен меңгерілетін өнегелі құлықтылық, 
психофизикалық жаттығулардың арнайы жүйесін меңгеру, тағы басқалар. Соны- 
мен, көз ашьшудың тікелейлігіне табан тірей тұрған мистиктер әрқашан дайьщдалу 
қажеттілігін уағыздайды. Осындай сәт жалпы ғылымға тэн. Мұнда тәжірибе, экс­
перимент, логикалық қорытынды басты мэнге ие. Ақиқатқа жету, жансарайының 
ашылуы шындығында ұзақ уақыт бойғы сансыз жұмыстың нәтижесі болып та- 
бьшады, сондықтан да ніүғыл шабыт бірнеше күн саналы жұмыс істегенде ғана 
келеді.
Интуиция сөзі латынның «үңіле зерттеу» сөзінен шыққан. Егер сопылық 
ақиқат іздеу, интуитивтік шындыққа жетуге дайындық ерекшелігін қарастырсақ, 
ол тек «өз ішіне үңілуге», «өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдауға» бағытталады. 
Ғалым сыртқы дүние объектілеріне қарайды. Философ өз көкірек көзін сыртқы 
жэне ішкі әлемге бағытгайды. Ал сопы тек өзінің ішкі дүниесіне көз салады. Бұл 
қозғалыстың өзіндік айналымын құрайды. Сопылық таным теориясында:
1) субъектіден жалпылыққа, субстанцияға;
2) адам өзін-өзі тануына Құдайды тануға;
3) содан кейін бүтіннен жекеге оралу жүреді.
Сопы ақындардың айтуынша, Құдай мейірінің белгілерін өз жүрегіңце іздеп 
көргенің дұрыс дейді. Адам өзін-өзі тану арқылы феноменальды, көрнекті, өзіндік 
мэнін жояды, оның орнына өзіндік, нақты, ақиқат Менін табады. Жер қауашағынан 
арылу қажет, қабын алып тастағаннан кейін, оның ішінде Меннің өзегі, микро­
косм жасырынған. Адам бойындағы құдайлық Менге құмарлықтар, жоққа сену,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет